Математика: Рационал санадарды азайту

Oinet.kz 04-10-2020 744

Оңтүстік Қазақстан облысы

Қазығұрт ауданы

«П.Тәжібаева атындағы жалпы орта мектеп» КММ

математика пәні мұғалімі

Орахбаева Жайна Махамбетовна

 

Пәні: математика

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Рационал санадарды азайту

Сабақтың мақсаты: Рационал азаайтудың, ережелерін әр түрлі есептерде пайдалану, тақырыпты оқушы санасына бекіту

Міндеттері: 1.Рационал сандарды азайту ережесін білу.

2.Оқушылардың алдыңғы біліміне сүйене отырып, жаңа әдіс-тәсілдерін пайдаланып, оқушылардың танымын кеңістікке шығару

3.Математиикалық тілде сауатты сөйлеу білуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі:  аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі: слайд, АКТ, саралап оқыту

Пайдаланған әдіс-тәсілдер: түсіндіру, баяндау, ойландыру, сұрақ-жауап

Сабақ өткізу формалары: топтық, жеке, жұптық, бірін-бірі тексеру, өзін-өзі тексеру, деңгейлік оқыту

Ұйымдастыру кезеңі:

І.Психологиялық дайындық

ІІ.Ой қозғау

1.Таңбалар ережесі

2.Таңбалары әр түрлі сандар қалай қосылады?

3.Теріс сандар қалай қосылады?

ІІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

Интерактивті тақтадан дұрыс жауабы бойынша әр жұп бірін-бірі тексереді.

№ 509         + 7 + ( - 0,8)                               Ж: 6,2 м

№ 516         1) 3,9а – 2,81в – 5,1а + 4,9в      Ж: -1,2а – 7,71в

                    2) 1                                                 х -3 у + 2х - 5у        Ж: 4х + 1 у    

ІV. Жаңа сабақ

  Азайту – екі қосылғыштың қосындысы мен қосылғыштардың біреуі бойынша екінші қосылғышты табу амалы

в + х = а   х – белгісіз қосылғыш

х = а – в   немесе  х = а+ (-в) қарама-қарсы сандар

      Рационал саннан екінші санды азайту үшін, азайғышқа азайтышқа қарама-қарсы санды қосу керек.

а – в = а + ( - в)

1 мысал:        - 3,6 – ( +1,5) = - 3,6 – 1,5 = - 5, 1

2 мысал:        - 9 – ( - 6) = - 9 + 6 = -  3

3. Азайту амалының ерекше жағдайлары:

а – а = 0;     0 – а = - а;   а – 0 = а

Мысалы: - 7 – ( - 7) =                              - 7 + 7 = 0

                 0 – 2,8 = - 2,8                          - 3, 1 – 0 = - 3,1

V. Жұптық жұмыс

1. – 2,3 – 7 =  - 9,3

2. – 8 – (- 9,5) = 1, 5

3. 3,85 – 5 = - 1, 15

4. – 32 – ( -42) – 3 = 7

Қосымша есеп

   Айдың басында әкеміз 67 000 тенге жалақы алды. Осы ақшаның 15 000 тенгесін коммуналдық төлемге төледі, 40 000 тенгесін банктен алынған несиесін төледі, жанұядағы үлкен ұлдың сыртқы киімін алуға 20 000 тенге қажет болды. Айдың ортасында анамыз 50 000 тенге жалақы алды. Балалардың мектептегі күнделікті тамағына 8000 тенге, жанұяның тамағына 20 000 тенге, машинаның қысқы дөңгелегіне 20 000 тенге бөлінсе, жанұяға кірген бір айлық табыс жете ма? Есептеңдер

Шешуі: 6700 – 15 000 – 40 000 – 20 000 + 50 000 – 8 000 – 20 000 – 20 000 = - 6 000

 VІ. Оқулықпен жұмыс (Деңгейлік)

Азайтуды орында

№ 520                  1) – 5,7 – ( - 1,3) = - 4, 4

                             2) – 7,5 – (- 2,1) =  - 5, 4

                             3) – 8,9 – (- 3,7) = - 5, 2

№ 529 Есепте

1)  – (+ ) = -

 

2)  – (  -  ) =

 

 532 Теңдеуді шеш

1) – 13,7 – ( - х) = - 4,9                     

    - 13,7 + х = - 4,9                                   

    х = - 4,9 + 13, 7

    х = 8,8

 

2) х + ( -0, 35) = 2,3

    х – 0,35 = 2,3

    х = 2,3 + 0,35

    х = 2, 65

Сабақты қорытындылау

1.Бүгін сабақта не өттік?

2.Нені орындай алдыңдар?

3.Нені орындай алмадыңдар?

4.Қандай қиындық болды?

VІІ.Үйге тапсырма.

1 деңгей № 521 (3)

2 деңгей № 530 (3)

3 деңгей № 540 (4)

VІІІ. Бағалау


Өзін-өзі тану. Сенім-менің серігім
Сабақ жоспары: Функция туралы ұғым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу