Математика. 6 сынып. Жылдық қорытындыға арналған сұрақтар

Oinet.kz 21-09-2020 1470

1. Екі санның қатынасы дегеніміз не? Берілген қатынасқа тең қатынас қалай

алынады?

2. Берілген қатынасқа кері қатынас қалай алынады? Берілген қатынаста бөліуге

мысал келтір.

3. Пропорция дегеніміз не? Пропорцияның негізгі қасиеті. Мысалдар келтіру.

4. Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін, белгісіз шеткі мүшесін табу.

Мысалдар.

5. Тура пропорционал шамалар. Тура пропорционалдықтың қасиеті. Тура

пропорционалдық əріптермен қалай жазылады? Мысалдар

6. Кері пропорционал шамалар. Кері пропорционалдықтың қасиеті.

Мысалдар.Кері пропорционалдық əріптермен қалай жазылады?

7. Масштаб дегеніміз не? Масштаб қайда жəне не үшін пайдаланылады?

8. Масштабты, Картадағы кескін ұзындығын жəне жер бетіндегі арақашықтықты

пайдаланып пропорция құрыңдар.

9. Оң сандар жəне теріс сандар ұғымы. Мысал келтір.

10. Натурал сандар,бүтін сандар жəне рационал сандар жиындарына жеке-жеке

қандай сандар жататынын айтыңдар.

11. Қарама - қарсы сандар. Қарама –қарсы сандардың координаталық түзуде

кескінделуі.Мысал келтір.

12. Санның модулі. Сан модулінің жазылуы. Теріс жəне оң санның модулі қалай

табылады? Мысалдар.

13. Рационал сандарды салыстыру ережелері. Мысалдар.

14. Теріс сандарды модульдері бойынша салыстыру.

15. Теріс сандарды қосу.Екі теріс санның қосындысының таңбасы.

16. Екі теріс санды қосқандағы қосындының мəні үлкен ба, əлде қосылғыштардың

біреуі үлкен бе? Мысал келтір.

17. Таңбалары əр түрлі екі санды қосу. Қарама-қарсы сандардың қосындысы.

Мысалдар.

18. Рационал сандар азайту.Таңбалары əртүрлі екі санды азайту. Мысалдар.

19. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу. Таңбалары бірдей

сандарды азайту.Мысалдар келтір.

20. Таңбалары əр түрлі екі санның көбейтіндісі. Мысалдар.

21. Екі теріс санның көбейтіндісі. Мысалдар.

22. Көбейткіштер саны екіден көп теріс жəне оң сандарды көбейту. Мысалдар.

23. Таңбалары əр түрлі сандардың бөліндісі. Мысалдар.

24. Екі теріс санның бөліндісі. Мысалдар.

25. Жай бөлшектің ондық жуықтауы. Периодты ондық бөлшектерді артығымен

жəне кемімен ондық жуықтау.

26. Шектеусіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Мысалдар.

27. Статистикалық сипаттамалар.Берілген сандар қатарының арифметикалық

ортасы, медианасы, модасы жəне ауытқуы.

28. Нүкте, сəуле, түзу жəне кесінді туралы ұғымдар. Мысал келтіріңдер.

29. Бұрыш. Бұрыштың шамасы. Бұрыштың түрлері.

30. Шеңбер ұзындығының формуласын жазыңдар. Шар тəрізді денелерге мысал

келтіріңдер.

31. π саны неге тең? π санының қалай алынғанын айтып беріңдер.

32. Дөңгелектің ауданы қалай табылады? Сфера деген не? Мысал келтіріңдер.

33. Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. Алгебралық өрнектің мəні.

34. Рационал сандарды көбейтудің үлестірімділік қасиеті. Мысал келтір.

35. Тепе-тең өрнектерге мысал келтіріңдер.

36. Қосудың ауыстырымдылық жəне терімділік қасиеттерін пайдаланып

алгебралық өрнектерді түрлендіру.

37. Көбейтудің ауыстырымдылық жəне терімділік қасиеттерін пайдаланып

алгебралық өрнектерді түрлендіру.

38. Жақшаларды ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

39. Қандай өрнектер теңбе-тең өрнектер деп аталады? Қысқартылмаған

бөлшекпен берілген алгебралық өрнек қалай түрлендіріледі? Мысал

келтіріңдер.

40. Қосудың ауыстырымдылық жəне терімділік қасиеттерін пайдаланып,

алгебралық өрнектер қалай түрлендіріледі?

41. Көбейтудің ауыстырымдылық жəне терімділік қасиеттерін пайдаланып,

алгебралық өрнектер қалай түрлендіріледі?

42. Жақша алдында «+» немесе « - » таңбасы болса, жақша қалай ашылады? a (

b+c ) көбейтіндісіндегі жақшаны қалай ашып жазу керек?

43. Қандай қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады? Ұқсас қосылғыштар

қалай біріктіріледі?

44. Қандай теңдеулерді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп атайды?

Қандай теңдеулер мəндес теңдеу деп аталады?

45. Теңдеудің қандай қасиеттерін білесіңдер? Егер а≠0 болса, бір айнымалысы бар

сызықтық теңдеудің түбірі қалай табылады?

46. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар

сызықтық теңдеулер қалай шешіледі? Мысал келтіріңдер.

47. а жəне в санының қайсысы үлкен , қайсысы кіші екенін қалай білеміз?

Координаталық түзуде үлкен сан кіші санның қай жағында кескінделеді?

48. Санды теңсіздік дегеніміз не? санды теңсіздіктердің қасиеттерін атаңдар.

49. Санды теңсіздіктерді қосу, азайту, көбейту, бөлу қалай орындалады?

50. Қандай сан аралықтарын білесіңдер? Қандай сан аралықтары интервал, қандай

сан аралықтары кесінді деп аталады?

51. Сан аралықтарының бірігіуі мен қиылысуын атап, мысал келтіріңдер.

52. Бір айнымалысы бар сызықты теңсіздік деп қандай теңсіздікті айтады?

53. Бір айнымалысы бар сызықты теңсіздіктің шешімі дегеніміз не?

54. Қиылысатын түзу жазықтықты неше бұрышқа бөледі? Екі түзу О нүктесінде

қиылысуынан пайда болған бұрыштар өзара тең болса, бұрыштардың

əрқайсысы неше градустан болады? Үш түзу О нүктесінде қиылысуынан

пайда болған бұрыштар өзара тең болса, бұрыштардың əрқайсысы неше

градустан болады?

55. Қандай бұрыштар вертикаль бұрыштар деп аталады?

56. Қандай түзулер перпендикуляр түзулер деп аталады? Перпендикуляр түзулер

жазықтықты қандай бұрыштарға бөледі?

57. Нүктеден түзуге дейінгі ара қашықтық қалай табылады?

58. Қандай түзулер параллель түзулер деп аталады? Берілген түзуде жатпайтын

бір нүкте арқылы түзуге параллель неше түзу жүргізуге болады?

59. Координаталық жазықтық дегеніміз не? Берілген нүктенің координатасы деп

нені айтады?

60. Берілген нүктенің координатасы деп нені айтады? Мысал келтіріңдер.

61. Координаталық жазықтықта берілген нүктенің координатасы қалай

анықталады?

62. Координаталар осьтері жазықтықты неше бөлікке бөледі? Бөліктер қалай

аталады? Мысал келтір.

63. График дегеніміз не? Қозғалыс графигін салған кезде обциссалар осіне қандай

шама, ординаталар осіне қандай шама салынады?

64. График арқылы шамаладрдың өзгерістерін бақылауға мысал келтіріңдер.

65. Қандай фигуралар түзуге қатысты симетриялы фигуралар деп аталады? Тік

төртбұрыштың , квадраттың жəне шеңбердің неше симтрия осі бар?

66. Қандай фигуралар центрлік симетриялы деп аталады?

67. Нүктеге, кесіндіге, үшбұрышқа жəне шеңберге симетиялы бөлшектері қалай

салынады? Мысал келтіріңдер.

68. Координаталық жазықтықтағы координаталар басы О нүктесіне қатысты

симетиялы нүктелердің координаталыр өзара қандай сандар? Мысал

келтіріңдер.

69. Функция дегеніміз не? Анықтамасын мысалмен түсіндіріңдер.

70. Функцияның анықталу аймағы дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

71. Функцияның мəндерінің аймағы дегеніміз не? Мысал келтіріңдер.

72. Функция кестемен қалай беріледі? Функция кестемен берілгенде аргументтің

берілген мəніне сəйкес функцияның мəнін қалай табады? Кестенің қадамы

деген не?

73. Функцияның графигі дегеніміз не? Аргументтің берілген мəндеріне сəйкес

функцияның графигі қалай салынады? Мысал келтіріңдер.

74. Графиктен аргументтің берілген мəніне сəйкес функцияның мəні қалай

табылады?

75. y=kx+l формуласымен берілген функция қалай аталады? Графигі қалай

салынады?

76. Графигі бойынша функцияны формуламен қалай жазуға болады?

77. Берілген нүктенің түзуге тиісті немесе тиісті емес екені қалай анықталады?

78. Тура пропорционалдық функциясы қандай формуламен беріледі?Мысал

келтіріңде.

79. y= kx жəне y=l функциялары қалай аталады? Олардың графиктері қандай

сызық? Мысал келтіріңдер.

80. Қандай жағыдайда екі сызықтық функцияның графиктері параллель түзу

болады? Қандай жағыдайда екі сызықтық функцияның графиктері

қиылысады? Қандай жағыдайда түзулер ординаталар осіндегі бір ғана нүктеде

қиылысады?

Математика. 6 сынып. Жарты жылдық қорытындыға арналған сұрақтар
Математика. 11 сынып. Ауызша емтихан билеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу