Сабақ жоспары: Жүрек-қан тамырлары

Oinet.kz 03-10-2020 996

Қысқа мерзімді сабақ жоспары.

 

Пәні: Дүниетану

Сабақ:Жүрек-қан тамырлары.Қанның қызметі.

Мектеп: № 49 жалпы орта мектебі .

Күні: 26.09.2015

Мүғалімнің есімі:   Туркебаева У.А.

Сынып: 3 «Д»

Қатысқандар саны:  25.

Қатыспағандар саны:0

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Жүректің негізгі қызметін білу.Жаттығудың маңызын   түсіндіру.Қанның және қан тамырларының қызметі жайлы білу.Қан тамырларын   ажырату.

                                                                                                                                                                                                         

Сабақ масаттары:

Барлық оқушылар:

·                       Жүрек,қанның   қызметі туралы біледі.

Оқушылардың басым бөлігі

·                       Жүрек қан   тамырлары туралы анықтама береді.

Кейбір оқушылар

·                      Ірі және ұсақ қан   тамырларын ажырата біледі.



Табыс критерийі

 

Жүрек,қан тамырларының қызметін түсінеді және ажырата   алады.

Алдыңғы оқу

Үйге тапсырма

Оқулықтағы 15-16 беттегі Қаңқа және бұлшықет   тақырыбының мазмұнын айтады.

Жоспар

Жоспарланған жаттығулар

Жоспарланған кезеңдері

уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Қолданылған ресурстар

Ескертпелер

КІРІСПЕ

 

2 мин

«Шаттық шеңбері»

Ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында «Ыстық алқан»   сергіту сәтін ұйымдастырамын. 1-ден 4-ке дейін санау арқылы топқа бөлініп   отырады.

Акт


Үй тапсырмасын сұрау

 

4 мин

Үй тапсырмасын «Балық   қаңқасы» әдісі бойынша оқушылар үйде дайындаған сұрақтары арқылы   бекітемін.

Желпуіш   қағаздар


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

4 мин

 

 

 

 

 

«Иә-жоқ».   Дәлелдермен келіскен жағдайда «+»    келіспесе «-» таңбасын қояды.

·       Адам денесінің сүйектері мидың бұйрығымен қимылдайды.

·       Қан тамырлары адам ағзасын қоректік   зат,оттегі,сумен,дәрумендермен қоректендіреді.

·       Терінің негізгі қызметі қорғану.

·       Жүрек-асқорыту жүесінің мүшесі.

·       Жүрек сол жақ тұста.

«Ой қозғау» жаттығуын қолдана   отырып,  жаңа сабақтың тақырыбын ашу. Тақтаға   екі түрлі жүректің суретін іліп қою.

1.Тегіс,қызыл.

2.Шеті тегіс емес қошқылданған қызғылт.

Сұрақ.Суретке қарап бұл жүректер қандай адамдарға тиісті   екенін анықтауға болады ма?Тақтаға жүрек туралы мәліметтердің жалпы жиынтығын   сызба ретінде жазамыз.

 

 


Жүрек  


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 Акт дәптер, қарындаш

 

 

 

Дәптер



 

8 мин

«Джигсо» әдісі бойынша жаңа сабақты   бекіту. Оқулықтағы №2 мысалды  топтағы   әр оқушыға деңгейіне қарай бөліп беру.   

1-топ:  Жүрек   «Жүрек қан тамырлары»

2-топ: Артерия «Қан тамырларын ажырата біл»

3-топ:Көк тамыр «Жүректі күтудің ережелері»

4-топ: Ұсақ қан тамырлары «Қан кеткенде көрсетілетін   алғашқы жәрдем»

 

Оқулық,   акт


Сергіту сәті

 

2 мин

Оқушылармен бірге орындаймын.

  1. Шаршадым         (уф)

  2. Қорықтым (ой, ой)

  3. Өкіндім         (эх, эх)

  4. Таңқалдым         (о, о)

  5. Қуандым         (ура)

 

АКТ,   смайликтер суреті.




Әр топ өздеріне бөлініп берілген тақырыпшалармен   түсіну,талдау,жинақтау жұмысын жүргізеді.

Мысал:

-Қанды жүректен күшпен айдап шығару серпіні бірден қан   тамырларына беріледі.Оны тамырдың соғуы дейді.

 -Адам ағзасында   қан айналым кезінде оның 66 %-ы көк тамырда,29%-ы артерия,және 5%-ы ұсақ қан   тамырларда болады.

-Спорттық жаттығуларды жиі (суға жүзу,сырғанау,шаңғы   тебу,т.б) жасау.

-Кесіп алған жарақаттың төңірегіндегі теріні дәрімен (йод   ерітіндісі) залалсыздандырып,тазартады және таза дәкемен байлап тастайды.

 

АКТ, кесте


ҚОРЫТЫНДЫ

 

15 мин

«Суреттер сөйлейді» әдісі арқылы   оқушылардың тақырыпта жасаған суреттерін сөйлетеді.

Плакат, түрлі-түсті маркерлер


Бағалау

 

3 мин

Бағалау критерийлері арқылы

  1. Белсенділігі

  2. Өзіндік пікірі

  3. Сұраққа жауап беруі

15 б –  «5»,  13 б –  «4»,     9 б – «3»

Бағалау критерийлері


Рефлексия

 

3 мин

«Алма ағашы» әдісі бойынша кері байланыс   жүргізу.  Жасыл түсті алма – мен бүгін   бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл   түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

Плакат, стикер


Үйге тапсырма

 

2 мин

18-21 беттегі мәтінді оқып келу,сұрақтарға жауап   беру.Әр түрлі дене қимылындағы жүректің және тамырдың соғуын есептеп   келу.Жүрек бұлшық еттерін шынықтыратын 2-3 жаттығу түрін дайындаңдар.

Оқулық, күнделік


Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті   жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді  қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ-мен   байланыс Құндылықтардағы байланыс.

·              

 

 

 

 

 

 

 

 


·            

Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не   білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді   болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай   түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы   Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


 

·            

 

 

Қорытынды бағамдау

 

Қандай екі нәрсе табысты   болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

 

2.

 

 

Қандай екі нәрсе сабақты   жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

 

2.

 

Сабақ барысында мен сынып   немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге   көмектесетін не білдім?

 

 

 

 










 Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары:                                      Барат. Р

Сабақ жоспары: Ас қорыту жолдары
Тәрбие сағат: Қош,сүйікті Әліппем!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу