Мектепке даярлық: Көктем құстары

Oinet.kz 04-10-2020 1181

Көктем құстары

                                                          

     ( мектепалды даярлық)     ШҚО Тарбағатай ауданы Кіндікті ауылы

                                                           Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектебінің     

                                                          даярлық сынып жетекшісі

                                                         Нұрғалиева Айнұр Жігітқайырқызы

 

Тақырыбы:     Көктем құстары

Мақсаты:        Балалардың көктем туралы түсініктерін тақпақ, тиым сөздер,  

                        жұмбақтар арқылы есте сақтауын, ойын арқылы ақыл-ойын

                        арттыру. Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат 

                        беру.

Білімділігі:     Балалардың көктем құстары туралы білімдерін және олардың  

                        немен қоректенетіні, дене бітімі туралы білімдерін бекіту.

Дамытушылығы: Құстар туралы көркем сөздерді пайдаланып сөздік қорын,

                        ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелігі:     Табиғат байлықтарын қорғап, құстарға деген сүйіспеншілік се- 

                        зімдеріне тәрбиелеу.

Көрнекілігі:     Слайд,сиқырлы сандық ,құстардың суреті, тордағы құстың,       

                               орманның суреті т.б

Әдіс-тәсіл:      Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ой қозғау страдегиясы 

                         кубизм әдісі, венн диаграммасы.

Түрі:                Саяхат

Жүру барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

1) Қонақтармен амандасу

2) Балалардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақ. Тақырыпты ашу

1)    Сурет бойынша әңгіме жүргізу.

2)    Ой қозғау страдегиясы:


Күн жылынуы

Күн ұзарды

     Көктем

Тіршілік басталады

 

Еңбек басталады

   Құстар       

    келді

 

Малдар төлдейді

 

Балалар өз ойын ауызша айтып шығады.

ІІІ. Орманға саяхат.

Балалар қазір біз бәріміз орманға барайық. Орманға «Көктем» әнін тындап барайық.

Осы мезгілде көктем музыкамен билеп кіреді.

Көктем: Сәлем, достар аман ба?

              Шат-шадыман Көктеммін

             Мынау бейбіт заманда

             Шаттық болсын әмманда.

Саламатсыздарма қонақтар, саламатсыздарма балалар!

Міне мен  сіздерге асыға жеттім! Көктем мерекелерің Құтты болсын! Мен сендерге құр алақан келгенім жоқ.

«Сиқырлы сыр сандық» алып келдім.

IV. Болжау страдегиясы

Ішінде не бар деп ойлайсындар?

-Ал балалар көктемге бізге өте әдемі сыйлықпен келіпті, ішінде не бар деп ойлайсыздар? (балалардың қиялы)

-Ал, балалар біз ашып көрелік. Сандықта ашқан кезде ішінен құстардың дыбысы естіледі.

-Балалар құлақ түріп тыңдайықшы қандай дыбыс естіліп тұр?

-Құстардың дыбысы естіледі.


Көгершін

  торғай

Қыстап қалған құстар

Сауысқан

   Қарға

    Ұзақ

    Көктем      

    құстары

Қарлығаш

   Көкек

   Аққу

Тырна



       Аққу               Қарлығаш           тырна

 

                           

Құстарға сипаттама береміз.

Көкек-бұл өз атын шақыратын құс. Бұның жаман қасиеті жұмыртқа баспай-ды. Өзінің жұмыртқасын басқаға салып кетеді. Балапанын басқа құстар басып шығарады. Көкек улы құрттарды жейді.

Ұзақ- көктемде алғаш ұшып келетін құс. Бұл құсты көктем жаршысы дейміз.

Қарлығаш- қасиетті құс дейді. Оған жамандық жасауға болмайды. Қарлығаш адамның досы. Бұл құстың ерекшелігі- ол жемін ауада ұшып жүріп қағып алып жейді.

Тырна- бұл құстың аяғы ұзын болып келеді. Тырналар үшбұрыштанып ұшады. Тырна келген соң жер жыртуға болады-дейді ауылдың кісілері.

Аққу- бұл киелі құс. Аққу көлде жүзеді. Аққу өте әдемі құс. Аққу тек екеу болып жүреді. Аққуды атуға болмайды деген мақал бар.

VI. Сен жалғастыр ойыны.

Шарты: Мысалы Қарлығаш балшықтан...

                             Торғай балапандарына...

                             Аққу өте...

                             Көкек жұмыртқасын...

                             Қарға бар дауысымен...

VII. Құстар туралы сөйлем ойлау.

Сергіту сәті.

5.Құстар тәрізді қанат жасап, шеңбер бойымен айнала ұшу.

6. Құстар сияқты көлден су ішу

7. Бір орында тұрып айнала ұшу

8. Орындарына барып қону.

Көктем. Сендерге жұмбақ жасырайын.

Кеудесі қайқаңдап,

Жүреді байпаңдап.

(қаз)

 

Күміс сандық ашылды,

Ішінен жібек шашылды.

(балапан)

 

Киімі ала, ісі бар шала,

Мекені орман дала.

(сауысқан)

 

Балапанын басатын басқа құс бар,

Бар сондай қасқа құс.

(көкек)

 

VIII. Венн диаграммасы.


Үй құстары

Көктем құстары

       

Айырмашылығы. Үй құстары үйде болады. Үй құстары жем, тары т.б нәрселермен қоректенеді. Ал көктем құстары далада ұшып жүреді. Олар жемтігін өздері тауып жейді.

Ұқсастығы: Екеуі де құстар

Көктем: Құстар туралы кім тиым сөздер, мақал-мәтел тақпақ біледі. Мысалы, құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын алма.

Аққуды атпа, досыңды сатпа.

Құстар туралы тақпақтар.

Бұдыр-бұдыр балшықты.

Жинаймын мен талшықты.

Ұқсатып қамытқа

Ұя саламын жабыққа.

 

Көктемді хабарлап

Ұзағым келдің бе?

Қойым ем даярлап

Ұяңды көрдіңбе?

 

Балалар құстар біздің досымыз екен. өйткені олар құрт-құмырсқаны, зиянды жәндіктерді жейді. Құстар адам өміріне сән салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан да біз құстың ұясые бұзбауымыз керек. Балапандарына тиіспеуіміз керек. Себебі олардың да аналары шырылдап балапандарын іздейді. Күзде кеш кеткен құстар көктемде ерте келеді. Күзде ерте кеткендері көктемде кеш келеді. Сондықтан да біздер балалар осы құстарға қамқорлық жасап ұя жасауымыз керек.

 

ІХ. Ойын. "Құстарға жем шашайық"

Шарты: мына құстарға жауап берсек, онда құстарға жем береміз.

1.     Қыста қалатын құстарды ата?

2.     Көктем жаршысы қай құс?

3.     Құстар немен қоректенеді?

4.     Қай құстармен таныстық?

5.     Қандай үй құстарын білесің?

 

Х. Кубизм әдісі. Қандай құс?

Шарты: Кубикті лақтырып қандай құс екенін табу.

Көктем: Өте жақсы балалар. Сіздер тамаша білімдеріңізді көрсеттіңдер, ризамын.

Міне, мынау сіздерге әкелген сыйлығым. Балалар табиғатты аяласын, құстарды қорғасын олар біздің қанатты достарымыз ғой. Ал енді мен басқа мектептерге ормандарға баруым керек. Келесі кездескенше!

-Біздің балаларымыз да сізге арналған әндері бар тыңдап кетіңіз. Шожелер әнімен бізде орманнан қайтайық.

 

ХІ. Қорытынды: Ал балалар біз бүгін көктем құстарымен таныстық. Қалықтап ұшқан құсты елестетші көз алдарыңа...

Еліміздің болашағы мына сіздердің білім аспанында құсша шарықтап ұшыңдар. Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын.

 

ХІІ. Мадақтау.

 


Мектепалды даярлық: Қыс қызығы
Мектепалды даярлық: Жабайы аңдар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу