Тәрбие сағат: Қош келдің, Жаңа жыл!

Oinet.kz 30-09-2020 1903

Амренова Айгүл Кобейевна

Алматы облысы Алакөл ауданы

Үшарал қаласы №2 орта мектеп

бастауыш сынып мұғалімі 

(Көңілді меркелік музыканың ырғағымен шырша маңында оқушылар жүр)

1-Жүргізуші:
Барлық жандар бір білікке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыл дастанын.
Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым.
2 -Жүргізуші:
Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар  «Қош келдің, Жаңа жыл» атты мерекемізге қош келдіңіздер!
1 -Жүргізуші:
Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,
Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.
Бірімізге шынайы тілек тілеп,
Бар әлемге бақытпен жар салайық!
1 -Жүргізуші:
Жаңа күнде ән қылып,
Тек жүрмеңіз сән құрып.
Көңілдердей қартаймай,
Шырша тұрар мәңгілік.
1 -Жүргізуші: Балалар, бүгін барлықтарың қандай әдемі, сәнді болып кеткенсіңдер!

2  -Жүргізуші: Әрине, жаңа келер жылды қарсы алуға дәл осындай ідемі болып  келу керек. Сонда келер жылымыз бізге риза болып, жыл бойы біздің әдемі болып жүруімізге көмектеседі. Солай емес пе, балалар.
1 -Жүргізуші: Балалар , мерекемізді көңілді әнмен бастайық.

Ән:  Қош келдің жаңа жыл

1-оқушы:

-Армысыздар, ағайын!

Бармысыңдар, бауырлар!

Ақ көңілім айналды аппақ қарға

Көңілдене қосыл сен ән мен жырға.

Қыс қызығы басылмай ұласады,

Қуанышы көп болсын Жаңа жылда

1-Жүргізуші:
- Апырай-ай , Аяз атамыз кешікті ғой! Өзі қартайып та қалды. Құлағы да жөнді естімейді. Адасып кеткен жоқ па, екен!

Би:«Паровоз»

2-Жүргізуші

Балалар,  Аяз ата мен ақшақар келгенше жұмбақ шешіп,өлең ұйқастарын тауып көрелік.

Жаңа жылым келерде

Әрбір үйдің төрінде

Жарқырайды, жанады

Жауабын кім табады?   (шырша)

Тікен-тікен, тік пісте

Қысы-жазы бір түсте

Бұл не?

Өзінше ноян

Қорқақ кім?...\ қоян\

Бата алмас түлкі

Үсті тікен... \кірпі\

Қолы жоқ сурет салады

Тісі жоқ, тістеп алады. \Аяз\

Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді... \шымшық\

Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады  \қар\

1-жүргізуші:

Қанекей, балалар, Аяз ата мен ақша қар келе жатыр. Қарсы алайық

Аяз ата:

-Амансың ба, ұлдарым?

Амансың ба, қыздарым?

Қандай көркем қырларың,

Қандай әсем жырларың!

Асулармен алыстым,

Асау желмен жарыстым.

Тойларыңа асығып,

Өздеріңмен табыстым!

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым,

Бар сыйлығым жоралғым.

Қасымда бар,  Ақшақар,

Бүлдіршіндер, балалар,

Оған да ән арнасын!

Ақшақар:

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Аяз ата ерткесін,

Келіп едім алыстан,

Ормандағы аңдарда,

Жиналыпты қалыспай.

Құтты болсын, шырша той

Орындалсынарған ой!

Қыздырайық думанды,

Ән айтпаған кім қалды?

1 -Жүргізуші:

Мәңгі жасыл шыршаның

Жақсын ата нұр шамын

Жаңа жылды тойлаймыз

Жарқырап тек тұрса күн

  Аяз ата мына әсем шыршамыздың шамын жағып берсеңіз. Барлығы бірге шамын жағады.

2 -Жүргізуші:

Жап –жасыл шырша

Мектепте төрде

Шыршамыз жанса

Керемет көрме

Аяз ата:

Жасыл шырша, мерекеміз, Жаңа жыл!

Біз тілейміз, жаңа бақыт, жаңы жыр,

Алакөлдің аялаған ұл-қызы,

Құтты болсын, құтты болсын, Жаңа жыл!

Ақшақар:

Жүректерде жыр қалсын,

Жанарларда нұр жансын!

Жаңа жылдың әуені,

Ал, қанекей, шырқалсын!

Ал, қане, балалар, Аяз атаға, жаңа жылға арнаған қандай өнерлерің бар? Аяз ата қапшығын толтырып, мол-мол сыйлықтар әкелді.

(Балалар өнерлерін көрсетеді)

Ән:  Жаңа жыл

1-жүргізуші:

 - Балалар, сендерге тағыда мынандай жаңалықтар айтқымыз келіп тұр

  -  Балалар, жаңа жыл мерекеміз осымен аяқталды

 -   Жо-жо жоқ жаңа жыл мерекеміз әлі жалғасады

2-жүргізуші:

 Оу, балалар қараңдаршы бізге аққалалар не әкеле жатыр

(Осы кезде шанасын сүйретіп, аққалалар кіреді. Шанада кішкентай шыршалар болады)

Би:   «Шыршалар»

1-жүргізуші:

О, халайық,  жараңдар

Қилы-қилы заман бар

Қой жылы ақырын момақын

Кетіп барады қараңдар

О, халайық, халайық

Қош айтысып қалайық

Қой жылы:

Сәлеметсіздер ме, балақайлар! Мен сіздермен қоштасқалы келдім.

Ескі жылың есіркеп,

Жаңа жылың жарылқа.

Еліңе болсын тыныштық,

Бейбіт күнің жарқырап!

Қоштасамын  бүгін мен,

Алдыңғы сапта боларсың,

Келер жыл саған аманат!

Тыныштық пен бейбіт күн,

Болсын деп тілеп әманда,

Қоштасып, қол бұлғаймын,

 Қош, сау болыңдар!

2-жүргізуші:

Ескі жыл балалардың саған ризашылығын біз алдын-ала сұхбат алып білген едік, соған қарашы. (экраннан көрсету.)

Ескі жыл:- Рахмет, балалар, он екі ай осында болдым. Ала алмай жүрген 11 жыл заңды демалысым бар еді. Рұқсат болса мен кетейін.

\ескі жылды шығарып салады\

Музыка әуенімен ортаға басқа әлемнен қонақтар келеді

Би:«Чунга- чанго»

2-жүргізуші:

Балалар, біз қалай байқамағанбыз, бізге жаңа жылымыз, маймыл келіп қалыпты ғой

Келді міне жаңа жыл, аппақ болып

Ауламыздың тұсына қонып жатыр

Жаңа жыл кел,кел

Жаңа бақыт, жаңа жыр!

Би:   «Төрт қадам алдығы»

Маймыл:  
Мен жаңа жылмын
Мен жаңа нұрмын
Нұрымды да себейін
Жырымды да себейін

Түлкі:- О - о, мыналардықара! Аязатадансыйлықалмақшы. Сендерденбұрын мен аламын. (Аязатағакеліп) Хи - хи - хи, Аязата, мен сіздергеөлеңайтыпберейінбе?
Аязата: Айтағой, түлкішек

Түлкі:Ананы да, алдадым
Мынаны да алдадым
Мен түлкімінайлакер
Аязатасыйлықбер. (қолынжаяды)
Қасқыр: - Ах, түлкішек, сен жұрттың бәрін алдап, енді атаны да алдайсың ба? Кет әрі. Аяз атаға әнді мен айтып беремін. (қолында гитара)
Мен қасқырмын, қасқырмын
Қозы ұрлаймын өрістен.
Ұйқым келмейді егерде
Қозы етін жемесем
Ахо - хо. Охо - хо.
(осы кезде ит шыға келеді)
Ит:Ей, қасеке, қасеке
Сен де адал есессің.
Мен тұрғанда қозы, лақ
Оңайлықпен жемессің.
Аф - аф - аф
Жеті қазына бірімін
Қасқыр келсе үремін
Аяз ата мен сізге
Тақпақ айтып беремін.
Аяз ата: Адамзаттың серігі, сен ит екенсің ғой. (ал сыйлығыңды)

Аяз атаға өлең, тақпақтарын айтады.

Би:  «Пингвин»
2-жүргізуші:

Балалар, қыс несімен қызықты?

Қардан не жасаймыз? Олай болса біздің арамызда аққалалар жүр, солардың биін тамашалайық

Би: Аққала

Би: Аяз атамен Ақшақармен бірге билеу

Аяз ата:

- Ал, балалар! Енді біз жүретін уақытта таяды. Біздерді сіздер сияқты басқа қалаларда,  мектептерде күтіп отыр. Өздерің ән мен биді қыздыра беріңдер. Біз жаңа ұлу жылы екеуміздің сендерге әкелген сыйлығымыз бар, соларды тарту етеміз! (қаптағы сыйлықтарды береді)

- Қош, сау болыңдар, балалар!

Ақшақар:

Бұл күні біздің бәріміз,

Қуанатын шағымыз.

Шырша бітті келер жыл.

Кездесеміз тағы біз! (екеуі кетеді)

1 -Жүргізуші:

Өтсін жақсы жаңа өмірдің күндері

Шарпымасын жүректерді мұң, лебі

2 -Жүргізуші:

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың оттары

1 -Жүргізуші:

Жаңа жылда жақсылық болсын, әр үйге құт, береке қонсын!

2 -Жүргізуші:

Жаңа жылда табысқа, шаттыққа кенелейік

Сабақ жоспары: Кремний және оның маңызды қосылыстары
Сабақ жоспары: Рационал сандарға амалдар қолдану
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу