Онлайн әлем: бала үйде, қиялы түзде
22-10-2020
ОҚО, Мақтарал ауданы, «Жаңа дала» жалпы орта мектебінің
Алгебра пәнінің мұғалімі Тумабаева Аягул Тузелхановна.
Сабақтың тақырыбы: Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың, бірмүшенің, көпмүшенің стандарт түрін, және оларға амалдар қолдану ережелерін қайталау.
Дамытушылық: Ой - өрісін дамыту, ойлау қабілетін арттыру, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу, ұқыптылыққа баулу.
Сабақтың түрі: Қайталау, бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі: Топтық, жұптық жұмыс, өз бетінше жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, тест тапсырмалары салынған слайдтар, компьютер, үлестірмелі топтамалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Өткенге шолу.
ІV. Өздік жұмыс .
V. Сергіту сәті
VI. Тест тапсырмасы
VII. Қорытынды:
VIII Бағалау.
IХ. Үйге тапсырма беру.
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, топқа бөліп (стикерде ауызша есеп шығарып, жауабына қарай топқа бөлінеді) отырғызу, назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсатын бірлесіп қою.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. №109, 116 тақтадан тексереді (ұпайларын бағалау парағына енгізіп отырады )
ІІІ. Өткенге шолу. ( бір сұрақ -1 ұпай )
1. Бірмүше дегеніміз не?
Санды және әріпті көбейткіштермен олардың дәрежелерінің көбейтіндісі бірмүше деп аталады.
2. Ұқсас мүшелер дегеніміз не?
Ортақ әріпті бөлігі бар және бір-бірінен айырмашылығы тек қана коэффицентте болатын бірмүшелер ұқсас бірмүшелер деп аталады
3. Бірмүшеге мысалдар келтіріңдер.
4. Көпмүше деп нені айтамыз?
Бірнеше бірмүшелердің алгебралық қосындысын көпмүше деп айтамыз.
5. Көпмүшені біріктіру дегеніміз не?
Көпмүшелерді қосу арқылы оның барлық мүшелерін өз таңбаларымен тізбектеп жазып, ұқсас мүшелерді біріктіру
6. Көпмүшені бірмүшеге көбейту дегеніміз не?
Көпмүшені бірмүшеге көбейту үшін, бірмүшені көпмүшенің әрбір мүшесіне көбейтіп, шыққан көбейтінділерді қосу (азайту) керек.
ІV. Өзіндік жұмыс: әр топ бір есепті тақтаға немесе постерге жазып түсіндіреді. Өрнектердің мәнін табыңдар:
} 1) 0,2а210ав +15; мұндағы а = 10, в = 1
} 2) -4х2у ( -2,5 х) + 4.65 х2 ; мұндағы х = 10, у = 0.1
} 3)0.1 х 100ху +2 х2 ; мұндағы х = 5, у = 2
Жауабтары: 1465, 2015, 550 .
V. Сергіту сәті - Интерактивті тақтада ауызша шығарылатын есептер бірінен соң бірі көрсетіліп тұрады, жауабына қарай оқушылар оң сан болса тұрады, теріс сан болса отырады немесе нөл саны болса орындарына отырады .
VI. Тест тапсырмасы
1 нұсқа
1.Ұқсас бірмүшені көрсет : 1) 9ас; 2) – 17; 3) 9ху; 4) – 17ас.
А). 1 және 3. М). 1 және 3, 2 және 4. Қ.) 1 және 4.
2.Қай өрнек көпмүше бола алмайды?
1) 3а + b; 2) 7а2 + b + 3; 3) 7а2 × b × 3.
Б) 1 және 2. А) 3. В) 2 және 3.
3.Берілген көпмүшені стандарт түрде жаз. а3 × а5 – 3а × а × а × 0,5 + 7а2
Д) . а8 – 3,5а3 + 7а2. Ж). а15 – 1,5а3 + 7а2. З). а8 – 1,5а3 + 7а2.
4.Жақшаны ашып ұқсас мүшелерін біріктір: 11 + (7а – 11).
В) 22 + 7а. А). 7а. Л). – 7а + 22.
5.Көбейтуді орында : 5(а + 1). М ) 5а + 1. Л ) 5а. Қ) 5а + 5
2 нұсқа
1. Бірмүшені стандарт түрге келтіріңіз : -6 х2 3 у3 х2 у
А) 18х4 у4 Х) -18х4 у4 Щ) -6х2 у3 Ш) 6х2 у3
2. Бірмүшедегі в дәрежесін анықта: -12а2 в3 с
С) 5–ші дәрежелі Б)3–ші дәрежелі А) 6–ші дәрежелі Д) 2–ші дәрежелі
3. Ұқсас мүшелерді біріктір: а2+2ав+в2+а2-2ав+в2
Н) 2а2+2в2 О) 4ва П) 2а2+4ав+2в2 Р) 2а2-4ав+2в2
4. Көбейтуді орында: (-7ав3) * (-9ав)
К) -63в2 У) 3а3 в4 Д) 63а2 в4 Ж) -3а2 в2
5. Көбейтуді орында : 5(а + 1). Б). 5а. В). 5а + 5. А). 5а + 1
6. Дәрежеге шығарыңыз: (4х 5 у2)2
Щ) 4х10 у4 Ю) 16х7 у4 Э) 8 х10 у2 Ғ) 16х10 у4
7. Көбейтуді орында : 3а2 (7 – а). Х.) 21а2 – 3а2. А). 21а2 — 3а3. Т). – 21а3.
8. Көбейтуді орында: х2 (9х3-3)
Н ) 9х5-3х2 Г) 9х6-3х2 Ш) 9х-3 Щ) 9х-3
(2 нұсқаның 6-8 есептерін алдыңғы 5 есепті шығарған оқушы шығарады)
Тест тексеріп , ұпайларын бағалау парағына енгізеді.
VIII Қорытыңды . Бүгінгі сабақтан не түйдіңдер?
IХ. Бағалау. Формативті бағалау. Берілген критерийге байланысты баллдар көмегімен бағалау.
Х Үйге тапсырма беру . Параграф 5-6 қайталау және С -тобынаң № 121.
Бағалау парағы.
№ Аты-жөні | Үй тапсырмасын тексеру. 1-4 ұпай
| Өткен тақырыпты қайталау. 1 сұрақ-1 ұпай | Өзіндік жұмыс 1-3 ұпай
| Тест тапсырмалары 1-5 ұпай | Қосымша тест 6-9 сұрақтар 1-3 ұпай
| Қосымша тапсырма 1- 3 ұпай | Қорытынды баға |
17-20 - ұпай «5», 14-17 ұпай «4», 8-13 ұпай «3».