Сабақ жоспары: Буын. Сөздерді буынға бөлу

Oinet.kz 30-09-2020 1783

Эльмира Князева

Қызылорда қаласы, Қазалы ауданы

№ 216 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі


 Мақсаты:

Білімділік: Сөз, дыбыс туралы түсінік беру. Балаларға сөйлем туралы түсінік беру.Сөздерді буынға бөлуді үйрету. Сурет бойынша сөйлем құрауға,байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу мәнерін, байланыстыра сөйлеу дағдыларын сөздік қорларын, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын.

 Іс-әрекет кезеңі

 Тәрбиеші іс-әрекеті

 Балалар іс-әрекеті

 Мативациялық

қозғаушы

Оқушылардың партада дұрыс отыруын қадағалау.

Балалар сабаққа даярланады

 

 

Іздену ұйымдастыру

- Балалар, өткен сабақта қандай тақырыппен таныстық?

Мұғалім:

Мына суретке қарайықшы не бейнеленген?

Балалар енді осы сөздерді байланыстырайықшы.

Дұрыс.

Балалар гүл қайда өседі?

Гүл бақта өседі.

Бақта қандай гүл өсіп тұр?

Бақта әдемі гүл өсіп тұр?

Енді осы сөздерді біріктіріп айтайық.

Бақта әдемі гүл өседі.

Жұмбақтар шешу.

Темір тұлпар гүрілдеп

Соқасын жүр сүйреп

Шешуі:Трактор

Темір арба жолы-темір жол

Тек қала ішінде жүрер ол

Шешуі:Трамвай

Жаңа сабақ:

Балалар мына суретке қарайықшы не бейнеленген?

Піл,үйрек,доп,мысық,түлкі,күшік,арыстан,көбелек, жапырақ, кітапхана, дәріхана.

Балалар енді осы сөздерді буынға бөлейік қане,

Піл, неше буын? 1буын

Үйрек,неше буын? 2буын

Доп,неше буын? 1буын

Сергіту сәті:

Орнымыздан тұрамыз,

Екі қолды созамыз.

Бір отырып,бір тұрып

Орнымызды табамыз.

Сурет бойынша жұмыс:

Сөзбен таныстық.

Шешуі: гүл

Гүл.Өсті.Әдемі.Бақ.

Бақта әдемі гүл өсті.

Тақтамен жұмыс

Дәптермен жұмыс

Сергіту сәті бойынша қимылдар жасау.

 Рефлекция коррекция

Не білдік?

Не үйрендік?

Оқушылар жауап береді.


Сабақ жоспары: Қазақстандағы 1930 – 1932 жылдардағы ашаршылық
Сабақ жоспары: 3 саны және цифры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу