Сабақ жоспары: 3 саны және цифры
Қахарманова Пернегүл Мұзаппарқызы
Қармақшы ауданы, Қуаңдария ауылы
№186 орта мектебі КММ бастауыш сынып мұғалімі
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік жағы: Нәрселерді санау барысында 3 санын енгізу. 3 санын шығарып алумен және 3 цифрымен таныстыру.
ә) тәрбиелік жағы: ұйымшылдыққа, әдемілікке, адамгершілікке, еңбекті сүюге, ізденімпаздылыққа тәрбиелеу.
б) дамытушылығы: ой-өрісін, тіл байлығын, логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың түрі: Ертегі сабақ
Сабақтың типі: Жаңа білім беру
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау, дәлелдеу, өз бетінше жұмыс, логикалық жаттығу шешу.
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, ойындар, сыйлықтар, фигуралар, «Бауырсақ» ертегісі
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
«Мен қандаймын?» ойыны ойналады. Мысалы: Алғыр Абылайхан,... ...
Өтілгенді пысықтау.
Өткен сабақта қандай санмен таныстық?
Екімен таныстық.
Екі қандай сандардан құралады?
1 және 1 –ден құралады?
Екі қандай сандарға жіктеледі?
1 және 1-ге жіктеледі.
Жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс
Теңдіктер қалай құрылғаны түсіндіріледі.
Үшті шығарып алу үшін не істедік?
2-ге 1-ді қостық. 2+1 ꞊ 3
Сонымен 2-ге 1-ді қоссақ, санағанда 2-ден тікелей кейін аталатын 3 саны шығады.
3 цифрымен таныстырылады.
Сонымен 3-тен 1-ді азайтқанда, санағанда 3-тен тікелей бұрын аталатын 2 шығады.
Сонымен 3 қандай сандардан құралады?
3 қандай сандарға жіктеледі?
Балалар, 3 саны мен цифрына байланысты тапсырмаларды «Бауырсақ» ертегісіндегі аңдар алып келіпті. Ендеше тапсырмаларды орындайық.
«Бауырсақ» ертегісін Айсана баяндайды.
Қоянның тапсырмасы:
№1 Кесіндінің ұзындығын өлше:
Қасқырдың тапсырмасы:
№2 Жазуды оқы:
Аюдың тапсырмасы:
№3 Жазуға сәйкес суретті таңда
Түлкінің тапсырмасы:
№1 Бірдей 2 балапанды тап.
Сергіту сәті: Би билейді.
Дәптермен жұмыс
№1
2
1
3
№2 Тақтаға жазылады.
333 333 333 333
№3
0+1 ꞊ 1 1+1 ꞊ 0 + ꞊ 2
2-1 ꞊ 1 1-1 ꞊ - 2 ꞊ 0
Қорытынды бөлімі
3 санына байланысты тақпақ оқылады.