Ашық сабақ: Табиғат құбылыстары
Э.Бисариева
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылы
№186 орта мектеп бастауыш сынып мұғалімі
Мақсаты | Сабақ мақсаты: заттар мен денелер, табиғаттағы құбылыстар туралы ұғым беру.Оқушылардың табиғи және жасанды денелер мен олардың құрамы туралы, зат туралы, түсініктерін қалыптастыруына ықпал ету; балалардың өткен тақырып бойынша білімдерін тексеру; есте сақтау және ойлау қабілеттерін арттыру; тазалыққа тәрбиелеу. Сабақтың міндеттері: 1.Тірі және өлі табиғат денелерінің айырмашылығын, кез-келген дене заттан тұратынын танып біледі,дене, зат және қүбылыстар не екені туралы білім алуға деген талпыныстарын қалыптастыру. 2.Дене, зат және табиғи құбылыстардың өзгеруі кезіндегі өзара байланысты анықтайды.Әңгімелеу, сипаттау, талдау, тәжірибе жасау, бақылау қабілеттерін дамыту 3.Дене мен заттың қарым-қатынасы туралы өз нұсқаларын ұсынады.Табиғатты бақылауға, зерттеуге баулу,табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер:жұптық, топтық,талдау, бақылау, тәжірибе жасау,салыстыру,сұрақ-жауап. Көрнекілігі: интербелсенді тақта, электронды оқулық, суреттер,оқулықтар т.б Қолданылатын модульдер:оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сыни тұрғыдан ойлауға дамыту,АКТ-ны пайдалану,оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу,оқытуда басқару және көшбасшылық | |
Күтілетін нәтиже | ||
Психологиялық ахуал | Психологиялық дайындық Біз балдырған баламыз, Құстай қанат қағамыз. Дүниені аралап, Оқып білім аламыз. | Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Қызығушылықты ояту Үй тапсырмасын тексеру -уақыт өлшемдерін ата? -ұзындық өлшемдерін ата? -өлшем бірліктерін ата /электронды оқулықпен жұмыс/ | ||
Мағынаны тану 1. Оқулықпен жұмыс. Дене деген сөздің басқа да мағынасы бар екен. Бәріміз тақтаға қарап, дененің не екендігін түсініп алайық. ( электрондық оқулық арқылы тыңдау) а/ ІжәнеІІ топқа 4-тапсырманы орындату ә/денелер қатты, сұйық, газ тәріздес болады.Заттарды бір-бірінен қасиеті жағынан айыруға болады:қатты, жұмсақ, тәтті, ащы.Үстелдің үстіндегі тас, шар,стакандағы су, жуа, конфет көрсетіп қайсысына жататындығын айту. б/Постермен жұмыс 5-тапсырманы орындау, яғни суреттердің ішінен табиғи және жасанды денелерді табу в/оқулықтағы суреттермен жұмыс -суретті қарап, өлі және тірі табиғи денелерді ата -суреттердегі жасанды денелерді анықтап, оларды тізіп,дәптеріңе жаз
| ||
Сергіту сәті | Елді сүйген баламыз, ----------------- Біз талапты баламыз, Ой сергітеді,шаршағандары басылады. | |
Ой толғаныс | Сен білесің бе?айдары бойынша балаларға 6-тапсырманың сұрақтарын қою, жауап алу «Кім жылдам?» ойыны 7-тапсырманың сұрақтарына жауап беру /3мин уақыт,топтың жауаптарын тыңдау/ Постермен жұмыс.Жылдың төрт мезгіліне жұмбақ жасыру,шешуін табу және екі топқа тапсырма: І-топ: жаз, күз ІІ-топ: қыс, көктем осы мезгілде болатын табиғи құбылыстарын плакатқа жазу Қорытынды. -тірі және өлі денелер арасында қандай айырмашылықтар бар? -денелер неден тұрады? -табиғат құбылыстарын ата? | |
Үйге тапсырма | Оқу,мазмұндау.Берілген карточкаға тірі және өлі денелерді ажыратып жазып келу | Күнделіктеріне жазып беремін |
Бағалау | ||
Кері байланыс | Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады |