Сабақ жоспары: Мәтінді есептерді шешу

Oinet.kz 04-10-2020 1410

ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ

ШЕТ АУДАНЫ

НҰРА ОРТА МЕКТЕБІ

Математика пәні мұғалімі

Тусупбекова Несипкуль Амирбекқызы

 

Күні/айы

Пәні

Сынып

Сабақ №

05.05.2015

Математика

6

185

Сабақтың    тақырыбы

Мәтінді есептерді шешу

Жалпы мақсаты

Мәтінді есептерді шешу   дағдыларын жетілдіру

Сабақтың түрі

практикалық  сабақ

Оқыту әдістері

Диалогтік оқыту

Күтілетін нәтижелер

Мәтінді есептерге   теңдеулер жүйесін дұрыс құра алады, жауабын дұрыс анықтай алады

Ресурстар

Оқулық, дәптер,   кеспелер

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Сәлемдесу, түгендеу

Сабақ барысын таныстыру

Бүгінгі сабақта   біз өзімізді әр түрлі маман иесіміз деп армандап көрейік, олар: дүкенші,   құтқарушы және жолсерік. Қандай да болсын маман иесі болу үшін не керек?   Әрине, білім керек. Сондықтан маман иесі ретінде жұмысқа кіріспес үшін   алдымен біліміміз сол маманға сай ма, жоқ па, соны тексеріп алайық.

Оқушылар кеспе қағаздар   арқылы бөлініп отырады.

Негізгі бөлім

 

 

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

 

 

5мин

Графикалық   диктант:

1.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің 2 әдісі бар/жоқ

2.7х2+3х-1꞊0 теңдеуі екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу/жоқ

3.Алмастыру екі айнымалылы сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдісі/иә

4.Қосу тәсілін қолданғанда теңдеулердің графигін салу керек/ж

5.Қосу тәсілін қолданғанда айнымалылардың біреуі жойылады/и

6.Бір айнымалыны екіншісі арқылы өрнектеу арқылы шешу алмастыру тәсілі/и

7.Графиктері параллель болса, жүйенің жалғыз шешімі болады/ж

Ж: - - + - + + -

 

Үй жұмысын   тексеру: №1552 Оқушы екі сан ойлады.

      Ж: 18, 7

 

Дүкеншілер

1-есеп: 3 қарындаш пен 5 дәптер 375 теңге, ал осындай 7 қарындаш пен 4   дәптер 530 теңге тұрады. 5 қарындаш пен 9 дәптерге қанша тұрады? Қосу   тәсілімен шешіңдер.

Ж:  3х+5у꞊375, 7х+4у꞊530;   5*50+45*9꞊655теңге

Құтқарушылар

2-есеп: 7 қайықпен 31 адам өзеннің арғы жағасына өтулері керек.   Қайықтарға  3 адам немесе 5 адам сыяды.   Осы 31адамды түгел өзеннің арғы жағына өткізу үшін неше 5 орынды, неше 3   орынды қайық қажет? Графиктік тәсілмен шығарыңдар.

Ж: х+у꞊7,   3х+5у꞊31,       5 орынды 5 қайық, 3 орынды 2 қайық.

Жолсеріктер

3-есеп: Автобустың 3 сағатта жүрген жолын пойыз 2 сағатта жүреді.   Саяхатшылар 4 сағат автобуспен және 3 сағат пойызбен жүргенде барлығы 408 км   жол жүрді. Автобустың жылдамдығын және пойыздың жылдамдығын табыңдар.   Алмастыру тәсілімен шығарыңдар.

Ж:  3х꞊2у,  4х+3у꞊408;    48км/сағ, 72км/сағ.       

 

Әр топ болған соң постерді тақтаға іліп, қалған оқушылар алдында шығару   жолын түсіндіреді. Қалған топтар дәптерлеріне жазып алады.

-            Сонымен теңдеулер   жүйесін қайда, не үшін қолдана алады екенбіз?

Оқушылар кері байланыс парағын толтырады, өзін бағалайды

   

Бағалау, рефлексиямен бөлісу.

Бекіту, қорытынды

1 мин

Бағалау, рефлексиямен бөлісу.

 

Үйге тапсырма

№1570

Үйде оқу


Рефлексия

 

 

 

 











 

 

 


Сабақ жоспары: Функция туралы ұғым
Сабақ жоспары: Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу