Щучинскте кафедегі жарылыстан 7 адам көз жұмды

Oinet.kz 27-02-2026

26 ақпанда Ақмола облысының Щучинск қаласындағы дәмханалардың бірінде газ-ауа қоспасы жарылып, соңы алапат өртке ұласты, деп хабарлайды Оinet.kz.

image.png

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға салдарынан 7 адам қаза тауып, 26 адам түрлі жарақат алған. Қайтыс болғандардың арасында 16 жастағы жасөспірім қыз бар. Зардап шеккендердің 19-ы медициналық көмекке жүгінген: 13 адам Бурабай ауданының аудандық ауруханасына жатқызылса, 6 адам амбулаториялық бақылауға жіберілді.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, бес науқас ТЖД мен денсаулық сақтау басқармасының санитарлық авиациясы арқылы Көкшетау қаласына жеткізілген. Тағы екі адамды тасымалдау жоспарланып отыр.

Өрт сөндірушілер жанып жатқан ғимараттан 8 газ баллонын сыртқа шығарып, 10-нан астам адамды эвакуациялаған. Оқиға орнында облыстық жедел штаб құрылып, қосымша медициналық бригадалар жұмылдырылған.

Жарылыстың нақты себептері анықталып жатыр.

–40 градусқа дейін аяз: Қазақстанда күн күрт суытады
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу