Борышкерлерге «қамқорлық жасап» жүрген сот төрағасы ұсталды

Oinet.kz 23-01-2020 1087

Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтардан пара алып, Қазақстан аумағынан тыс жерге шығуына көмектескен.

жемқорлық.jpg

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп, Алматы қаласының Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікпен әшкереледі.

Ол делдал – сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына санкция бергені үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр, - делінген ведомство хабарламасында.

2020 жылғы 22 қаңтарда Бас прокурордың қылмыстық қудалаудан артықшылықтары бар судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісім алынды.

Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды.

Нұр-Сұлтанда 21-нен 22-сіне қараған түні 35 жол апаты тіркелген
«Назарбаев» болып өзгеретін зымыран туралы заң жобасы мақұлданды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу