Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазығұрт ауданы, С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Ахаева Мария Жанысбекқкзы
Сыныбы:1 «Б»
Тақырыбы: «: Қош,сүйікті Әліппем!»
Сабақтың тақырыбы: Қош,сүйікті Әліппем!
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін көрсету.Сонымен қатар, оларды көріністер қоюға,ән айтып,би билеуге,жан-жақты болуға тәрбиелеу.Оқушыларды ана-тілі оқулығымен таныстыру.
Көрнекілігі: Шарлар,нақыл сөздер,кеспе әріптер,суреттер.
І.Ертеңгілікті өткізу барысы!
Музыка ойнап тұрады.Оқушылар қолдарына жалау,шарлар ұстап екі-екіден кіреді.
ІІ.Ертеңгілікті ашу.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Саламатсыздарма құрметті ата-аналар және ұстаздар.Балалар біздің болашағымыз,еліміздің ертеңі.Сол ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды белі бесіктен шықпастан жақсылыққа баулу.Бойына ізгілік нұрын себу бүгінгі біздердің ұстаздардың ата-аналардың міндеті.Соның бір көрінісі ретінде бүгінгі ертеңгілігімізді көріп тамашалаңыздар.
Өсті міне,бойларың
Өсті міне ойларың
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойларың.
1-Жүргізуші:Ниет
Жұмсағанда баратын,
Айтқан тілді алатын.
Жақсылықты жақтайтын;
Бәрін біліп жаттайтын.
Әдемімін мен қандай,
Ақниет қызбын кең маңдай.
Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар.
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.
Би билеп,әндер бүгін шырқалар
Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын.
2-жүргізуші: Айсана
Би билеймін айнала,
Менің атым Айсана,
Армысыңдар жас достар,
Армысыңдар ата-ана
Болашаққа жол бастар.
Балаң келді ортаға
Білім деген ғажаптың,
Әліппесін меңгерген.
Болашағы қазақтың,
Басталады біздерден.
Гауһар: Шашу,шашу шашайық!
Ақ сандықты ашайық!
Бұл мереке,бұл тойдың.
Бастамасын бастайық.
1-Жүргізуші:Ниет
Біз бүгін барлық ғылымдардың атасы Әліппені бітіріп,қоштасқалы тұрмыз.Олай болса,бәрімізге қымбатты «Әліппені»зор құрметпен ортамызға шақырайық.
Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе.
(Әліппе ортаға шығару)
2-жүргізуші: Айсана
Қәне балалар Әліппеге арнаған тақпақтарымызды айтып берейік.
1-оқушы:
Әлия:
Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол,
Тырысып бақ намысқа,
5-тік болсын алар бағамыз
Біліммен бақыт табамыз.
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз.
2-оқушы:
Рамиз: Келгенде алғаш мектепке
Білмеуші едік әріпте
Оқимыз қазір ертек те
Үйреттің оны Әліппе
Әліппем менің Әліппем
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым білімнің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
3-оқушы:
Таңшолпан: «А»деген,ол аналар ғой ардақты,
«Ә»деген ,ол әкелер ғой салмақты
«Б»деген,ол балалар ғой әдемі
Біздің елде үшеуі де кәделі .
4-оқушы:
Ерасыл: Ізгілікті ойға тоқитын,
Шәкірт боп үздік оқитын
«Әліппе»атты кемемен
Кеземін білім мұхитын.
5-оқушы:
Бибінұр: Бар кітапқа бас болған,
Әліппе-ғылым анасы
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
1-Жүргізуші:
Ниет: Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын
Оқушы болдық сауатты
Білімнің тегін қазатын. Көрініс «Бата»
Сымбат: Міне менің Әліппем,
Мектепке барам жан ата.
Оқимын тек бестікке,
Беріңіз маған «Ақ бата».
Ата:Бақдәулет:
Балалардың білімі құтты болсын,
Денсаулығы әрқашан мықты болсын.
Білімдерін әрі қарай дамытатын,
Ерінбейтін,еңбекқор, мықты болсын.
«Бата!» десең қарт атаң
Айналсын сендей ботасын.
Оқы құлыным,ғалам бол,
Атаң берді батасын.
Аумин!
6-оқушы:
Гауһар: Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ бол
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
Таныстырған 42 әріппен,
Қош бол,менің қасиетті Әліппем!
Сенің арқаң оқи,жаза білгенім.
Сауатты адам санатына кіргенім.
7-оқушы:
Арсен: Менің атым-Әліппе
Мені анаңдай дәріпте,
Мені оқып ер жеткен
Бауыржан да,Мәлік те.
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа,
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
8-оқушы:
Шәмші: Әліппем менің әліппем
«А»деген бастап әріптен,
Сөз құрап жаза бастадым
Тақылдап таңба танып мен.
9-оқушы:
Ақниет: Әліппе даңғыл жол ашты,
Жаңадан пәндер жалғасты
«Әліппе»сырын ашатын.
Рахмет ұстаз алғашқы.
10-оқушы:
Ақыл: Қош бол,құтты Әліпем
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
2-жүргізуші: Айсана
Саусағынан бал тамған,
Сан түрлі бүгін күйші бар.
Бұрала басып билейтін,
Буынсыз сұлу биші бар.
Қыздарымыздың орындауында би.(Валис)
11-оқушы:
Малика: Әріптердің тойында,
Әркім құмар ойынға
Әріптер сыры ашады,
Әсем биге басады.
12-оқушы:
Бақдәулет: Ең алғаш алғанда Әліппені,
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ боп қала берді,
Ұстазымның кілтін ашып берді.
13-оқушы:
Нұрай:
1-Жүргізуші :Ниет : Ән күйді төгілтіп,
Інжу-маржан шашайық
Ұстаздарды таң қалдырып,
Өнерден күмбез жасайық.
Оқушылардың орындауында хор: «Біз өмірдің гүліміз».
14-оқушы:
Балнұр: Көлге айналған бұлақтың,
Қайнар көзі Әліппе
Том-том қалың кітаптың
Басы болар Әліппе!
15-оқушы:
Мерей: Сипадың да басымнан,
Әліппені ұсындың.
Бақытымның осыдан
Басталғанын түсіндім.
2-жүргізуші:
Айсана: Оқушылардың орындауында би: «Жаса Қазақстан»
1-Жүргізуші: Ниет:
Оқушылардың орындауында ән: «Қошақаным».
1-Жүргізуші: Ниет:
Оқушылардың орындауында би. «Үнді биі»
2-жүргізуші: Айсана: Біздердің өнер білімдерімізді көріп «Әліппе»риза болды.Қәне балалар Әліппені шығарып салайық.
Хормен: Қош бол,Әліппе!
1-Жүргізуші: Ниет:
Енді біз бұдан былай басқа оқулық оқитын боламыз.Бұл оқулықтың аты: «Ана тілі»
«Ана тілді»қарсы алайық.
Хормен: Ана тіл,Ана тіл,Ана тіл.
Ана тілі: Әлия: Саламатсыздарма,балалар!
Хормен: Саламатсың ба? Ана тілі.
16-оқушы:
Сымбат: Ана тілі біздің туған анамыз,
Анамыздай сыйлап,бағып қағамыз.
Ана тілін бағаласаң қалай біз,
Өзіміздің сондай болмақ бағамыз.
Ана тілін кім аялай білмесе,
Анасынан безген ұл деп қарайық.
17-оқушы:
Ерқанат: Ана тілің арың бұл
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
1-Жүргізуші: Ниет:
Әліппені оқып, білім алдық.Көп нәрсені үйрендік.Қазақстанның болашағы бізбіз.Әр баланың қиял- арманы бар,солар орындалсын.
Ңұрай: Мен есепші боламын:
Мен барлық жұмысшыларға дер кезінде,жеткілікті айлық табыстарын беруді қарастырар едім.
Рамиз: Мен әкім боламын:
Барлық ауыл,қалалардағы балалар бақшасын тегін қылар едім.
Ниет: Мен білім министрі боламын:
Мектептегі бастауыш сыныптарға компьютер әперген болар едім.
Балнұр: Мен дәрігер боламын:
Кез келген аурудың алдын алып,балалардың денсаулығына көп көңіл бөлер едім.
Гауһар: Мен Біліммін:
Сендердің айтқандарыңның бәріне жан-жақты оқу, білім, мол тәжірбие қажет.Ендеше,осы Әліппеден алған білімдеріңді болашақта толықтырып,армандарыңа жетіңдер.
Әліппемен қош айтысып,қаламыз.
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
2-жүргізуші:
Айсана: Рахмет Ана тілі.Біз ана тіліміздің мәртебесін жоғары көтереміз деп-уәде береміз.Енді сіз бізбен бірге болыңыз.
1-Жүргізуші: Ниет:
Балалар біз Әліппені бітіріп, енді Ана тілді оқимыз.Сонымен қатар біз математикадан да, білімдерімізді тексеріп көрейік.
Қәне балалар санамақты айтып берейік:
1 дегенім-бесік,шықтық содан өсіп.
2 дегенім-елім,далам ,тауым,көлім.
3 дегенім-үміт,үміт артар жігіт.
4 дегенім-төзім,төзе білем өзім.
5 дегенім-бақыт,бағалайтын уақыт.
6 дегенім-ақыл,тыңдағаның мақұл.
7 дегенім-жалау,жүректегі алау.
8 дегенім-сөзің,серт беретін кезің.
9 дегенім-талғам,тура жолға салған.
10 дегенім-Отан,қорға соны,ботам!
2-жүргізуші:
Айсана: Міне балалар аз уақыттың ішінде көп нәрсені үйрендік.
Осының бәрін кім үйреткен?
Хормен: -Мектеп!
-Ұстаз!
-Әліппе!
-Ана тілі! Дұрыс айтасыңдар балалар.
1-Жүргізуші: Ниет:
Оқушылардың орындауында ән. «Балалық шақ»
1-Жүргізуші: Ниет:
Міне осымен ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет. Сөз кезегі ұстазымыз Мария апайға.
Мария апай: Әліппені бітірді балаларым,
Әліппеден нәр алған даналарым.
Өзі жазып,оқитын халге жетті.
Құтты болсын білімі балалардың!
Оқушыларымның алғашқы «Қош сүйікті Әліппем»атты ашық тәрбие сағаты құтты болсын.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Сөз кезегі ата-аналармен,ұстаздарға.