Математика. 6 сынып. Жарты жылдық қорытындыға арналған сұрақтар

Oinet.kz 21-09-2020 1054

1. Натурал санның бөлгіштері, натурал санның еселіктері. Жай сандар

және құрама сандар.

2. Қосындының, айырманың және көбейтіндінің берілген санға

бөлінгіштігі.

3. Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері.2,3,5,9,10,11 сандарына бөлінгіштік

белгілері.

4. Сандарды жай көбейткіштерге жіктеу. ЕҮОБ және ЕКОЕ.

5. Жай бөлшек. Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшектерді

қысқарту.

6. Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер, аралас сандарға мысал

келтіріңдер.

7. Жай бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу қалай орындалады?

Мысал келтір.

8. Ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлу қалай орындалады?

Мысал келтір.

9. Санның бөлігін табу. Бөлігі бойынша санды табу.

10. Бірлесіп орындалатын жұмыстарға есептер.

11. Ондық бөлшекті 10, 100, 1000 және 0,1; 0,01; 0,001 сандарына көбейту

және бөлу.

12. Пайыз. Санның пайызын табу, пайызы бойынша санды табу.

13. Екі санның қатынасы дегеніміз не? Берілген қатынасқа тең қатынас

қалай алынады?

14. Берілген қатынасқа кері қатынас қалай алынады? Берілген қатынаста

бөліуге мысал келтір.

15. Пропорция дегеніміз не? Пропорцияның негізгі қасиеті. Мысалдар

келтіру.

16. Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін, белгісіз шеткі мүшесін табу.

Мысалдар.

17. Тура пропорционал шамалар. Тура пропорционалдықтың қасиеті. Тура

пропорционалдық әріптермен қалай жазылады?

18. Мысалдар.

19. Кері пропорционал шамалар. Кері пропорционалдықтың қасиеті.

Мысалдар.Кері пропорционалдық әріптермен қалай жазылады?

20. Масштаб дегеніміз не? Масштаб қайда және не үшін пайдаланылады?

21. Масштабты, Картадағы кескін ұзындығын және жер бетіндегі

арақашықтықты пайдаланып пропорция құрыңдар.

22. Оң сандар және теріс сандар ұғымы. Мысал келтір.

23. Натурал сандар,бүтін сандар және рационал сандар жиындарына жеке-

жеке қандай сандар жататынын айтыңдар.

24. Қарама - қарсы сандар. Қарама –қарсы сандардың координаталық

түзуде кескінделуі.Мысал келтір.

25. Санның модулі. Сан модулінің жазылуы. Теріс және оң санның модулі

қалай табылады? Мысалдар.

26. Рационал сандарды салыстыру ережелері. Мысалдар.

27. Теріс сандарды модульдері бойынша салыстыру.

28. Теріс сандарды қосу.Екі теріс санның қосындысының таңбасы.

29. Екі теріс санды қосқандағы қосындының мәні үлкен ба, әлде

қосылғыштардың біреуі үлкен бе? Мысал келтір.

30. Таңбалары әр түрлі екі санды қосу. Қарама-қарсы сандардың

қосындысы. Мысалдар.

31. Рационал сандар азайту.Таңбалары әртүрлі екі санды азайту.

Мысалдар.

32. Координаталық түзудегі кесіндінің ұзындығын табу. Таңбалары бірдей

сандарды азайту.Мысалдар келтір.

33. Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісі. Мысалдар.

34. Екі теріс санның көбейтіндісі. Мысалдар.

35. Көбейткіштер саны екіден көп теріс және оң сандарды көбейту.

Мысалдар.

36. Таңбалары әр түрлі сандардың бөліндісі. Мысалдар.

37. Екі теріс санның бөліндісі. Мысалдар.

38. Жай бөлшектің ондық жуықтауы. Периодты ондық бөлшектерді

артығымен және кемімен ондық жуықтау.

39. Шектеусіз периодты ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру.

Мысалдар.

40. Статистикалық сипаттамалар.Берілген сандар қатарының

арифметикалық ортасы, медианасы, модасы және ауытқуы.

41. Нүкте, сәуле, түзу және кесінді туралы ұғымдар. Мысал келтіріңдер.

42. Бұрыш. Бұрыштың шамасы. Бұрыштың түрлері.

43. Шеңбер ұзындығының формуласын жазыңдар. Шар тәрізді денелерге

мысал келтіріңдер.

44. Дөңгелектің ауданы қалай табылады? Сфера деген не? Мысал

келтіріңдер.

45. Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. Алгебралық өрнектің мәні.

46. Рационал сандарды көбейтудің үлестірімділік қасиеті. Мысал келтір.

47. Тепе-тең өрнектерге мысал келтіріңдер.

48. Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып

алгебралық өрнектерді түрлендіру.

49. Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып

алгебралық өрнектерді түрлендіру.

50. Жақшаларды ашу. Ортақ көбейткішті жақша сыртына шығару.

Қазақстан тарихы. Емтихан билеттері
Математика. 6 сынып. Жылдық қорытындыға арналған сұрақтар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу