Сабақ жоспары: Функция туралы ұғым

Oinet.kz 04-10-2020 1041

Сабақтың тақырыбы:

 Функция туралы ұғым. Функцияның формуламен, кестемен және  графикпен берілуі.
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Функцияның берілу тәсілдерін қолданып есептер шығару дағдыларын арттыру.
2. Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа ауызбіршілікке тәрбиелеу. Математикалық тілде сөйлеуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Функция кестесінің, графигінің көмегімен есепті талдау, ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту.
Сабақтың өту әдісі: Жарыс.
Көрнекіліктер: Проектор, сызбалар, бағалау парақтары

Сабақтың барысы:

 І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Бәйге (Сұрақ жауап)
ІІІ. Көкпар (Есептер шығару)
ІҮ. Тарихи мағлұматтар (Оқушылардың қысқаша баяндамасы)
Ү. Жорға (Жедел тест)
ҮІ. Сызбамен жұмыс.
ҮІІ. Қортынды. (бағалау)

І. Амандасу. Оқушылармен амандасу,   сабаққа дайындау.
Оқушыларды сабақ барысымен таныстыру.

ІІ. Бәйге. (Ауызша шапшаң сұрақтарға жауап беру)
1. Функция дегеніміз не?
2. Тәуелсіз айнымалы дегеніміз не?
3. Тәуелді айнымалы дегеніміз не?
4. Функцияның анықталу аймағы дегеніміз не?
5. Функцияның мәндерінің аймағы дегеніміз не?
6. Функция қандай түрде беріледі?
7. Кесте қадамы дегеніміз не?
8. Функция графигі дегеніміз не?

9. Аргумент дегеніміз не ?


ІІІ. Көкпар (Есептер шығару)
1. ұяшық.

f(x)=3х+5       f(2)  мәнін тап                                                              Ж:  f(2)=11

 

2-ұяшық

Квадраттың ауданы S см2 оның қабырғасының ұзындығы х см  S= g(х);    g (х) функциясын формуламен жазыңдар                                                        Ж:  g (х)=х2           

 

3- ұяшық.           

Функция у=3х+1  формуласымен берілген. Кестеде х-тің қандай мәнінде у 13-ке тең ?

 

Х

-2

-1

0

1

2

3

4

у

-5

-2

1

4

7

10

13

           

                                                                                                          Ж: х=4

 

 

4-ұяшық

Өзен суының наурыз айындағы орташа деңгейден көтерілу биіктігінің (h) кестесі берілген:

күні

7

10

13

16

19

22

25

28

31

h(см)

30

35

40

46

55

60

64

68

70

Өзен суының деңгейі айдың 25-інде 16-сындағыға қарағанда неше сантиметрге көтерілген ?

 

                                                                                                          Ж:18 см-ге

 

5-ұяшық

Кестеде сағат есебімен берілген уақыттың мәндері минут есебімен жазылған:

 

Х(сағ)

1

У (мин)

60

30


 Кестедегі бос орынды толтырыңдар;                                                                    Ж: 15 минут

6- ұяшық
у=2х+5 функциясының мәндерінің қадамы  2-ге тең кестесін құрып, графигін салыңдар. Мұндағы -4<х<2. График бойынша аргументтің қандай мәнінде функцияның мәні 0-ге тең ?

                                                                                             Ж: х=-2,5
ІҮ. Тарихи мағлұматтар.
ХҮІІ және ХҮІІІ ғасырларда өндіріс дамып, ғылым жетістіктерге жете бастады. Осы кезеңдерде планеталардың қозғалысы зерттелді, үлкен теңіздер мен мұхиттарда жүзу ісі дамыды.
Табиғаттың үнемі өзгерісте болатындығы анықталды. Мұндай ғылым мен техниканың дамуы математика ғылымының алдына жаңа мазмұнды талаптар қойды.

Математика ғылымы табиғаттағы, техникадағы және тұрмыстағы айнымалы шамалар арасындағы тәуелділікті зерттей бастады. Осы зерттелер барысында математикаға айнымалы шамалар ұғымы енгізілді.

Математикаға айнымалы шама ұғымын алғаш енгізген француз математиктері Рене Декарт (1596 - 1650) және Пьер ферма(1601 - 1665) болатын.

Николай Иванович Лобачевский (1792 -1856) – математикалық анализге және алгебраға үлкен үлес қосқан. Жоғары дәрежелі алгебралық теңдеулерді жуықтап шешу әдісін жасады.

Ү. Жорға (Жедел тест)
1. у=3х функциясында аргументтің мәні х=2 функцияның мәніні табыңдар.
А) 1,5 В) 9 С) 6
2 Тұжырымдаманы функционалдық тәуелділік түрінде жаз. 
Аргументтің мәні 5 ке тең мәнінде, функцияның мәні 35 –ке тең
А) у=35х В) у=7х С) у=5х 
3. f(х)=3х+5 функцияның мәні 11 – ге тең аргументтің мәнін табыңдар.
А) 2 В) 23 С) 3 
4 f(х)=3х+5 функциясы үшін  f(2) мәнін табыңдар

А) 11      В)  10     С)  9
5) Квадраттың ауданы S см, оның қабырғасының ұзындығы а см. Функцияны формуламен жаз. 
А) S=4а   В) S=а2    С) S=4а2


ҮІ. Сызбамен жұмыс. Әрбір оқушыға Функция беріледі графигін салу керек.
1. у=2х+1 функциясын 2 қадаммен құрып, графигін салыңдар. Мұндағы -4≤х≤4.
2. у=2х-1 функциясын 1 қадаммен құрып, графигін салыңдар. Мұндағы -3≤х≤3.
3. у=х-2 функциясын 3 қадаммен құрып, графигін салыңдар. Мұндағы -6≤х≤6.
4. у=2х+1 функциясын 1 қадаммен құрып, графигін салыңдар. Мұндағы -3≤х≤3.
5. у=х+1 функциясын 2 қадаммен құрып, графигін салыңдар. Мұндағы -5≤х≤5.

ҮІ. Қорытынды. Ұпай санау.
Бағалау.
Үйге тапсырма.

Математика: Рационал санадарды азайту
Сабақ жоспары: Мәтінді есептерді шешу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу