Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Білім беру саласы: «Шығармашылық».
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: Жапсыру,Сурет.
Тақырыбы: «Көктем жәндіктері»
Мақсаты: Балаларға жәндіктердің атын,түсін және қандай түрлері бар екенін дұрыс айта білуге үйрету.Балаларды сөзді анық айтып,дұрыс сөйлей білуге баулу.Сөздік қорларын дамыту.Бір-біріне деген жағымды қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: жәндіктердің суреті,дидактикалық ойынға қажетті құрал жабдықтар.
Әдіс – тәсіл: сұрақ – жауап,түсіндіру,көрнекілік,топпен жұмыс,тосын сәт,ойын,әңгімелеу,сергіту жаттығуы.
Әрекет кезеңі | Мұғалімнің іс - әрекеті | Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы:
Ұйымдастырушы ізденушілік:
Рефлексивті түзетуші:
| Таңғы жиын: Арайлап таң атты Алтын сәуле таратты Жарқырайды даламыз Жарқырайды күніміз Қайырлы таң балалар.
Тәрбиеші балаларға сұрақтар қойып,толық жауап беруін сұрайды. -Қазір жылдың қай мезгілі? -Көктем мезгілі басқа мезгілге қарағанда қандай ерекшеліктері бар?
-Көктем мезгілінің айларын атап беріңдерші? -Балалар,сендер күнде азанда қайда келесіңдер? -Балабақшамыздың аты қандай? - Келіп жүрген тобымыздың аты қандай?
-Көктем туралы,балабақша туралы тақпақтар білеміз бе? Қане,олай болса тақпақ -тары мызды айтайықшы.
-Балалар,қыс мезгілінен шығып,көктем мезгіліне келдік.Көктемде барлық жан – жануарлар,жәндіктер жанданады екен.Соның бірі көбелек. -Ой,қараңдаршы балалар көбелектің өзіде ұшып келе жатыр екен.
Тосын сәт: -Саламатсыңдар ма, балалар. Мен кіммін? -Дұрыс айтасыңдар мен көбелекпін.Мен көктемде және жаз айларында ұшып жүремін.Мен әдемілікті, әдемі гүлдерді жақсы көремін.Мен қыс бойына ұйықтадым.Ішім пысты. Сендер мен туралы не білетіндеріңді көрейінші.
-Балалар,сендерге көбелек жайында дайындаған бейнебаянды тамашалаңдар.
Көбелек: -Ал,енді балалар айтыңдар -шы мен туралы түсінгендерің бар ма?
Сергіту сәті: Дос болайық көбелек, Жайнап тұрған бақшамда. Гүлдерімді тере кет Жаңбыр жаушы себелеп Тақияның астына Тығылы қой көбелек.
Көбелек: -Ой,рахмет балалар.Мен туралы көп біледі екенсіңдер. Сонымен қоса досым ара туралы да сендер не білесіңдер?
Балаларға ара жайында бейнебаян көрсету. -Аралар тек қана үлкен әулиет болып тіршіліке етеді.Олар көктемде шығып өздеріне ұяшық жасайды. Аралардың түрлері көп соның бірі - бал арасы.Аралардың адамдарға көп пайдасы бар. Олар адамдарға бал жинап береді.Ол балды гүлдің тозаңдарынан алады және оны өз қоржынында сақтап бал шығарады екен.
Балаларды төрт топқа бөліп,шығармашылық жұмыс жасату.
-Жарайсыңдар,өте тамаша қатыстыңдар! -Міне,балалар,біз сендермен жәндіктер туралы көп нәрсе үйрендік,білдік. -Бүгінгі іс – әрекетімізге барлықтарың өте жақсы қатыстыңдар. -Балалар,енді орнымыздан тұрып,қонақтармен қоштасайық. |
-Сәлеметсіздер ме!
-Көктем.
-Көктемде күн жылынады, ағаштар бүршік атады, гүлдер өсіп шығады.
-Наурыз,сәуір.мамыр.
-Балабақшаға.
-«Ердәулет».
-«Құлагер».
Алексей: Бала,бала,баламыз Бақшамызға барамыз. Күні бойы қызыққа Батамыз да қаламыз.
Доминика: Балабақша есігін Үшке тола ашқанбыз Балапандай өсіріп Мәпелейді бақшамыз.
Вова: Балабақша үйіміз Сені жақсы көреміз Үлкен болып өскенде Еске алып жүреміз.
Мирас: Жасыл көктем келеді Самал беттен өбеді Көкте бұлттар көбейсе Мөлдір тамшы төгеді.
Афина: Көктем болды алақай Қуанар барлық балақай Көктемде жаңбыр болады Бақшаға гүлдер толады.
-Көбелек.
Панаетис: Көбелектер әр түрлі Қызыл,сары,көкпен ақ Жүгіріп барсақ қасына Ұшып кетеді бірақ.
Никита: Көбелек – ау,көбелек, Әдемісің,гүлдейсің Ұстап сені не керек Ойнамайсың,күлмейсің.
Балалар бейнебаяннан көрген көбелектердің түстерін,түрлерін айтып шығады.
Балалар сергіту сәтіне қатысады.
Мансұр: Гүл ашылса аулада Бал арасы келеді. Бал арадан кейін, Көбелектер келеді.
Валерий: Аралар ұшып тынбайды, Әрі – бері зырлайды. Аралайды,қырлайды, Шаң тозаңды жинайды.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Балалар жәндіктер туралы біледі.
Қалыптасқан орта: Тақпақтарды өте жақсы айта алады.
Орындаушылық қабілеті: Жаңа іс – әрекетті балалар меңгере білді.