Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Бүйректің ангиомиолипомасы - жуан қабырғалы жəне жетілген майлы тінді қан жүретін тамырлар , əр түрлі сандық ара қатынаста көрсетілген, майда бұлшық ет талшықтарынан тұратын мезенхималық қатерсіз ісік. Ангиомиолипома термині алғаш рет 1951 жылы Morgan енгізгенмен , əйтсе де ісіктің гистологиялық көрінісі бойын- ша ұқсастығын ертерек 1911 жылы Fisher жазған. Аталған ісіктің ұшырасу жиілігі 0,3 - 3 % құрайды, жəне де кездейсоқ пайда болатын ангиомиолипома 40 - 60 жастағы əйелдерде жиі кездеседі ( еркектердің жəне әйелдердің қатынасы 1:10
Бұл мақала бүйректің ангиомиолипомасының асқыну ағымына арналған . Босану кезіндегі сол жақ бүйректің ангиомиолипомасының жарылуы жағдайы жəне жүргізілген емдердің қорытындысы мен әдісі қарастырылған.
Босану кезіндегі ангиомиолипоманың жарылуының қызық жағдайына токталайық: 23 жастағы С деген науқас 13.06.2008 ж Орталық Əскери Госпиталідің урология бөлімшесіне босанғаннан соң, бес тəулíктен кейін белінің сол жақ аймағының қатты ауырған шағымымен түсті. Қан сараптамасында: лейкоцитоз жəне анемия. Ал зəр сараптамасы қалыпты. Іштің сол жақ аймағын сипағанда ісік байқалды.Экскреторлы урограммада - бүйректің қызметі бұзылып,үлкейген. Ал сол жақ ретрогратты уретеропиелограммада жоғарғы тостақшадан шыққан шектелген іспек анықталды. Компютерлі томограмма суретінде- сол бүйрек аймағында шеттері анық гетерогенді түзіліс анықталды. Ерте босанудан кейінгі кезеңді ескере отырып,жиырылмаған. жатыр жəне қан ағудың болмау- ын ескере отырып, акушерлермен бірге операция алды дайындық басталды.
аймағынанның нефрэктомиясы, кеуде қуысын жəне құрсақ жаны қуысты дренжадау операциялары жасалынды.
Препарат: Бүйрек паранефримен 22 х 13 см, фасция мен капсуланы кескенде жоғарғы бөлігінде 500 мл дейін қан ұйып қалған, кесіндісінде жоғарғы бөлігінде ашық тығыз түзіліс 4х5 см, биопсия № 2462-76- 04.07.2006 жыл ангиомиолипома.
Операциядан кейінгі кезең асқынусыз өтті, жарасы жазылған соң науқас шығарылды.
Жүкті əйелдердщ асқынуын болдырмауда ултрасонологиялық зерттеудің маңызы зор.
Əдебиеттер
«Клиникалық онкоурология » профессор Б.П. Матвеевтің редакциясымен .Москва, 2003 жыл, 11 - 16 бет .
Кілітті сөздер: ангиомиолипома, бүйрек, жарылу, жүктілік,босану, тораколюмботомия, нефрэктомия.