Балаға математика тапсырмаларын орындауға қалай көмектесуге болады?

Oinet.kz 07-10-2020 1467

Кез келген үрдістің озығы мен тозығы болады. Уақытты артқа тастаған сайын білім алу бағдарламасы өзгеруде. Мысалы, сіздің кез бен перзентіңіздің шәкірттік жолы сәйкеспейді. Өзіңіз математиканы үйрене алмаймын деген комплекспен мектеп қабырғасын артқа тастасыңыз, перзентіңізді ол комплексен азат етсеңіз болады. Қалай? Материалымызда осы сауалға жауа іздеп қарастырамыз!

image.png

Бірінші қадам. Мұғаліммен кеңесіңіз 

image.png

Жан-жақты сөйлесу сізге неден бастау керегін түсінуге мүмкіндік береді. Мұғалім салдарды көргенмен, әр оқушының себебін білуге потенциалы жете бермейі.  Балаңыздың қандай тақырыптарды игеруі  керектігін, қандай дағдылармен қиындықтар туындайтынын, оның күшті жақтары қандай екенін сұраңыз. Балаңыздың қолынан «түк келмейтінін» есісеңіз, себеп түсінікті. Мұғалім ауыстырып қарау керек. 

Екінші қадам. Жақсы оқытушы табыңыз

image.png

Сонда ғана баланың қызығушылығы оянады. Математика - таңғажайып пән. Бала үшін есеп өте қызықты немесе ішпыстырарлық ауыр пән болуы мүмкін. Мұнда көп нәрсе мұғалімнің ұтанымына байланысты. Мектеп бағдарламасындағы математика тек бас көтермей жаттауға міндеттейтін формула емес. Математиканың өзіне тән сұлулығы мен артықшылығы бар. Мұғалімнің методына баланың реакциясын оқу үлгерімі ретінде қабылдап алмаңыз. Бала мұғалімінен қорықса, немесе ішпыстырарлық деп бағаласа ешнәрсе шықпайды. 

Үшінші қадам. Логиканы дамыту

image.png

Логика-математиканың негізі. Егер сіз есепкешорқақ болсаңыз, балаңызбен логикалық ойындар ойнауға кедергі жоқ. Логикалық ойындар  миға қиын тақырыпты үйренуге көмектеседі, заңдылықтарды ескеруге, есептеуге үйрендеі.  Логикаға негізделген үстел ойыдары бар: "Руммикуб", "Таңқаларлық Логика", "Клуэдо", қарапайым дойбы мен шахмат, "Убонго" және тағы басқалар. Ойындар көңілді және олар балаға логикалық ойлауДЫ дамытуға көек береді. Балаларға математикадан қорқуды жеңуге көмектеседі.

Төртінші қадам. Математика үйірмесіне қатыстыру

image.png

Үйірмеде қарапайым бағдарламалардан парық бар. Ментальды арифметика секілді курстар арқылы бала ой еңбегімен шұғылданады. Мектептегі яки балабақшадағыдай хаос емесігін ұғынады. Мектепте бір қалыпты формула меңгеруге күшш салған бала үйірмеде өзге дағдылар қалыптастыруға үйренеді. Логикалық ойлауын дамытады, соған сай әрекет етеді. Көп жағдайда «екілік» балалар қосымша арқылы «үздік» бағалы оқушы болады. Яғни мәселе балада емес. Қоршаған ортада.

Бесінші қадам. Жаныштауды тоқтатыңыз

image.png

Іс жүзінде бұл қадам бірінші орындалуы тиіс. Сіз баланың барлық нәрселерде, соның ішінде математикада да жақсы болғанын қалайсыз. Әрі жылдам. Бірақ оның сыныбында 20-30 бала бар. Олардың ата-анасы да ұрпақтарының жақсы болуын күтеді. Дегенмен, бәрі «жақсы» бола алмайды. Шамадан тыс талаптар баланың тұрақты күйзелісте өмір сүруіне және ешқашан жеңілісін дұрыс қабылдамауға үйретеді. Баланың ойдағы межесіне жетеуін дұрыс қабылдаңыз .  Бес алу яки алмау – баламен қатынасыңыздың мөлшері емес. 

Суретер ашық дереккөзден алынды.

Қазақ елі - мәңгілік ел!
Сабаө жоспары. Өзін-өзі тану. Табиғатқа қамқорлық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу