Сабақ жоспары: Абайдың қара сөздері
Түркістан қаласы
«Тұран» жалпы орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Айтөреева Кульзира
Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
Сабақтың мақсаты:
Білім алушыларға қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының философиялық тұжырымдарға толы қара сөздерінің мазмұнын, тәрбиелік мәнін ұғындыру, адамгершілік тәрбие берудегі ақынның философиялық ойларының тереңіне үңілуге үйрету Білім алушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру, ақын көтерген мәселелер тағылымынан үлгі алып, азаматтық ұстанымдарды қалыптастыру;
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, электрондық оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, шығармашылық жұмыс, талдау, бейнесюжет.
Оқыту құралдары: интерактивті тақта, слайд-презентация, электронды оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Білім алушылармен сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу;
2. Білім алушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Оқытушы сөзі: Жаңа тақырыпты бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы өткен сабақтарда не білдік, соған мына суреттер мен сандарға сүйене отырып, шолу жасап кетейік. Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі – бүгінгі сабағымыз жарыс сабақ түрінде өтеді.
1. «Жылдар сөйлейді?» ойыны
(Слайд арқылы берілген жылдар бойынша Абай өміріне қатысты мәлімет айту)
1845 жыл 10 тамыз
1855 жыл
1858 жыл
1876-1878 жылдары
1882 жыл
1891 жыл
1904 жыл
1909 жыл
2. Суретпен жұмыс «Бұл кім?».
(Суретте бейнеленген жандар Абай өмірінде қандай орын алған?)
- Құнанбайдың суреті
- Әжесі Зеренің суреті
- Ұлдары Әбдірахман, Мағауия, Ақылбайдың суреттері
- Әл-Фараби, Фирдоуси, Науаи, Низамидің суреті
- Абай ізбасарларының суреттері
3. Білім алушыларға үй тапсырмасына Абайдың бір өлеңін жаттау берілген. Сол өлеңді жатқа сұрау.
ІІІ. Жаңа сабақ
- Жаңа сабаққа кіріспе айту.
- Қара сөз туралы теориялық түсінік беру.
Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды.
Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан «Абай» журналында жарық көрді.Абай өз қара сөздерін 1890-1898 жылдар арасында жазған.
- Бірінші қара сөзін тыңдау.
- Абай қара сөздері тақырып жағынан бірнеше топқа бөлу:
ü Өмірбаяндық: 1 - сөз.
ü Халықтарды салыстыру: 2 - сөз.
ü Қазақ сахарасын билейтін әкім, тергеуші, соттар жайында: 3 - сөз.
ü Күлкі туралы ойлаған ойы, сыны. 4 - сөз.
ü Қазақтың мақал - мәтелдері туралы: 5 - сөз, 29, 24 - сөз.
ü Ел мінезін суреттеу: 6, 8, 9, 10, 14, 19, 21, 22, 23, 26, 29, 30, 33, 39, 40, 41, 42, 43 - сөздер.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту
Білім алушылар 2 топқа бөлініп отырғызылады, топпен жұмыс жүргізіледі. Әр топқа тапсырма беріледі.
1 тапсырма «Қара сөздің мағынасын айт»
2 топқа Абайдың бір-бір қара сөзі беріледі. Бірінші топқа Абайдың он бесінші қара сөзі, ал екінші топқа он сегізінші қара сөзі тыңдатылады.
Білім алушылар мына сұрақтар бойынша берілген қара сөздің мағынасын ашады.
1. Бұл қара сөздің идеясы қандай?
2. Қандай мәселе көтерілген?
3. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні.
2 тапсырма «Қара сөзді толықтыр»
2 топқа Абайдың бір-бір қара сөзі – бірінші топқа отыз бірінші қара сөз, екінші топқа он тоғызыншы қара сөз тыңдатылады.
Берілген қара сөз бойынша «Мәтінді толықтыр» тапсырмасы беріледі.
Мәтінді толықтыр
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі - ____________________________ ________________________________; екінші - _______________________________________ , көңілденіп, тұшынып, ____________________________; үшінші - _____________________
___________________________________; төртінші - _________________________________ _____________________________. Егер кез болып қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: _________________________________________________________________________________секілді. Бұл төрт нәрсе - ______________________________________________ ___________ тоздыратұғын нәрселер.
Мәтінді толықтыр
Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: _______________________ __________________ескерсе, дүниедегі _______________________ таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам ______________ ___________.Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі ___________
_________________. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, ___________________
__________________, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, _____________________________, __________________________, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, ____________________________________? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, ___________________ __________________________________________деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.
3 тапсырма «Ойлан, тап!»
Халық арасында мақал, нақыл сөз болып қалған Абай сөздерінің жалғасын тап.
1. Жұмысы жоқтық, тамағы тоқтық .......... (Аздырар адам баласын)
2. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті ... (Ыстық қайрат,нұрлы ақыл,жылы жүрек)
3. Талап, еңбек, терең ой ... (Қанағат, рахым, ойлап қой, Бес асыл іс, көнсеңіз)
4. Білімдіден шыққан сөз...............(талаптыға болсын кез)
5. Еңбек етсең ерінбей, ..............(Тояды қарның тіленбей)
6. Ұстаздық еткен жалықпас, ............(Үйретуден балаға)
7. Пайда ойлама, ар ойла, ..........(Талап қыл артық білуге)
8. Атымды адам қойған соң, ............(Қайтіп надан болайын)
9. Досы жоқпен сырлас, .................. (Досы көппен сыйлас)
10. Сен де бір кірпіш дүниеге, ..............(Кетігін тап та, бар қалан)
Ү. Қорытынды:
Оқытушының қорытынды сөзі:
Абай қара сөздерінің бізге, кейінгі ұрпаққа берері көп екені, тәрбиелік, үлгі аларлық насихат сөздерге толы екеніне көзіміз жетті.
- Абай қара сөздерінен қандай үлгі-өнеге алдық, тәлімдік ой түйдік?
Абай – ұлы ақын, ғалым, философ, көркем әдебиеттің темірқазығы.
Абай насихаты – ынтымақшыл, арлы, адал, еңбекқор, иманды, талапты, үлкен жүректі кісі болу.
Абайдың өз сөзімен айтсақ:
Терең ойдың түбінде теңізі бар,
Тесіле көп қараса, көңіл ұғар.
ҮІ. Бағалау.
Білім алушылардың білімін бағалау.
ҮІІ. Үйге тапсырма беру.
1. Абайдың «Отыз жетінші» қара сөзін оқу;
2. «Абайдың қара сөздерінен алар тәлім-тәрбие» атты шағын эссе жазу