Ашаршылыққа қатысты беймәлім деректер
21-05-2024
Оңтүстік Қазақстан облысы
Қазығұрт ауданы
«Жылыбұлақ» жалпы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Исатаева Жанылай Койлановна
Сынып: 4
Ашық тәрбие сағаты: «Бастауышым – балбұлағым!»
Мақсаты: Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт – сапар тілеу.
Тәрбие сағат көрнекілігі: 3ал мерекеге сай әсем безендірілген. Шарлар, слайд.
Тәрбие сағат барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалімнің сөзі
: Бүгін міне жақсы күн жарқыраған, Көңілдер қуаныштан сарқыраған. Қоштасатын күн келді бастауышпен, Қиындау болып тұр-ау бүгін маған. Кеше ғана алдыма келген еді, Именіп ұлы ұяға енген еді. 4 жыл бойы сусындап біліммен, Ұшатын қанат қағып келді кезі. Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп мектеп табалдырығын қуана аттаған ұл-қыздарымыз ойлары толып, бойлары өсіп бастауыш сатысымен қоштасқалы отыр. Олай болса 4 «А» сыныбының «Бастауышым - балбұлағым!» атты бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер. Бұл салтанат қуаныш баршамызға, «Бүгінгі менің көгершіндерім, болашақтарың көгеріп, көктеп, биіктерге самғаңдар» деген тілекпен бүлдіршіндерімізді ортаға шақырамыз.
Мен үшін бәрің бірдей қарақтарым,
Орындалсын арман тілек талаптарың.
Ақ парақтай келдіңдер сәби болып,
Ұғындым, әрбіріңді парақтадым.
Өткіздік талай күнді, талай айды,
Уақыт сырғып артқа қарамайды.
4 жыл бойы сендермен бірге болдым,
Өткіздік талай қызық, талай жайды.
Ірге тасын қаладым, білім бердім,
Саналы ұл-қыздарым бүгін менің.
Ортада тұрған осы шәкірттердің,
Көрейік тамашалап өнерлерін.
1-ші жүргізуші: Ассалаумағалейкум , ағайын !
2-ші жүргізуші : Армысыздар , аяулы ұстаздар , ақ жаулықты аналар, ардақты әкелер !
1-ші жүргізуші :
Қош келіпсіздер , құрметті қонақтар !
Көз салып қараңызшы бойымызға,
Ортақ боп бүгін өскен ойымызға.
Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар,
Бастауышпен қоштасу тойымызға.
2-ші жүргізуші: Ия, бүгін бізде қуаныш , бүгін бізде үлкен той.
1-ші жүргізуші : Өйткені 4 жыл бойы білім беріп, ой санамызды дамытқан , адамгершілікке, адалдыққа баулыған , қолымызға алғаш қалам ұстауды үйреткен , әріптер мен сандардың сырын ұғындырған алғашқы ұстаздарымызбен қоштаспақпыз.
Оқушы : Қолға қалам ұстатып,
Білім құйған санаға
Хормен : «Ол алғашқы ұстаз ғой»
Оқушы: :
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар , ұстаздарым қымбатты !
Оқушы :
Армысыздар әжелер мен аналар
Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
Оқушы :
Армысың сен, алтын ұя мектебім
Саған айтар жыр – алғысым көп менің
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім !
Ән «Мектебім»
Оқушы:
Есімде алғаш ұстаздың қарсы алғаны,
Айқара есік ашып тастағаны.
Бір мереке думан болып осы маңда,
Жетелеп бір сыныпқа ап барғаны.
Енді міне, сағымдай өте шықты,
Төрт жыл уақыт аз ба екен, кім біліпті.
Ұстаз ана жасады мына бізден,
Ел танымас азамат бір-бір мықты..
1-ші жүргізуші: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» , - деп Абай атамыз айтқандай, алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан , мектептегі анамыз – ұстаз екені бәрімізге мәлім. Балалардың ұстазға арнаған ән-жырларын айтпас бұрын, ұстаз туралы не айтар едің ?
2-ші жүргізуші : Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға, жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» - деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.
1-ші жүргізуші : Дұрыс айтасың, ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да , көкті шарлаған ғарышкер де , бәрі-бәрі ұстаздан білім мен тәрбие алған.
2-ші жүргізуші : Ия , бұл туралы батыр Бауыржан атамыз : «Болашақтың басшысын да , данасын да , ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен.Олай болса, келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз.
Оқушы:
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.
Оқушы:
Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.
Оқушы:
Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай,
Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай !
Мейірлене қарап қойып біздерге
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай.
Оқушы:
Ұстазым ! Ұстазым өзің едің асқақ әнім
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың , даналықтың
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
Оқушы:
Нұр құйған санасына зейіндінің
Нұрлы шам сәулесіндей мейірімің.
Дарыттың адамдықты шәкіртіңе ,
Дамыттың дарын отын бейімдінің.
Оқушы:
Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің.
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптың ойдың тұрағын.
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.
Оқушы:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт басын саған иеді
Бәрі :
Мың алғыс сізге біздей түлектерден,
Мың алғыс мына отты жүректерден !
1-ші жүргізуші:
Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей оқуға, жазуға үйреткен бастауыш сынып мұғалімдеріне арнап «Ұстазым менің» әні шырқалады. Қабыл алыңыздар.
2-ші жүргізуші: Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата-анамыз. Қатарымыздың теңі болып, тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы .
Оқушы:
Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін
Ақылды балаларың оны білген.
Ән : «Әкелер»
1-ші жүргізуші
: Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып, елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөз бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген. Аоайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін !
2-ші жүргізуші:
Ия , дұрыс айтасың Жадыра. Біз болашақта саналы да , ақылды бала болып өссек ананың арманы орындалды деген осы емес пе ?
Оқушы:
Дүниеге әкелген ол да сенің анашың ,
Ақ сүт беріп өсірген ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген ол да сенің анашың ,
Мәпелеген баласын аман болсын анашым !
1-ші жүргізуші :
Осындай ана туралы жыр жолдарынан кейін ата-аналарымызға сөз кезегін береміз.
Сөз кезегін ата-аналарға береміз.
2-ші жүргізуші : Ата-аналарға арнап «Асыл ана» әнін қабыл алыңыздар.
Оқушы:
Ойланып есеп шығартып,
Төрт таңбаны білдірген.
Ғылымдардың патшасы,
Математика данасы.
Жер байлығы көп екен,
Меңгеруді қалайды.
Осының бәрін білдірген,
Дүние тану сабағы.
Оқушы:
Адамдыққа үйреткен,
Жамандықтан жиренткен.
Тілімізді ширатқан,
Ана тілі сабағы.
Оқушы:
Тез үйрендік әділ менен адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолын сенің балғын,
Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.
Оқушы:
Мектеп-үйім, ұстаздарым-ата-анам,
Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам.
Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,
Тамырланып сан тарапқа тараған.
Оқушы:
Өз аузына қаратқан, ұстаз ойын ұғамыз,
Сүйтіп әрбір сабақтан, сәл есейіп шығамыз.
Көкке жетіп төбеміз, жеңілденіп тарқаймыз,
Талаптанып келеміз, қанаттанып қайтамыз.
Оқушы:
Ана тілімен табалдырықты аттадық,
Орыс тілін қосып бірге жаттадық.
Апайлардың арқасында,
Орысша еркін сөйлей бастадық
2-ші жүргізуші:
Анаң тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.-дегендей келесі орындалар тамаша тақтпағымыз орыс тілі,ағылшын тілі пәні мұғалімдеріне арналады.
Пән мұғалімдеріне тақпақтар
1-ші жүргізуші :
Жетекші боп жүрдіңіз түлегіңе
Біздерді ойлап көңіліңіз жүдеді де,
Шәкірттер тыңдаңыздар ұстаз сөзін
Сіздерге арнап айтатын тілегін де – дей отырып сөз кезегін ұстаздарымызға береміз !
2-ші жүргізуші
Жамандықтан сақтандырған,
Жақсы істі мақтан қылған.
Білім берген ұстаздарды,
Билерімен шаттандырған.
Би: «Қыздардың биі»
«Білім кілті – бастауышта» атты- слайдқа назар аударсақ.
Мектеп, білім туралы мақал мәтғлдғр, жұмбақтар
Көрініс: «Қазіргі алфавит»
Оқушы:
Мектеп, мектеп – ашық жарқын көңілім
Мектеп, мектеп – шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің,
Мектеп, мектеп, жан анам боп көріндің.
Қорытындылау.
Ұмытпаймын жаныма,
Білім нәрін еккенің.
Барлығы бірге: Қош қымбатты ұстазым, Қош бастауыш мектебім!