Сабақ жоспары: Дененің салмағы. Салмақсыздық

Oinet.kz 02-09-2020 1155

Сабақтың тақырыбы: Дененің салмағы. Салмақсыздық.

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік мақсаты: оқушылардың өз бетімен білім алуына жағдай жасап, таным белсенділігін арттыра отырып, тақырыптың мазмұнын ашу.                         

2.     Дамытушылық мақсаты: алған білімдерін сапалық сипаттағы есептер мен жауаптар іздестіруге қолдана білу.    

3.     Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, имандылыққа баулу.

Сабақтың түрі:дәстүрлі

 Сабақтың типі:аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, өз бетінше жұмыс, сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: слайд, электр приборлары, стикер

I.Ұйымдастыру

«Шаттық шеңберін құру»

(оқушылар «шаттық шеңбері» құрып бір-біріне тілектер айтады. Көңіл күйлері көтеріледі.

II.Топқа бөлу :“Стикер(стикерларға салмақ, салмақсыздық  сөздерін жазып оқушыларға таңдату)”

1-топ: «Салмақ»

2-топ «Салмақсыздық»

III.Үй тапсырмасын сұрау.

Екі топқа сұрақтар жазылған парақша таратылады. Әр топтан бір оқушы шығып жауап береді.

1-топ

2-топ

1.Тартылыс құбылысы

1.Ауырлық күші

2.Гук заңы

2.Динамометр

3.деформация

3. Деформация түрлері

4.Күштің түрлері

4. Күш

5.Заттың тығыздығы

5.Дененің массасы

6.Денелердің өзара әрекеттесуі

6.Жылдамдық

 

III.Жаңа сабақты түсіндіру.

image.png

Дене салмағы деп горизонталь тiректi қысатын немесе тiк аспаны созатын күштi айтады.P — дене салмағы. Егерде тiк орналасқан серiппелi динамометрге жүктi бекiтсек, онда жүк серiппенi созады да тоқтайды, сол кезде динамометр iлгегiне екi күш: серiппенiң Fсер серпiмдiлiк және P салмақ күшi әрекет етедi. Бұл күштер бағыты бойынша қарама-қарсы, бiрақ шамасы бойынша тең болады. Сондықтан динамометр тек серпiмдiлiк күшiн ғана емес (оған тең жүктiң ауырлық күшiн де), дененiң Р салмаѓын да өлшеуге мүмкiндiк бередi. Тыныштықта тұрған, сондай-ақ бiрқалыпты және түзу сызықты қозғалыстағы (Жерге қатысты) дененiң салмағы оған әрекет ететiн ауырлық күшiне тең: P = mg.

          Формулаларының сәйкестiгiне қарамастан дененiң ауырлық күшi мен салмақ күшiнiң арасында елеулi айырмашылық бар. Жер әрекет ететiн ауырлық күшi денеге түседi, ал дене салмағы осы дене қысатын тiрекке немесе аспаға түседi. Егерде осы екi күштi олардың бағытын көрсететiн жебе түрiнде бейнелесек (ал бұл күштер тiк төмен бағытталған), онда бұл 39-суретте көрсетiлгендей болып көрiнедi. Дене салмағын оның массасымен шатастыруға болмайды. Дененiң массасы килограммен, ал дененiң салмағы (кез келген басқа күштер сияқты) ньютонмен өлшенедi. Дене салмағының бағыты бар, ал массаның ешқандай бағыты жоқ.

IV.Сергіту сәті

V.Сабақты бекіту.

1.Массасы 1кг дененің полюстегі және экватордағы салмағын анықтаңдар.

2.Салмағы 500Н бала салмағы 50Н қандай да бір денені ұстап тұр.Ол жерді қандай күшпен қысады.

 

VI.Үйге тапсырма: өзін-өзі тексеру сұрақтары, деңгейлік есептер

VII. Қорытынды «Кері байланыс»

Сабақ жоспары: Термодинамиканың І заңы
Сабақ жоспары: Тұрақты электр тогы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу