Алматыдағы Mega Towers ғимаратында лифт 25 қабатқа жылдам көтеріліп, шатырға соғылды

Oinet.kz 30-06-2022

Алматыдағы Mega Towers тұрғын үй кешенінде лифт жоғары жылдампен қозғалып, үйдің төбесіне соғылған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме тастап.

Screenshot_6.jpg

Оқыс оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде жарияланды. Бұл кезде лифт ішінде ер адам болған. 

"Mega Towers тұрғын үй кешенінде лифт 25-қабатқа соғылды. Біз отбасымызбен 4-қабаттан төмен түстік. 1-қабатқа келгенде, менен басқаның бәрі шығып кетті. Есік жабылып үлгерместен жоғарыға жылдам көтерілді. Мен біреу лифт шақырып, есік сол үшін жабылмады деп ойладым. Жылдам 7-қабатқа жеткен соң жоғары қарай жылдамдығы үдей түсті. 25-қабатқа көтеріліп, ғимараттың шатырына соғылды", – делінген желідегі ақпаратта. 

Кадрлардан ер адамның саусағын жарақаттап алғанын көруге болады. 

Алматы әкімдігіне оқыс оқиғаның болғанын растады. Оқиға орнына Тұрғын үй саясаты басқармасының мамандары жіберілген. 

Алматы полициясының баспасөз қызметіндегілер аталған жайтқа қатысты Бостандық ауданы полиция басқармасында тергеу басталғанын мәлімдеді. Тексеріс нәтижесі бойынша құқықтық бағасы беріледі.

Видео: Stan.kz

Егіздер 3 қабат терезесінен құлап кетті
Атырауда екі күн бұрын жоғалған 12 жастағы қыз табылды - оқиғаның мән-жайы


Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×