Ашық сабақ, Физика. «Қатты денелердегі қысым»

Oinet.kz 09-10-2019 1163

Сабақтың тақырыбы:«Қатты денелердегі қысым»
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары:7. 3. 1. 2 – қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;
Сабақтың мақсаты:Барлық оқушылар: Қатты денелерге түскен күштің қысымы туралы
біледі
Басым бөлігі: Қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін түсінеді
Кейбір оқушылар: Күнделікті өмірмен байланыстыра алады.

Бағалау критерийі:1. Қысымның физикалық мағынасын айқындайды
2. Қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтайды
3. Мысалдар келтіргенде өмірмен байланыстырып қолданады.

Тілдік мақсат:Топтық жұмыс барысында қысымның арту кемуіне формула бойынша тілдік қарым - қатынасқа түсу
Құндылықтарға баулу:Топ - жұмысы - ұжымшылдық, ортақ істің нәтижесіне жауапкершілік, жеке жұмыс - өмір бойы білім алуы 
Пәнаралық байланыс:математика
Алдыңғы білім:Аудан, күш, заттың молекулалық құрылымы
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Сабақтың жоспарланған кезеңдеріСабақтағы жоспарланған жаттығу түрлеріРесурстар
Сабақтың басы
10 минут
1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Топқа бөлу Топ аттары жазылған стикерлер
2. Ынтымақтастықты қалыптастыру. Психологиялық ахуал туғызу:
«Шаттық шеңбері» - тілек айту 

3. Үй тапсырмасын тексеру:
«Серпілген сұрақтар»
1. Қатты денелердің молекулалық құрылымы?
2. Қатты дене көлемі мен пішінін сақтай ма?
3. Дене және зат дегеніміз не?
4. Материя дегеніміз не?
5. Күш дегеніміз не?
6. Аудан ұғымын қалай түсінесіндер?
Үлестірме кағаздар
ҚБ: Бірін бірі бағалайды, дұрыс жауаппен түзету жасайды.(Смайликтер арқылы бағалау.)
Сабақтығң ортасы
27 минут
Тақырыпты ашу:
«Ой қозғау» - берілген суреттер арқылы, оқушылармен тақырыпты табу, сабақ мақсаты мен критерийлерді бірлесе құру. 

Бағалау критерий Білім алушы• Қысымның қандай шамаларға тәуелді екенін анықтайды.Тапсырма 1Суреттегідей қойылған кірпіштер жерге бірдей қысым түсіреді ме?Дескриптор Білім алушы- қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін түсіндіреді. Тапсырма 2 Суға түсіп кеткен адамды құтқарушы балалардың қайсысының әрекеті дұрыс. Себебін түсіндіріңіз.Білім Дескриптор Білім алушы- қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасайды. 


ЖИГСО әдісімен оқулықтағы қатты денелердегі қысым тақырыбын түсіндіру.
Мәтінді оқу.
Бағалау критерийі
1. Мәтіннен түсінгендері.
Топ ішінде және топ арасында мәтіннен түсінген пікірлерін талқылағаны.
Дескриптор
1. Мәтіннен түсінгендерін айтады.
2. Топ ішінде және топ арасында мәтіннен түсінгенін айта біледі
3. Күнделікті өмірден мысал келтіре отыра өз пікірлерін дәлелдейді.
Оқулықпен жұмыс

ҚБ: «Үш шапалақ» 
Сергіту сәті: «Қысымды арттыру және кеміту» ойыны
Сұрақ - жауап: «Конверт» әдісі.
Осы тақырыпты ашатын анықтамаларды қайталайды. 

ҚБ: «Бас бармақ»
Сабақтың соңы
8 минут
Кері байланыс:
Семантикалық картаны толтыру

ҚысымПаауданБетке түскен күштің әрекетін сипаттайтын шама+Қысым тәуелді болатын шама+Қысымның өлшем бірлігі+Күштің ауданға қатынасы+

Таратпалар, маркер
ҚБ: таратпаларын алмасып, бір - бірін бағалайды 
Концептулдық кестеҮлестірме қағаз
Үй тапсырмасы:
Қатты денелердегі қысым тақырыбына шығармашылық жұмыс жасап келу

Рефлексия: Стикерлер
Саралау – Сіз қандай тəсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау
Саралау – сабақ мақсатынан бастап қолданылды. Оқушыларға тапсырмалардың барлығын А, В, С деңгейі арқылы берілді.Әр тапсырманы орындаған сайын қалыптастырушы бағалау әдістері қолданылады: «Смайлик», «Үш шапалақ»Психологиялық ахуал туғызуда, сергіту сәтін орындағанда, қауіпсіздік ережелері сақталды


Филология. Баяндама. Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романындағы көркемдік шындық
Филология. Реферат. Қазіргі қазақ драматургиясы: идея және көркем шындық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу