Оспанхан Әубәкіров (1934-1986). Жеті шал

Oinet.kz 24-09-2020 1405

КҮЛКІГЕ ЖАРЫҒАН ЖЫЛДАР | Қазақ Әдебиеті - QazaqAdebieti

  Жабақ жетіге келгенше Сәрсенбі атасының арқасынан түспей, асқа барса – асқа, тойға барса – тойға барып, ауыл шалдарының ортасында өсті. Ақ сақал, қара сақал қариялардың бәрін бірге ойнап жүрген жолдастарындай жақсы біледі.

  Сол Жабақ биыл атасының арқасынан түсіп, мектепке барған.

  Бір күні сабаққа кеткен Жабақ шашы жалбырап, танауы желпілдеп, етегіне шалынып, жетіп келді де:

– Ата! – деді мылтықпен атқандай.

– Ау, қарағым, о не?! – деді Сәрсенбі қарт үріккен танадай тапырақтап келген немересіне таңырқай қарап.

– Біздің мұғалім сабаққа жеті шал шақыратын болды. Ішінде сіз де барсыз, – деді Жабақ бір сөзі бір сөзіне сүрініп.

  Асығып-аптығып сөйлеп кеткен немересінің сөзін атасы толық түсіне алмады.

– Балам-ау, сөзіңнің қабығын аршып, анықтап айтшы! – деді шал Жабақтың шаң-шаң маңдайынан иіскеп.

  Жабақ:

– Мұғалім ағай: «Мектепте бірінші күн дүйсенбі болады, екінші күн сейсенбі, үшінші күн сіз, Сәрсенбі болады», – деді. Сосын кезекпен Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі аталарым келетін болды. Сіз келесіз бе, ата? – деді.

  Сәрсенбі қарт қалақтай баласының арқасынан қағып, қарқылдап күлді-ай кеп.

– О, аңқау балам-ай, жөндеп түсінбегенсің ғой. Дүйсенбі дегені – Дүйсенбі шалдың аты емес, күннің аты. Сейсенбі – екінші күн. Сәрсенбі – мен емес, ол да күннің аты. Менің «Сәрсенбі» болып жүргенім – осы сәрсенбі күні туғанмын. Басқа шалдар да солай.

  Күлкісіне шашалған шал немересіне жеті күннің аттарын осылай үйретеді.

Мұқан Иманжанов (1916-1958). Кітап
Роза Әбдiқадырова. Кешірім
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу