Мектепалды даярлық: Қыс қызығы

Oinet.kz 04-10-2020 1621

Қарағанды облысы

Шет ауданы

С.Сейфуллин кенті

Жарық жалпы орта білім беру мектебі

Мектепалды даярлық тобының мұғлімі

Адиханова Жұлдыз Ғалымжановна

Тақырыбы:            «Қыс қызығы»

 

Мақсаты: Балалардың жыл мезгілдері туралы түсінігін кеңейту, жыл мезгілдерінің ерекшеліктерін түсіндіре отырып, тілін дамытуға, қыстың негізгі белгілерін танып, айта білуді қалыптастыру. Қыстағы табиғат сұлулығына назар аудару арқылы көркемдік талғамын қалыптастыру. Қоршаған ортадағы әдемідікті сезіну, қабылдау сезімін ояту. Ойлау қабілетін дамыту, кеңістіктегі бағдарлай ілу шеберліктерін шыңдау. Балалардың   жыл  мезгілдерінің  өзіне  тән ерекшеліктерін  ажырата білуін, түстердің үйлесімділігін  сезіну, көркемдік талғамын, табиғатты  аялай, сүйе  білуге тәрбиелеу.

Көрнектіліктер: Қыс мезгілін бейнелейтін суреттер, ұлпалар (қағаздан жасалынған), шыршалар, әр баланың алдында 2 дискіден (қызыл, көк) тарелкаларда түрлі-түсті геометриялық пішіндер, ақ қағаз беті (монитор), көк түсті шеңбер, ойыншық компьютер, әр балаға жеке майшам, альбом беті, поролон қиындысы, ақ және көк түсті майлы бояу (акварель), қол сүртетін шүберек, әдемі салынған  қысқы  көрініс суреті, жерге төселінген қар (мақта).

Сөздік жұмысы:

Сабақтан бұрын балалармен қысқы табиғат ерекшеліктерін бақылау, қысқы аулаға серуенге бару сияқты алдын ала-дайындық жұмыстары жүргізіледі.

 

Барысы:

Ұйымдастыру уақыты:

Балалар бөлмеге кіріп жартылай шеңбер құрып тұрып, қонақтармен Сәлеметсіздер ме!- деп амандасады.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар, балалар, әдептен озбай үлкенмен амандасу рәсімін жасағандарың адамгершіліктің бір белгісі. Байқадыңдарма, қонақтар сендерге қандай тәрбиелі балалар деп риза болып қалды.

Рахмет сендерге, әрқашанда осындай әдепті қалпыларыңнан арылмаңдар.

Балалар, алдымен біз осы шеңбер құрып тұрғанда бір-бірлеріңнің қолдарын ұстап, алақан арқылы жылылық таныта тұрып, жақсы лебіз білдірейік:

Шеңберге тұрып амандасу:

Армысың аспан әлемі

Армысың жер ана

Армысың менәң достарым

Көргеніме қуанам!  

Тәрбиеші:-Балалар, енді орынымызға жәйлап отырайық.

Бүгін біз «Күміс қыс» деген тақырыпта сабағымызды өткіземіз.

Ал енді, бір сәт өзімізді – сыртта, таза ауада тұрғандай елестетейік.

-Айнала қандай?

-Қар қандай?

-Ал мынау мұз ше?

-Ауа қандай?

-Терезелерде не бар?

-Яғни, мұның барлығы қай кезде болады?

(балалардың жауабы)

-Дұрыс айтасыңдар балалар. Міне, қазір қыстың нағыз қақ ортасы. Бұл мезгілді сықырлауық қыс немесе жалтыр қыс деп те атайды.  Айнала ақ көрпеге оранып, тап-таза күйге енген.

Ал біз болсақ, қыстан, аяздан қорықпаймыз. Жылы киініп, шанамен сырғанап, шаңғы тебеміз. Бір сәт сабақ оқуға да көңіл бөлеміз. Әдемі суреттер де саламыз. 

Бүгін біздерде үш топ жұмыс жасайды. Ол үшін мына белгілерге назар аударыңыздар: шырша қойылған жер, бұл математика орталығы, ал біздің шырша белгісін таққан балаларымыз осы топқа, аққала орналасқан жер бұл өнер орталығы біздің аққалалар осы орталыққа барып, қысқы көріністі бейнелейді, ал ғылым орталығында бүгін дәрігер апай валеология сабағын өткізіп, біздерге қыс кезінде көп ауырмаудың жолдарын көрсетеді, ертегідегі өзінің ақылсыздығынан жарақат алған қасқырға алғашқы жәрдем жасайды.

Сергіту сәті. (Ортаға барлық орталықтардың балалары жиналады).

«Қыс қызығы» әнінің мәтініне сай қимылдар жасау.

Орнымызға отыралық. Енді, балалар, мен бір ойын ұйымдастырамын. Осы ойынның нәтижесі дұрыс болған жағдайда біз вирусқа қарсы бағдарламаны ойлап табамыз. Сондықтан да мұқият болыңыздар. Алдымызда ілінген сызбаны қараңыздар. Мұнда түрлі-түсті пішіндер салынған және қызыл, көк дискілер бар, яғни ақпараттарды дұрыс орналастыру қажет.

Дидактикалық ойын: «Қызыл, көк дискілер»

 Сызбаның көмегімен балалар сұраған пішіндерді дискілерге лақтырады.

- Міне біздің геометриялық пішіндер туралы барлық ақпараттарымыз дискеталарда сақталады деп ойлаймыз.

-                   Балалар, енді сендермен компьютерлік «Лото» ойынын ойнайық, мұның да нәтижесі сәтті болса, вирусты жоюға көп көмегі бар.

Дидактикалық ойын: «Лото»

- Мониторларыңды алдарыңа жақындатыңдар.

- Шеңберді экранның қақ ортасына қой.

- Енді жоғарғы оң жақ бұрышқа апар, төменгі сол жақ бұрышқа түсір, төменгі оң жақ бұрышқа жеткіз, жоғарғы сол жақ бұрышқа көтер.

- Балалар, жарайсыңдар! Енді мен осы нәтиженің бәрін электрондық пошта арқылы Математика Патшайымына жіберемін. Егер ол біздің жауаптарымызға риза болса, мына шам жану керек, яғни вирус жоғалды деген сөз. Тәрбиеші ойыншық компьютердің көмегімен ақпараттарды жөнелтеді. Шам жанады.(телефон шырылдайды).

-Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткізем (балаларға қарап). Математика Патшайымы бәріңізге рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін. Енді үйімізге ұшақпен қайталық. Қане, орнымыздан тұрып қолымызды жоғары көтерелік, енді алдымызға, енді жанымызға, міне біз ұшып келеміз, ал енді қоналық. Міне қондық.

Өнер орталығы.

«Қысқы пейзаж». (Бейнелеудің дәстүрлі емес түрлерін қолдану)

Оқылатын өлең:

«Суретші қыс».     К. Нүсіпов.

Қонақтайды  бақтарға

Ақ көбелек, ақ мамық,

Аунап таза  ақ қарға

Балалар  жүр мақтанып.

Тазартып  бар кір шаңын

Қыс өнерін бастады,

Терезеге қыраудан

Сурет салып тастады.

         Тәрбиеші қыс туралы өлең  оқығаннан кейін оған талдау  жасайды.

      Енді қысқы орманға саяхатқа баратындарын айтады. Балаларға  қыс мезгілінің көрінісі бейнеленген суретті көрсетеді. Балалар сурет желісі бойынша әңгімелейді. Осындай  қысқы  орманның суретін салуды ұсынады. Орманның  ішіндегі  үлкен және кіші ағаштардың дұрыс орналасуына  көбірек мән береді.

       Тәрбиеші  балалардың кеңістікті  бағдарлау ережесін  естеріне  түсіреді: алыстағы орналасқан ағаштар бізге кіші, жақындағы  ағаштар үлкен болып көрінетіні туралы түсіндіреді. Жұмыстың орындалу  ретін көрсетеді.

        Алдымен  балауыз  шамның көмегімен  ағаштардың суретін салу (жауып тұрған қарды салуға болады), сонан соң ашық көк түсті бояумен, поролонды   жеңіл  сүйкей  жағу тәсілімен  суреттің  негізгі  фонын береді.

Ең соңымен  саусақтарының   ұшымен  өздері  қалған түспен суреттеріне  рама: қоршау жасайды.

       Жұмыс барысында тәрбиеші қиналған балаларға жеке көмек көрсетеді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің соңында жұмыстарын талдап, ең әдемі салынған суреттерден көрме ұйымдастырады. Белсенді балаларға әдемі қиылған қар ұшқындарын сыйға тартады.

Қорытынды. Барлық орталықтың балалары ортаға жиналып, әр орталықта жасаған жұмыстарының ортаға жинап, орындалған жұмыс нәтижесі туралы әңгімелейді. Тәрбиеші балаларға рахмет айтып, мадақтайды.

Мектепалды даярлық: Көлік түрлері
Мектепке даярлық: Көктем құстары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу