Балабақша: Күшік, мысық және тышқанның достығы ертегісі

Oinet.kz 04-10-2020 1051

Күшік, мысық және тышқанның достығы ертегісі

Саусақ театры.

Тақырыбы: Күшік, мысық және тышқанның достығы ертегісі

Мақсаты: Балаларды  мұқият тыңдай білуге үйрету ертегі мазмұнын түсіндіру.  Үй жануарларының қалай дыбыстайтынын, оның атын ажырата айта білуге үйрету.  Кейіпкерлердің әр түрлі іс-әрекет үстінде көріу  өзгешелігіне қызыға назар аударуға дағдыландыру.  Баланың ойлау,қабылдау,таным,көру,есту қаблеттерін дамыту.

Балаларды  татулыққа, бірлікке, достыққа, адамгершілік,имандылық тәрбиесін қалыптастыру.

         Көрнекі құралдар: ертегі кейіпкерлерінің тоқылған бейнесі.  Доп, ертегі мазмұнын саусақ театры арқылы әңгімелеу.

Күшік: «Ав-ав» мен күшікпін

Күшікпін күшікпін

Түні бойы жатпаймын,

Тыныштықты сақтаймын «Ав-ав»

Ой-ой аяғым,аяғым-ай

Мысық: мияу-мияу бұл кім, кімсің? А күшік екенсің ғой, не болды? Соншама  айқайлап.

Күшік: «Ав-ав» мысық мен аулада ойнап жүргенімде аяғыма ағаш іріп кетті, мені құтқаршы аяғым ауырып тұр «Ав-ав» жалынамын.

Мысық:  жоқ сенен қорқамын, сен мені күнде қуасың, аяғыңдағы ағашты алып сені құтқарсам мені қуа жөнелесің, одан да солай отыра бер.  Мен еркін ойнаймын ля-ля-ля мияу-мияу.

Күшік:Мысық кешірші енді мен саған тиіспеймін, мені құтқаршы, «Ав-ав».

Мысық: жарайды онда мен сені құтқарайын

Күшік:Рахмет!Енді екеуміз дос болайық, бірге доп ойнайық, мен саған тиіспеймін.

Мысық: «Мияу-мияу» кел екеуміз ойнайықшы мен де доп бар

Добым менің, добым менің

Өзің неткен көңілді едің

Зымырайсың, зулайсың

Бірақ бізден құтылмайсың.

Мысық:  «Мияу-мияу» мен шаршап кеттім қайтайықшы.

Күшік: «Ав-ав» онда біздің үйге добыңды ала жүр бірге ойнайық

Мысық: Ля-ля-ля (әндетіп екеуі күшіктің үйіне барады).

Мысық: Ой үйің қандай әдемі, жайлы керемет екен (сол кезде тесіктен тышқан шыға келеді)

Мыны тышқан қайдан шықты? Тоқта мен сені ұстап аламын да жеп қоямын.  А бәлем ұсталдың ба?

Күшік: Мысық, жіберші тышқанды, ол да қонақ мен саған тиіспеймін ғой, дос болыңдар.

Мысық: Жарайды күшік, мен енді тышқанға тиіспеймін.

Тышқан: «Шық-шиқ» рахмет күшік, мен қаттықорқып кеттім.  Ендігі жерде бәріміз дос болайық. (Тышқан мен мысық қол алысады.  Барлығы қосылып ән айтады)

Ән: «Әрқашан дос, біргеміз».

Қорытындылау.

Балабақша: Аквариумдағы балықтар
Балабақша. Тәрбие сағат: Көктем жәндіктері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу