Сабақ жоспары: Көнерген сөздер

Oinet.kz 03-10-2020 999

Сабақтың тақырыбы

Көнерген сөздер

Жалпы мақсаты

Көнерген сөздер туралы, тарихи сөздер мен архаизмдер   туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтижелер

Көнерген сөздер олардың тарихи сөздер мен архаизмдер   секілді түрлерімен танысады.

Кіріктірілген модульдер

Оқыту үшін бағалау оқуды бағалау,  Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Сыни   тұрғыдан ойлауға үйрету модулі

Әдіс-тәсілдер

«Аквариумдағы алтын балық», «Сатымен көтерілу»

Көрнекіліктер, қажетті ресурстар

Жылдамдық тесті, бағалау парақтары, стикерлер

                                           Сабақтың барысы

Кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі    (2 мин.)

Ынтымақтастық атмосферасын құрамын. Сабаққа қажетті құралдарды   дайындатамын. «Атомдар мен молекулалар» әдісі арқылы топқа бөлемін.

Оқушылар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне жақсы   тілектер айтып, бүгінгі күнге сәттілік тілейді. «Атомдар мен молекулалар»   әдісі арқылы топқа бөлінеді.

ІІ.Өткен сабаққа шолу    (9 мин.)                                                                   

«Аквариумдағы алтын балық» әдісі арқылы өткен   тақырыптардан сұрақтар бергізу. Жылдамдық тестімен жұмыс жүргізу. 144-жаттығуды   оқытып, тексеремін.

«Аквариумдағы алтын балық» әдісі арқылы бір оқушыны   ортаға шығарып, өткен тақырыптардан сұрақтар береді. Жылдамдық тестіне жауап   береді.144-жаттығуды оқып, тексертеді.

ІІІ.Тірек білімдер                                  (10 мин.)

Көнерген сөздер туралы түсінік беру.

Көнерген сөздердің тарихи сөздер және архаизмдер деп   аталатын түрлері жайлы түсіндіру.

Көнерген сөздер туралы, көнерген сөздердің тарихи   сөздер және архаизмдер деп аталатын түрлері жайлы мәліметті тыңдайды. Тақтаға   мысалдар жазады.

ІV.Жаңа ұғымдар                              (15 мин)

147-жаттығу. Қазіргі кезде қайтадан қолданыла бастаған   сөздерді жазу.

148-жаттығу. Мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерді бір   бөлек, сирек қолданылатын сөздерді бір бөлек жазу.149-жаттығу. Мақалдардан   көнерген сөздерді анықтап олардың сипатын табу.

 

147-жаттығу. Қазіргі кезде қайтадан қолданыла бастаған   сөздерді жазады.

148-жаттығу. Мәтіндегі жиі қолданылатын сөздерді бір   бөлек, сирек қолданылатын сөздерді бір бөлек жазады.149-жаттығу. Мақалдардан   көнерген сөздерді анықтап олардың сипатын табады.

 

V.Қорытынды                       (5 мин.)

«Сатымен көтерілу» әдісі бойынша сабаққа кері байланыс   жасату.

«Сатымен көтерілу» әдісі бойынша сабаққа кері байланыс   жасайды.

VІ.Бағалау                       (3 мин.)

Формативті бағалу.

Бағаларын күнделікке қойдырады.

VІІ.Үйге тапсырма   (1 мин.)

151-жаттығу.

Берілген тапсырманы күнделікке жазып алады.





Қысқа мерзімді жоспар

Шымкент  қаласы №34 жом
Пәні:         қазақ тілі

Сыныбы:   5 «А»                                                                                             
Пән мұғалімі:  Тохсанбаева Жулдыз Кубейсинқызы

 

________________________


Сабақ жоспары: Абайдың қара сөздері
Сабақ жоспары: Мақал-мәтелдер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу