Сабақ жоспары: Рационал сандарға амалдар қолдану

Oinet.kz 30-09-2020 719

Айменова Венера Жарылқасынқызы

Қызылорда қаласы  №278 орта мектебінің

 математика, информатика пәндерінің мұғалімі

 

Жалпы мақсаты

Оқушыларға рационал сандарға амалдарды қолдануды түпкілікті түсіндіріп, бекіту, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру. Өз бетімен қорытынды шығарып, ойларын ашық айту және ойлау қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, есте сақтау, байқағыштық, тапқырлық қабілеттерін дамыту.   

Міндеттер

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту

Өткен  тақырыптарды  оқушылардың бар білімдерін пайдалана отырып жеткізу

Амалдарды орындау дағдыларын қалыптастыру

Мұғалім үшін оқу нәтижелері

Оқушылардың бірін-бірі сынау арқылы аталған тақырыпты пысықтау

Берілген тапсырмаларды жұпта орындауға үйрету.

  • Оқушылардың өзін және достарын бағалауға дағдыландыру

  • Есеп шығаруда ережелерді қолдана білу дағдысы 

  •  математикалық тілде сөйлеу қабілеттері.

Сабақтың көрнекілігі

проектор, слайдтар, тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар, саяхат картасы

Күтілетін нәтиже

Оқушылар рационал сандарға байланысты амалдарды толық орындай алады. Ережелерін біледі, түсінеді. Жұппен жұмыс жасай отырып, бірлесіп білім алады.

Ұйымдастыру

кезеңі 

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыратын әңгіме айтып, сабаққа сәттілік тілеймін. ҚР Үкіметінің отырысында 2015-2017 жылдары «Жасыл Ел» бағарламасын жалғастыру туралы айтып, бүгінгі сабақты осы бағдарламаға, туған жердің табиғатын аялауға шақырамын.

Сабақтың барысы

2. Мұғалімнің іс-әрекеті

       Оқушының іс-әрекеті               


Жұмбақты шешу арқылы , сабақтың тақырыбын ашады.

«Рационал сандарға амалдар қолдану» тарауы бойынша есептер шығару


Саяхат сабағының серуендеу бағытымен танысады:

  • Орман

  • Қорық

  • «Жасыл ел»

  • «ЭКСПО-2017»

«Орман»

 

 

Қурап қалған ағашқа сұраққа жауап беру арқылы жан бітіру

Рационал сандар

Рационал сандарды салыстыру

Модул анықтамасы

Нүктенің ара-қашықтығы

Рационал сандарды қосу, азайту, көбейту және бөлу

Ондық бөлшектерге амалдар қолдануға берілген есептерді шығару арқылы орманды қоқыстан  т азалайды.

«Қорық» . Пәнаралық байланыс

Оқушылар топта мәтінді толықтыру жұмысын жүргізеді. Қазақстан қорықтары жайлы мағлұмат алады.

 Орны ауысқан әріптерден сөз құрастыру

Семантикалық картада тұрған есептерді шешу арқылы, сәйкес ұяшықтағы әріптерден сөзді құрап табу. Балалар жұмыс жасап болған соң мен өзім теориялық түсіндіріп өтемін.

«Үстірт» қорығы


Есептерді слайдтар арқылы орындап, таңбалары әртүрлі сандарды қосу және азайту амалдарын дұрыс орындағанда қысқаша тесттің дұрыс жауабын табады.

Сергіту сәті

  • Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты.
    Мектепке неше бала барды?

  • 2. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

  • 3. Үш жұмыртқа                  3 мин піседі. Сонда            1 жұмыртқа неше мин піседі?

«Жасыл ел»

Оқулықтан №644 -645 есептер шығарады.


“ЭКСПО – 2017” балалар көзімен бейнефильм тамашалайды. 

Өз үлесімізді қосу үшін №649 есепті шығарады.

«БББ» кестесін таратып беремін

БІЛЕМІНБІЛДІМБІЛГІМ КЕЛЕДІ   

Оқушылар кестені толтырады.

Бағалау.

Жинақтаған жетон санына қарай бағалаймын

Жасаған жұмыстарына сай бағаланады.

Үйге тапсырма.

№651, 654

Берілген тапсырманы күнделікке жазып алу

Рефлексия                   30 секунд

Елбасының сөзімен қорытындылап, оқушыларға смайликтер таратамын.

Оқушылар өздеріне сай смайликтерді таңдап дайын плакатқа жапсырады.


Тәрбие сағат: Қош келдің, Жаңа жыл!
Сабақ жоспары: Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу