Баяндама: Синтаксистік талдаудағы фразеологизмдердің орны

Oinet.kz 30-09-2020 1025

Жайсаңбаева Сәуле Махашқызы

Қызылорда қаласы, №144 мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

Күрделі баяндауыштың жасалуындағы өнімді тәсілдіңбірі — қалыптасқан тұрақты сөз тізбектері. Бұларда академик I.Кеңесбаев айтқандай, біртұтастық қасиет болады [1].

Тегінде, идиомалар да бір кездерде жеке-жеке сөйлем мүшесіболарлықтай мағынадағы сөздер. Заман өткен сайын сол жеке сөйлем мүшесі болған сөздер қалыптасқан бір тізбекке айналып кеткен болуы керек. Идиомалар келешекте де қалыптаса беруі мүмкін. Тұрақты тіркестерден болған баяндауыштың құрамындағы сөздердің бірін алып тастаған кезде, ол баяндауышымыз бастауыштың қызметін білдіруге жарамай, тіпті мағынасы өзгеріп кетеді немесетиянақты сөйлем құрауға жарамай қалады. Мысалы, Асаносыны құлаққағыс етті деген сөйлемдегі «құлаққағыс етті» деген тұрақты тізбектен болған күрделі бастауышымыздабір сөзді алып тастап айтуға болмас еді. Бұдан шығатын бір қорытынды — өзара тіркес құрай алмаған тізбектердің қай-қайсысы да сол тобыменбір ғана синтаксистік қызмет атқарады.

Бұлардан басқа күрделі баяндауыш қызметінде жұмсалатын тізбекке изафеттік құрылыстағы есімдер мен сан есімдердің тобы  жатады.  Мысалы,   Қазақстан – бейбітшілік тірегі, Екі қаланың арасы — жүз елу километр, т.б.

Осымен қатар, қазіргі қазақ тілінде құрама баяндауыштар да қолданылады. Қүрделі баяндауыш пен құрамабаяндауыштың айырмашылығы, бізше, олардың құрама баяндауыштардың құрамында көмекші етістіктер мен есім сөздердің болуында деп жорамалдауға болар еді. Құрама баяндауыштардың өзі, профессор  М.Балақаевтың айтуына қарағанда,үш түрлі жолмен жасалады. Бірі – көмекші етістік пен есім сөзінің тізбегі болса, екіншісі – есім сөзбен модаль сөздердің тізбегінен, ал үшіншісі – бірнеше етістіктің бір есім сөзгекөмекшілік кызмет атқаруынан болады. Осы баяндауыштардағы кемекші етістіктер де, модаль сөздер де, бірнеше етістіктер тізбегі де өздерінің құрамына енетін есім сөзі болмаған| жағдайда бастауыштың қызметін білдіре алмайды.

Фразеологизмдердің сөйлем құрамында баяндауыш қызметін атқаруы:Ол өзінің Ділдә даусына ұқсастау гүжілдеңкіреп шығатын салмақты үнімен, жаңағы екі жас, іні-достарға көлденең сөзтастаған (М.Ә.). Мен арғын деген арыспын, Азуы кере қарыспын (Б.Қ.). Бұлар – әр рудың, атаның бетке ұстарлары, болыстың ертеден тізелестері (Ғ.Мұс.). Мен Нарында жүргенде, Еңіреп жүрген ер едім (М.Ө.). Ол – тілеуім алда дейтін кезден өтіпэжер ортасынан асқан адам (Ә.Ә.).Ақ - көздің құрты ғой (М.Ә.). Ата-анам әлпештеп баласымен, Көзінің ағы мен қарасымен, Аға жоқ, бауыр да жоқ жалғыз басым, Кәрілер сүйеу көрген дарасымын (М.Ә.). Менің білетінім -Кәлен қызыл көз пәле (Ә.Н.). Күн қызыл шұнақ аяз, қар қалың, жер беті аппақ (Ғ.Мүс.). Япырай, өзі сондай су жұқпас шешен екен (Б.С.).

Фразеологизмдердің тұрлаусыз мүше қызметінде жұмсалуы:Субстантив фразеологизмдердің бәрі бірдей жеке зат есім сияқты, сөйлем мүшелерінің барлығының да қызметін атқара бермейді. Мағынасы жағынан зат есімге жуықтайтын фразеологизмдердің нақты бір жалғауды қабылдап, сөйлемдегі басқа сөздермен өз мағынасына байланысты тіркес құрауы негізінде қандай сөйлем мүшесінің қызметінде жұмсалып тұрғанын анықтауға болады. Негізінен фразеологизмдердің тұтас құрамына сұрақ қою арқылы оның қай сөйлем қызметінде тұрғаны анықталады. Мысалы: Ай мүйізді ақ серке қойды бастар десек, ай мүйізді ақ серке фразеологизмінің тұтас құрамына не? деген сұрақ қойылады.

Фразеологизмдердің сөйлем құрамында толықтауыш қызметін атқаруы:

Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесінің бірі болып табылатын толықтауыш та құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінеді. Толықтауыштың басты қасиеті – сөйлемдегі қимылдың объектісі болу. Осындай объектілік қызмет бір сөздің белгілі септік жалғауын (атау, іліктен басқа) қабылдау арқылы іске асады. Мұндай толықтауыштар дара толықтауыш делініп жүр. Толықтауыш үнемі дара болып келе бермейді, ол кейде бірнеше сөздің тізбегінен де құралады.

Күрделі толықтауыштар изафеттік құрылыстағы тізбектерден, күрделі сан есімдерден, қосарлы сөздерден жасалады. Бірақ күрделі толықтауыш жасайтын кейбір сөздердің тізбегі дұрыс баяндалмай келеді. Мәселен, авторлар күрделі толықтауыш жасайтын бір тәсілге субъект-предикаттық ыңғайда келген, тұтас тобымен сөйлемдегі қимылдың объектісі болатын тізбекті де алады. Біздің ойымызша, бұл дұрыстыққа келмейді. Шынында, «Құлақ естігенді, көз көреді» деген сөйлемдегі «Құлақ естігенді» тізбегібір ғана сұрауға жауап беріп, қимылдың объектісі болып тур. Ал осы тізбек субъект-предикаттық ыңғайда екеніне күмән келтіруге болмайды. Тізбек күрделі толықтауыш құрайтынсөздер тобы сияқты бір сұраққа жауап береді.

Мысалдар:Екеуі де жүргіншілердің алдыңғы жағына қадала қарап, қомағай көздерінен ұшқындаған шабыт шашады (М.Ә.). Абай Иіс кемпірдің амандасқан сөздерін де естімеген, екі шиеттей баланы ойлағанда, қатты бүрісіп кетті (М.Ә.). Былтырғы маған айтқан жалғыз ауыз сөзіңді медеу етіп қалыпты ғой! (М.Ә,). Турасынайтсабіреуат-шапанайыпала ма? Мынасынесі? (М.Ә.). Ақылсөзгеынтасыз, жұртшабандап, Көнгенім-ақсағандеп, жүртабандап (Абай). Сен аллатағалағааллатағалаүшіниманкелтіремісің, я өзіңүшіниманкелтіремісің? (Абай). - Сүйгенім, айтыңызшыбайлаулысөзіңізді, - дедіСыздық (М.Ә.). Ей, ағайын! Жарты ауызсөзгеқүлақ сал! (М.Ә.). Мыңтүрлікүйге салыптолқынады, Маңайдажанбіткендітаңырқатып (Абай). Олтаудағыжортқанаң, ұшқанқұсатаулығапатша болу үшін, кешеосындакеліпті (ҚЕ). Түсімдемені жұбатып, Жылысөзбенсөйлесіп, Кетушіедіңқуанып, Қалушы едікөңілөсіп (Абай). Бекболбір-бірқарапалды. Бірақ, олардыңішіненкөзтаныстыұшыратаалмады (М.Ә.). 

Қазақ тілінің материалдарына қарасақ, құрамы бірнеше сөздің тобынан болған, бір сұраққа жауап беріп,үйірлі мүше болатын фраезологизмдер жиі кездеседі.Мысалы: Түсі игіден түңілме.

Сөйлемдегі ойды   толықтырып   түрған   сөздердің тобы — түсі   игіден – кімнен?   деген   сұраққа   жауап   беріп, есімшеден соң шығыс септігін қабылдаған. Шығыс септігінде тұрған есімше мен атау формалы (түсі) сөз бұрын «адамнан» деген шығыс септікті есім сөзін анықтағаны айқын (Түсі игі-ден — адамнан). Байқап қарасақ,   «адамнан»   деген   сөздегі шығыс септігінің жалғауы есімшеге жалғанған да, енді есімше адам деген сөздің  орнын басқан.   О баста   Түсі игіадамнан түңілме деген  сөйлем болған да, түсі игіден тіркесі субъект-предикаттық ыңғайда   тұрғанда, қазір  ол  қасиетін жойған сияқты болып көрінеді. Бұның себебі сол субъект-предикаттық ыңғайдағы екі сөз зат есім сөзіне жалғанған септік жалғауын өзіне қабылдап, сол зат есім сөзінің, яғни толықтауыштың орнына жүрген. Айырмасы бұрын шығыс жалғаулы толықтауыш бір ғана сөзден тұрса, қазір бұрынғы субъект-предикаттық қатынастағы екі   сөзден   болған. Бұлардың  біреуін даралап алуға болмайтын себебі, тек осы екі сөзді қатар пайдаланғанда ғана жанама толықтауыш болған «адамнан» деген сөздің мағынасын бере алады.

Фразеологизмдердің сөйлем құрамында анықтауыш қызметін атқаруы:

Анықтауыш сөйлемдегі зат есімнен  не  зат  есім орнына жұмсалған басқа есімдерден болған мүшелерді түрлі жағынан сипаттап тұрады.   Анықтауыштар   сөйлемде   заттың   әр түрлі белгісі болып, бағыныңқы мүше ретінде жұмсалғанмен, олар анықтайтын затына, сонымен қатар бүкіл сөйлемге көрікберіп, әсерлі етіп тұрады. Қазақ тіліндегі анықтауыштар дара, күрделі болып құрамына   қарай   бөлінумен  қатар, үйірлі болып та келе береді.

Күрделі анықтауыштың құрамы бірнеше сөздің тізбегінен тұрып, бір сұраққа жауап беріп келетіні белгілі. Оның құрамындағы сөздердің бірін не бірнешеуін алып тастауға болмайды. Ондайда бұл тізбек өзі анықтайтын затының сапасын толык, дәл көрсете алмайды. Осынысына қарап, қазақ тілінде сол тізбегімен келіп қана бір затты анықтай алатын сөздер тобын күрделі анықтауыш ыңғайында қарастыру тұрақталған. Үйірлі анықтауыштар да, жалпы анықтауыштар сияқты, есім кұрылысты және есімше етістікке үйірілген құрамды болып келеді.

Мысалдар: Бөрік кигенніңнамысы бір болса, орамал салғандардың да ары бар (Р.Р.). Жеткеннен кейінгі жан кешті айқастан зәредей сескенбейді (Ғ.Мұс.). Қу тақым қайным-ау, тізеңді құшып, тақымыңды қысып жата бересің бе? - депті (ФС). Уа, қу таңдай жалайыр! Менен асқан еліңде Бар ма, сірә, бір шайыр (Жамбыл). Талай ділмарлар суырылып шықты, талай қызыл тілдер, бұлбұл тілдер сайрайды, бірақ еш шешімге келе алмаған (І.Е.). Бес ұлдың буына піскен адуын, орақ ауыз әйел шалына соқтыға кірді (Ғ.Мұс.). Ағайын-жекжаты жер-жерде бар, өрісі кең жігіт (ФС). Бірақ Жұматайдың өзін кім дерсің? Сіз деуге еңгезердей үлкен бойлы, әдемі қара мұртты, ашушаң, бұлтиған пәлеқор көзді, кекірдей қісі (М.Ә).

Сондықтан үйірлі мүшелерді, оның ішінде үйірлі анықтауышты сөз тіркесі тәсілдері мен формаларын түгел қамтитын синтаксистік категория деп тануға болады.Мұндай үйірлі анықтауыштың құрамында басқа сөз бола бермейді. Бұлар субъект-предикаттық қатынаста ғана тұрады. Өйткені бұлар есім құрылысты сөйлемге өте жақын болады. Тегінде, сөйлемнің толықтауыш, пысықтауыш мүшелерін меңгеретін сөз етістік болады. Ал мұндай сөз тобы бұл тіркестерде кездеспейді. Сондықтан ондай анықтауыштың құрамында меңгеріле байланысқан сөйлем мүшесінің компоненті болмайды.Зат есім мен сын есімнің субъект-предикаттық қатынасы да үйірлі анықтауыш бола алады.Өз ішінде субъект-предикаттық қатынаста құрылған күрделі құрылымды фразеологизмдердің үйірлі анықтауыш қызметінде жұмсалуы жиі кездеседі. Мысалы: Ашуында ауыздық жоқ дағдысына басты. (М.Ә.)

Сөз тіркесі синтаксисін сөйлем құраудың шоғырланған тәсілі дейтін болсақ, онда сол шоғырлану осы үйірлі мүшенің айналасында болады. Сөйлем құрауда шоғырланған материал болған сөз тіркесі сөйлем мүшесі қызметін құрауда қатынаспай қала алмайды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Сәтенова С. Қазақ тіліндегі қос тағанды фразеологизмдердің тілдік және

поэтикалық табиғаты. Алматы, 1997.

2.Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. Алматы, 1994.

3.Оразов М. Қазақ тілінің семантикасы. Алматы, 1991.

4.Кеңесбаев С. О некоторых особенностях фразеологических единиц в

казахском языке // Известия АН Каз. ССР. Алматы, 1954.

5.Қайдар А. Тысяча метких и образных выражений (казахско-русский

фразеологический словарь с этнолингвистическими пояснениями). Астана, 2003.

6. Исаев С. Словарь этнолингвистических понятий и терминов. М., 2001.

7. Шәукенов Қ. Үйірлі мүшелердің ерекшеліктері. Алматы, 1991.

Сабақ жоспары: 3 саны және цифры
Сабақ жоспары: Ондық бөлшектерге амалдар қолдану
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу