Сабақ жоспары: Кірме сөздер
Сабақтың тақырыбы | Кірме сөздер | ||
Жалпы мақсаты | Кірме сөздер туралы түсінік беру. | ||
Күтілетін нәтижелер | Кірме сөздер туралы, туралы мағлұмат алады. | ||
Кіріктірілген модульдер | Оқыту үшін бағалау оқуды бағалау, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулі | ||
Әдіс-тәсілдер | «Ыстық орындық», «Инсерт», «3-миуттық үзіліс» стратегиясы | ||
Көрнекіліктер, қажетті ресурстар | Жылдамдық тесті, бағалау парақтары, стикерлер | ||
Сабақтың барысы | |||
Кезеңдері | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | |
І.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин.) | Ынтымақтастық атмосферасын құрамын. Сабаққа қажетті құралдарды дайындатамын. Жыл мезгілдері арқылы топқа бөлемін. | Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жақсы тілектер айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. Жыл мезгілдері арқылы топқа бөлінеді. | |
ІІ.Өткен сабаққа шолу (9 мин.) | «Ыстық орындық» әдісі арқылы өткен тақырыптардан сұрақтар бергізу. Жылдамдық тестімен жұмыс жүргізу. | «Ыстық орындық» әдісі арқылы бір оқушыны ортаға шығарып, өткен тақырыптардан сұрақтар береді. Жылдамдық тестіне жауап береді. | |
ІІІ.Тірек білімдер (10 мин.) | Кірме сөздер туралы түсінік беру. Кірме сөздердің тілімізге ену себебі туралы әңгімелеу. Орыс тілінен енген сөздер, араб,парсы тілінен енген сөздер, моңғол тілінен енген сөздер туралы түсінік беру. | Кірме сөздер туралы айтылған мәліметті тыңдайды. Өзге тілден енген сөздерді естеріне түсіреді. Тақтаға жазады. | |
ІV.Жаңа ұғымдар (15 мин) | Жаттығуларман жұмыс жасату. 170-жаттығу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен 10 кірме сөз тауып жазу. 171-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Араб, парсы тілінен енген сөздерді тауып жазу. 172-жаттығу. Мәтінді оқу. Кірме сөздерді теріп жазу. | 170-жаттығу. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінен 10 кірме сөз тауып жазады. 171-жаттығу. Мәтінді түсініп оқу. Араб, парсы тілінен енген сөздерді тауып жазады. 172-жаттығу. Мәтінді оқу. Кірме сөздерді теріп жазу. | |
V.Қорытынды (5 мин.) | «Инсерт» әдісі бойынша сабаққа кері байланыс жасату. | «Инсерт» әдісі бойынша сабаққа кері байланыс жасайды. | |
VІ.Бағалау (3 мин.) | «3-миуттық үзіліс» стратегиясы арқылы өзін-өзі бағалау. | «3-миуттық үзіліс» стратегиясы арқылы өзін-өзі бағалайды. | |
VІІ.Үйге тапсырма (1 мин.) | 173-жаттығу. | Берілген тапсырманы күнделікке жазып алады. | |
Қысқа мерзімді жоспар
Шымкент қаласы №34 жом
Пәні: қазақ тілі
Сыныбы: 5 «А»
Пән мұғалімі: Тохсанбаева Жулдыз Кубейсинқызы
________________________