Сабақ жоспары: Сыбайлас және вертикаль бұрыштар

Oinet.kz 04-10-2020 961

Тақырыбы 

Сыбайлас   және вертикаль бұрыштар және олардың қасиеттері.

Мақсаты

Сыбайлас және вертикалъ бұрыштар ұғымдарымен   танысып, олардың қасиеттерін біліп, оларды қолданып, есептер шығарып үйрену   дағдыларын қалыптастыру.

Күтілетін   нәтиже

Бұрыштар   туралы білімдері кеңейеді.

Сыбайлас   және вертикалъ бұрыштар ұғымымен танысады.

Олардың   қасиеттерін біліп, есеп шығаруда қолданады.

Қолданылатын   ресурстар

Флипчарт,   маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук

Ұйымдастыру   кезеңі

 

Сәлемдесу

Түгендеу

Топқа бөлу.

І топ –

ІІ топ –

ІІ топ –

 

 Сыныптағы оқушылардың келген-келмегендерін   түгелдеймін.

Топқа бөлемін.

 

 

 

Тік бұрыш, Сүйір бұрыш, Жазыңқы бұрыш, Доғал   бұрыш атты кеспе қағаздар бойынша топқа бөлінеді.

Сабақ   уақыты

Тапсырма

Мұғалімнің   іс-әрекеті

Оқушылардың   іс-әрекеті

       8 мин

  «Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақ жауап

 

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа   түсіру. Топ бойынша өткен  тақырыптар   бойынша сұрақ- жауаптарға дайындық жасау.

Мұғалім берген тапсырманы орындау. Үй тапсырмасына   берілген сұрақтарға жауап береді, шапшаңдылық    таныту, өз ойларын жеткізу.

10   мин

Постер   қорғау

Жаңа   тақырыпқа байланысты түрткі сұрақтар қоямын.

Әр топ тақырыпты ашу мақсатында постер қорғайды.

15   мин

Кітаппен   жұмыс.

Тақырыптарға   шолу

Карточкалармен   жұмыс

Топтарға жаңа тақырып бойынша   Кітаппен    жұмыс атқару үшін әр топқа кітаптағы тапсырмалармен  жұмыс істеуді тапсыру, мағынасын талдау

Төмендегі тапсырмалар

1: АВС   бұрышы 111,   90, 15 градусқа тең деп   алып, АВС бұрышына сыбайлас   бұрыш табыңдар.

2 Сыбайлас   бұрыштардың бірі тік   бұрыш,   екінші бұрыш қандай   болады?

3 Сыбайлас   екі бұрыштың   биссектрисалары жасайтын бұрышты табыңыздар.

4 Вертикаль   бұрыштардың   биссектрисалары бір түзудің бойында   жататынын дәлелдеңдер.

5 Вертикаль   бұрыштардың бір   бұрышы 44015!-қа тең. Қалған бұрыштарын табыңдар.

.

Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты   жауап беру, өзара пікір алмасады, топпен, жек дара  тапсырмаларды орындайды, нәтижесінде   топтаса отырып ортақ жауап табу керек

Сабақты   бекіту

6   мин

«Өмірлік   ахуалды талдау» әдісі   арқылы тақырыпты   сабақты жинақтау

Мұғалім жаңа тақырыпқа байланысты   тақтадағы  ілінген қағаздарды  топқа    таратады және қосымша материалдар    үлестіріледі

Оқушылардың   мақсаты берілген сұраққа өз ойларын жеткізе отырып тақырыпты сипаттау арқылы   жинақтайды

2 мин

Үй   тапсырмасын беремін

Үй тапсырмасы № 85,86


2   мин

Бағалау критерийлері мен бағалау шкаласы

Әр топқа   бағалау парақшаларын тарату

Бағалау   шкаласы арқылы өз білімдерін топпен, жеке бағалау

Рефлексия  

2   мин

Стикерлерді   толтыру Оқушылар бүгінгі сабаққа деген ойын стикерге жазып, тақтаға іледі

Оқушыларға   стикер толтыруды ұс  ыну

Ұсынылған стикерді толтыру

 

Оқу ісі орынбасары:                        Г.Құлтасова


Сабақ жоспары: Бірмүше және көпмүше тарауын қайталау
Сабақ жоспары: Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу