Сабақ жоспары: Тұрақты электр тогы

Oinet.kz 02-09-2020 1372

Сабақтың мақсаты:«Тұрақты электр тогы» тарауы бойынша алған білімдерін  тиянақтау, тапсырмаларды орындауда ептілік, тапқырлық, іскерлігін жетілдіру.

Міндеттер:

1.     Білімділік:Тұрақты ток заңдары бойынша негізгі ұғымдар мен формулаларды оқып білу.

2.     Дамытушылық:а) Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру, практикалық дағдыларын қалыптастыру.

б) Сабақ барысында оқушылардың өз білімін бағалау, бақылау дағдысын дамыту.

в)Оқушылардың  ой-өрісін арттыру, шығармашылыққа  баулу, ойлау  қабілетін  дамыту.

 

3.     Тәрбиелілік: Формулаларды пайдалану жолдарының оқушы жүрегіне жетіп, шешімін табуда еңбекқорлыққа, өз беттерінше жұмыс істеуге,ұйымшылдыққа, жауапкершілікке  тәрбиелеу.

Сабақтың типі:бекіту, бағалау сабағы.

Пәнаралық  байланыс:Математика, техника  және  өмірмен   байланыстыру.

Сабақтың түрі:Қорытындылау, білімді жинақтау.

Сабақтың әдісі: ауызша, жазбаша, жауап алу, жекелей, топтық жұмыс, ойын, тест, деңгейлік тапсырма.

Қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Интерактивті тақта, флипчарт, слайд, виртуалды стенд, демонстрациялық тәжірибелерге арналған құрал-жабдықтар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

ә) оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;

б) психологиялық әзірлеу;

 Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу және ат қою: 1-топ – «Ом», 2-топ –«Ампер», 3-топ – «Вольта».

Сабақтың ұраны:«Барлық теоремалар мен ережелерді білу жеткіліксіз,

оларды меңгере білу керек»                  П. Л. Чебышев

І.   Оқушыларды  топқа  бөлу

ІІ.  Сұрақ-жауап

ІІІ. Құрал-жабдықтарды  еске  түсіру

IV. Есеп  шығару

V.  Зертханалық  жұмыс

VI. Тест

VII. Бағалау

VIIІ. Рефлексия

 І кезеңге  кезек берейік. Бұл тур 3 балмен есептеледі. Сынып 3 топқа бөлінеді. Әр топ өздеріне берілген  топ мүшелеріне ғалымдар суреттері таратылып беріледі.Физик ғалымдардың  өміріне тоқталып өтеді.Кім, қандай жаңалық ашқаны  туралы  айтулары керек.

1)Георг Симон Ом (1787-1854) –көрнекті неміс физигі. Мектеп мұғалімі  болып қызмет еткен. Ол тізбектің бөлігі үшін ток күшінің кернеуге тәуелділік заңын, сондай-ақ тұйық тізбектегі ток күшін анықтайтын заңды ашты. Ол ток  күшін өлшейтін сезгіш приборды өзі жасады. Ол кернеу көзі ретінде  термокараны қосып дәнекерленген екі сымды (әр түрлі металдан жасалған) пайдаланды. Дәнекерленген жапсарлардың температуралар айырмасын арттыра отырып, осы температуралар айырмасына пропорционал кернеуді өзгертті. Сонымен қатар, Ом кедергінің өткізгіш ұзындығына және көлденең қимасының ауданына тәуелділігін тапты.. Георг Симон Ом 1827жылы тізбектегі ток күшінің кернеу мен кедергіге тәуелділік заңын ашқан неміс физигі. 1787 жылы 16 наурызда Эрланген қаласында туған. Оның ебектерінің негізгі бағыты - электр, оптика, кристаллооптика және акустика салаларына арналған

2)Андре Мари Ампер (1775-1836) – ұлы француз физигі және математигі, электродинамиканың негізін қалаушылардың бірі. Ампер физикаға «электр тогы» ұғымын кірістірді. Жаңа магнетизмнің молекулалық токтар жөніндегі гипотезаға негізделген алғашқы теориясын құрды. Электр тогының, механикалық өзара әсерін ашты және осы өзара әсер күштеріне арналған сандық іліктестіктерді тағайындады. Максвелл оны «электрдің Ньютоны» деп атаған. Ампер сонымен қатар механика саласына, ықтималдықтар теориясына және математикалық анализге еңбек сіңірді.Андре Ампер алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген, магнетизм табиғаты туралы болжамды ұсынған француз физигі. Оның атымен ток күшінің бірлігі аталады
3)Алессандро  Джузеппе  Вольта (1745-1827) – ұлы италия  физик, химик, физиолог  тұрақты ток көзін негізін  қалаушылардың  бірі. 1800 жылы алғашқы болып, тұрақты ток көзін алған итальян ғалымы. Бұл тұрақты ток көзі «Вольт бағанасы» деп аталады.

ІІ. Сұрақ-жауап   Сұрақтарға ұлағатпен қараңдар

Ойларыңды ептілікке ораңдар

Бір сұраққа тереңірек мән беріп

Ең шешендер ой толғайды жарандар! деп аталатын  сұрақ-жауап  деп  аталатын ІІ – кезеңіне кезек берейік. Бұл турымыздың балы 1 баллдық есеппен есептеледі.

 

Енді топтар кезектесіп,сұрақтары    жауаптар береді.

1.Еркін  электр  зарядтарын  тасымалдаушылардың  реттелген  қозғалысы  не  деп  аталады?      (Электр  тогы)

2.Электр  тогын  өлшеу  және   салыстыру   үшін  қандай  арнайы  шама  енгізілді?              (Ток  күші)

3.Алғаш   рет  электр  тогы  түсінігін  физикаға  енгізген  кім?                    (Ампер  Андре  Мари)

4.Электр  кедергісінің  өлшем  бірлігі                                                                     (Ом)

5.Ток  күшінің  өлшем  бірлігі                                                                                       (Ампер)

6.Кедергінің  өлшем                                                                                                         (Ом)

7.Уақыт  бірлігіндегі  жасалған  жұмысты  не  деп  атаймыз                                        (Электр  тогының  қуаты)

8.Өткізгішті  тізбектей  жалғағанда  ток  күші  тең,  ал  кернеу  және  кедергі (Бір-бірінің  қосындысына  тең)

9. ?=I*U*t       қай  шама  жетіспейді                                                                      (Жұмыс (А)) 

10.Ток  күшінінің  кернеу  мен  кедергіге   тәуелділік  заңын  1827  жылы кім  ашты?                                                                   (Георг  Ом)

11.Электр  кернеуінің  өлшем  бірлігі           (Вольт (В))

12.Электр  кернеуін  өлшейтін  құрал          (Вольтметр)

13.Электр   тогын  өлшейтін  құрал      (Амперметр)

14.Токтыңжылулық  әрекетін  зерттеген  орыс  ғалымы      (Ленц)

15.Меншікті  кедергі  қандай  шамаға  кері  пропорционал   (аудан)

16.Вольтметр  тізбекке  қалай  қосылады?  (параллель)

17.Электронның  заряды  қандай                       (теріс)

18.Кулонмен  өлшенетін  физикалық  шама      (заряд)

19.Өткізгіштерді  параллель  жалғағанда  қандай   шама  тұрақты?  (кернеу)

20.Кедергіні  өзгертетін  құрал               (реостат)

 ІІІ кезеңіміз  Құрал-жабдықтарды  еске  түсіру деп аталатын капитандар сайысына кезек береміз. Бұл турымыз 3 балдық балмен есептеледі.

Үш  топтың  топ  басшылары  өздері дайындаған  сұрақтарын  бір-бірлеріне  қою  арқылы  білімдерін  тексереді.

 

 ІV.  Есеп шығару    кезеңіне  кезек береміз. Бұл турдың бағалау балы 2 балл деп есептейміз.

Есеп  шығару                                                                                                               Ампер: Электр шамы арқылы 10 минутта 300Кл электр заряд өтеді. Шамдағы ток күшін анықта.                                Жауабы: 0,5А

Ампер:Электр пеші арқылы 2 минутта 600Кл заряд өтеді. Пештің спиральіндегі ток күшін анықта.                                    Жауабы: 5 А

Вольта: Өткізгіш арқылы 12 Кл заряд өткенде 600 Дж жұмыс жасалады. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу неге тең болады.           Жауабы: 50 В

Вольта: Тізбекте 25 Кл заряд өткенде 500Дж жұмыс істелді, тізбектегі кернеу неге тең?                                                           Жауабы: 20 В

Ом: 120 вольтқа лайықталған электр шамының кедергісі неге тең болады, егер ондағы ток күші 0,5 А болса?                 Жауабы: 240 Ом

Ом: Электр шамында 6,3 В, 0,22 А деп жазылған. Шаманың кедергісі неге тең?                                                                                    Жауабы: 28,6 Ом

Джоуль-Ленц: Кедергісі 100 Ом реостатта 1 сағатта қанша жылу мөлшері бөлінеді, егер ток күші 2 А болса.              Жауабы:1,44 МДж

Джоуль-Ленц: Электр пеші металлды балқыту үшін 800А ток тұтынады, кернеу 60В тең. Осы пеште 1 минутта қанша жылу мөлшері бөлнеді.

                                                                                  Жауабы: 2,88 МДж

V.кезең  Зертханалық  жұмыс

Әр  топ  үш  шаманы «Ом»  тобы  кедергіні, «Ампер»  тобы  ток  күшін, «Вольта»  тобы  кернеуді   тауып, сызбасын  сызу, формуласына  салып  есептеп  плакатқа  орындап  барлығына  көрсетіп  түсіндіру  қажет.

VI.Тест сұрақтарына кезек береміз. Бұл турымыз 1 балдық балмен есептеледі. Тест  сұрақтарын  Activ  vote  тестілеуші  құрылғысын  пайдаланып   белгілеп  тест  қорытындысын  экраннан  көру.

1.Электр  тогының  жұмысы  ток  күші, кернеу  және   жұмыс  істеуге  кеткен  уақытының  көбейтіндісіне  тең                                                                                             А) A=vs   В) A=vt  С) A=IUt    Д) A=Fs

2.Токтың  қуатын  табу   үшін  өткізгіштегі  ток  күшін  және  кернеуді  өлшеп,  олардың  сәйкес  формуласын   көрсет?                                                                   А) N=A/t    В) N=S/t     С) P=U2/R    Д) N=A/v

3.Жұмыстың  өлшем  бірлігі                                                                                          А) Ампер    В) Джоуль   С) Ом     Д) Вольт

4.Джоуль-Ленц   заңы                                                                                                                    А) A=A/t     В) I=U/R   С)Q=I2Rt      Д) R=U/I

5.Қуаттың  өлшем  бірлігі                                                                                                              А) Ватт В) Джоуль   С) Ом Д) Вольт

6. Ток  күшін   өлшейтін  құрал
А) Вольтметр   В) Омметр   С) Амперметр   Д) Реостат

7. Өткізгіштің   ұштарындағы   кернеу  6В, кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең?
А) 12А   В) 6А   С) 3А   Д) 10А
8. Электр    тогы   дегеніміз?
А) Зарядталған   бөлшектердің   ретсіз    қозғалысы
В) Зарядталған   бөлшектердің   реттелген   қозғалысы
С) Зарядталған   бөлшектер
Д) Элементер    бөлшектер
9. Электр  кернеудің   формуласы
А) U=Aq   B) U=q/A    C) U=IR    Д) U=A/q
10. Тізбек   бөлігіне   арналған   Ом    заңының   формуласы
A) I=U/R   B) I=UR    C) R=U/I   Д) A=IUt

Бағалау.Оқушылар сабақ барысында  алған  балына   сәйкес бағаланады. Оқушылардың  жинаған  балын  есептеп   топ  жеңімпазын  анықтаймыз.

Рефлексия:

1.Бүгін  сабақтан  менің  білгенім ...

2.Бүгінгі  сабақтың   маған  қиын  болған  тұсы...

3. Бүгінгі  сабақтың   қызықты  болған  тұсы...

4.Мен  мына  тапсырманы  орындадым...

5.Менің  бүгін  сабақта  түсінгенім...

6.Мен  енді  істей  алатын   болдым.

7.Мен  өзімді  көрсете  алдым...

8.Мен  үйрендім...

9.Менің  қолымнан  келді...

10.Бүгінгі   сабақтан  өмірге  алғаным...

Оқушылар  парақшаға өз ойларын  жазып  жапсырады  және   айтып  өтеді.

Қорытындылау: Женімпаз аталған топты марапаттау.


Сабақ жоспары: Дененің салмағы. Салмақсыздық
Сабақ жоспары: Жердің тектоникалық құрылысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу