Филология. Реферат. Саяси дискурстың прагматикалық аспектісі

Oinet.kz 09-09-2020 1531

Мақалада саяси дискурстың прагматикалық аспектісі сөз етіледі. Дискурс мәселесі соңғы жыл­ дары дамып келе жатқан антропоөзектілікпен сабақтастықта, хабарды айтушы (адресант) және ха­барды алушы (адресат) арасындағы өзара қарым­қатынас пен адресатқа әсер ету прагматикасына негізделеді.


Дисурстың коммуникативті әсер ету қабілеті мен айтылып отырған ақпарат жөнінде адресаттың белгілі бір көзқарасын, пікірін қалыптастыру, яғни мақсатты түрде әсер ете алу қабілеті дискурстың прагматикалық аспектісі немесе дискурстың прагматикалық потенциалы деп аталады.


Дискурсты, оның ішінде саяси дискурсты прагматикалық тұрғыдан талдағанда оған қаты­ сушылардың және коммуниканттардың мақсат­ниеттері мен мақсаты басшылыққа алынуы тиіс. Басқаша сөзбен айтқанда, дискурсты түсіну автордың ойын түсіну болып табылады. Ал өз кезе­ гінде адресант сол дүниені керекті және әсерлі нұсқада жасау үшін түрлі тілдік амалдар мен тілдік таңбаларды қолданады. Біздің пайымдауымызша, саяси дискурс қоғамның саяси көзқарасы мен дүниетанымын көрсетсе, оның прагматикасы адресанттың мақсат­ниеті мен мақсатының тікелей адресатқа ықпал етуге бағытталған тілдік қатынас коммуникациясын қолданудың заңдылықта­ рын реттеуді көрсетеді.


Соңғы жылдары дамып келе жатқан антропоөзектілік лингвистика, когнитивті лингвистика, мəтін лингвистикасы, дискурс мəселесі сияқты жаңа бағыттар тілдің жеке, оқшау тұрған қалпын емес, адамның қабылдау, ойлау, түсіну, өзгеге жеткізу қабілеттерімен байланыстыра қарастырылады, яғни тіл, жазылған мəтін бұрынғы түсіндіріліп жүргеніндей өз алдына бөлек формалды дүние емес, сол тілді пайдаланатын адамның ақпаратты, алынған хабарды қабылдауы мен жеткізуінің белгілі бір жемісі. Басқаша айтқанда, соңғы жылдарға дейін қазақ əдеби тіліндегі стильдер, жанрлардың түрлері, белгілі бір мəтін, тілдік құрылым, сөйлеудің белгілі бір типке түсірілген формалары ретінде қарастырылса, қазіргі кезде бұлардың барлығы хабарды айтушы (адресант) жəне хабарды алушы (адресат) арасындағы өзара қарым-қатынас пен адресатқа əсер ету прагматикасына негізделеді. Нəтижесінде қазіргі ғылымда дискурс, прагматика мəселелері бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алдымен, дискурс ұғымын айқындап алайық. Уикипедия ашық энциклопедиясының анықтамасы бойынша, дискурс (фр. discours) –тілдік коммуникация түрі. Кең шеңберде, дискурс дегеніміз уақыттың мəдени тілдік контексті. Оған рухани-идеологиялық мұра, көзқарас, дүниетаным кіреді. Тар мағынада, дискурс деп қандай да болмасын мағыналы, құнды іс-əрекеттің (актінің) нақты тілдік шындығын айтады. Дискурс –сөйлесу арқылы берілетін ойдың əлеуметтік астарына талдау беретін ұғым. Дискурс адамдардың сөйлеу арқылы жасаған қарым-катынасынан кейін ғана мағынасы болады, яғни мағынасы мен белгісін, сөз бен ойдың бірлігін айқындайды.


Қазіргі тіл білімінде өзекті де басым бағыттардың бірі антропоөзектілік болып отырғандығын жоғарыда атап өттік. Қазіргі зерттеулерде адам факторы негізге алынып зерттеліп жатыр.


Тіл білімінің қай саласын алмайық, тілді адамнан тыс, адам əрекетінен тыс қарау дұрыс пікірлер мен тұжырымдарға əкелмейтіндігіне көзіміз жетіп отыр. Еліміз тəуесліздік алғаннан кейінгі жылдары қазақ тіл білімі жаңа бағытта, ерекше қарқында, жаңа сипатта зерттеліп, бұл ең алдымен саяси, құқықтық, əлеуметтік, лингвистикалық, демографиялық, тарихи жəне қазақ тілді қоғам үшін тың факторлармен байланысты болды. Қазіргі тіл білімінде қоғамдық санадағы, қоғамдық болмыстағы осы өзгерістердің тілдегі рефлексиясына талдау жасау, тілдің даму болашағын айқындау, тілдегі кейбір үдерістердің бағытын тілдік жүйенің іргелі, қоғам сұранысына тиімді жауап беретіндей болуы үшін дұрыс арнаға бұру мақсатында антропоцентристік бағыттағы əлемдік тіл ғылымы салалары бойынша да күрделі зерттеулер жүзеге асырылып отыр. Адам факторын негізгі фактор ретінде алып отырған жаңа сипаттағы бірнеше салалар қатар дамып отыр. Олар: линвгостилистика, когнитивті лингвистика, əлеуметтік лингвистика, прагмалингвистика. Олардың ішінде прагмалингвистикаға айрықша тоқталғымыз келеді. Прагмалинвистика деп аталатын тіл білімінң саласында антропоөзектілік, яғни адам факторы адресант – мəтіт – адресат триадасының шеңберінде қаралып, олардың өзара қатынасы мен байланысы проблема ретінде қарастырылады. Кез келген мəтін бір мақсатты көздейді. Адресанттың мəтін арқылы көздеген мақсат-ниеті оқырманға, яғни адресатқа əсер етуі мəтіннің прагматикасын көрсетеді. Ол прагматиканы жасаушы – адресант. Прагматика міндеті – тікелей адресатқа ықпал етуге бағытталған тілдік қатынас коммуникациясын қолданудың заңдылықтарын реттеу.


Дискурсты прагматикалық тұрғыдан зерттеу коммуникативтік ситуацияға жəне оған қатысушы адресант пен адресатқа тікелей байланысты болады. Дискурсты түсіну деп адресант айтайын деп отырған ойына, ойлау дүниесіне ену жəне оны интерпретациялау деп түсінеміз.


Дискурс мəселесін зерттеген отандық жəне шетелдік зерттеушілер қатарына келесідей лингвист зерттеушілерді айтсақ болады: Э.Д. Сулейменова, Г. Бүркітбаев, З. Ерназарова, Д. Әлкебаева, Г. Матжанова, В.И. Карасик, Е.С. Кубрякова, Е.И. Шейгал, Ю. Хабермас, Т. ван Дейк, М. Фуко. Ал прагматикалық зерттеудін бастамалары Ч. Морристің семиотикаға арнаған еңбектерінде бастау алады. Прагматикалық зерттеулер қатарын Қ.Ө. Есенованың


«Қазіргі қазақ медиа-мəтінінің прагматика сы (қазақ баспасөз материалдары негізінде)», Н. Уəлидің, З. Ерназарованың «Қазақ тілінің прагматикасы» атты еңбектерін атап өтсек болады. Ю.С. Степановтың айтуы бойынша, «прагматика занимается теми же вопросами, что и традиционная стилистика и еще более старинная риторика; выбор языковых средс тв из наличного репертуара для наилучшего выражения своей мысли или своего чувства, выражения наиболее точного, или наиболее красивого или наиболее соответствующего обстоятельствам» [1, 15]. Осы орайда В.Н. Комиссаров былай ойын қорытады: «воспринимая информацию из текста, рецептор вступает в определенные личностные отношения к тексту, которые он называет прагматическими отношениями. Эти отношения, как указывает ученый, могут носить интеллектуальный характер, когда рецепторы используют текст преимущественно для извлечения сведений о каких-либо фактах и событиях, его лично не касающихся и не представляющих для него большого интереса. С другой стороны, информация может затронуть чувства рецептора, вызвать определенную эмоциональную реакцию. Такое воздействие он называет прагматическим аспектом (или прагматическим потенциалом текста)» [1, 209]. Осы тұжырымдарға сүйенетін болсақ, прагматиканың нақты шегі жок, ол ең алдымен коммуникативтік ситуациямен байланысты мəселелерді қарастырады. Прагматикалық зерттеулерде маңызды рөлді ауысша жəне жазбаша дисурсты қабылдайтын жəне интерпретациялайтын адресат атқарады. Сонымен, қорытындылай келе, дисурстың коммуникативті əсер ету қабілеті мен айтылып отырған ақпарат жөнінде адресаттың белгілі бір көзқарасын, пікірін қалыптастыру, яғни мақсатты түрде əсер ете алу қабілеті дискурстың прагматикалық аспектісі немесе дискурстың прагматикалық потенциалы деп аталады.


Қазіргі тіл білімінде дискурс ұғымына берілген анықтамалар мəселесін шешудің түрлі əдістері бар. Олардың классификациясы Е.С. Кубрякованың «Дискурс, речь, речевая деятельность» атты еңбегінде төмендегідей топтастырылған:


Құрылымдық-синтаксистік əдіс: дискурс мəтін фрагменті ретінде, яғни сөйлемнен үлкен деңгей құру (күрделі синтаксистік тұтастық, фразалық тұтастық);


Құрылымдық-стилистикалық əдіс: дискурс сөйлеу тілінің мəтіндік емес ұйымдасуы ретінде; Коммуникативті əдіс: дискурс вербалды қарым-қатынас ретінде (сөйлеу (речь), тілдік қолданыстар мен қызметі) немесе диалог, əңгімелесу (диалогтік сөйлесу түрі) [3, 7].


Яғни, сəйкесінше, дискурс – ерекше əлеуметтік құрылым ретінде берілген «тілдегі тіл». Дискурс ең алдымен мəтінде өмір сүреді, бірақ ең бастысы ерекше грамматикадан, лексиконнан, сөз қолданыстары мен өзіндік синтаксисінен тұратын мəтінде көрініс табады. Дискурс пен мəтін өте ұқсас ұғымдар. Олардың аражігін айыру үлкен мəселелердің бірі. Осы орайда А. Әділова дискурс пен мəтіннің мынадай ортақ белгілері мен айырмашылықтарын келтіреді: 1. дискурс автор интенциясына, стиль ерекшеліктеріне байланысты сұрыпталып, іріктеліп алынатын тілдік құралдардың жиынтығы; 2. дискурс мəтінге қарағанда кең ұғымды қамтиды, ол сөйлеу үдерісі; 3. дискурс нақтылы уақытпен ажырамас бірлікте, ал мəтін тек мəдени кеңістікте өмір сүреді, яғни ол уақытқа тəуелді емес, кез келген кезеңде екінші бір дискурста өзектенуі мүмкін; дискурсты қайта туындатуға болмайды, ал көркем мəтін қайта туындатуға қабілетті жəне бейім; 5. дискурс ақпаратты беру тəсілі болса, мəтін ақпаратты сақтаушы, жинақтаушы, жаңа мəн тудырушы көпқырлы, көпқабатты құрылым [4, 49].


Біздің назарымыз саяси дисурсқа бағытталып отыр. Біздің ойымызша, саяси дискурсқа саяси қайраткердің экслицитті де, имплицитті де ниетін көрсететін жəне оқырманның не тыңдарманның санасына əсер етіп қана қоймай, оның сана-сезімін өз мақсатында қолданатын ерекше прагматикалық потенциал тəн деп ойлаймыз.


Сонымен, қорытындылай келе, дискурс ұғымы тіл біліміндегі антропоцентристік бағытты ұстанған көптеген психолингвистика, əлеуметтік лингвистика, паралингвистика, нейролингвиста, когнитивті лингвистика жəне прагмалингвистика сияқты арнаулы салалары дербестенуіне байланысты айрықша маңызға ие болып отыр. Дискурсты, оның ішінде саяси дискурсты прагматикалық тұрғыдан талдағанда оған қатысушылардың жəне коммуниканттардың мақсат-ниеттері мен мақсаты басшылыққа алынуы тиіс. Оқырман қандай да бір ақпаратты алғанда автордың сол мəтінді дайындаған сəттегі қиял дүниесі мен ниетін елестетуге тырысады. Басқаша сөзбен айтқанда, дискусты түсіну автордың ойын түсіну болып табылады. Ал өз кезегінде адресант сол дүниені керекті жəне əсерлі нұсқада жасау үшін түрлі тілдік амалдар мен тілдік таңбаларды қолданады. Біздің пайымдауымызша, саяси дискурс қоғамның саяси көзқарасы мен дүниетанымын көрсетсе, оның прагматикасы адресанттың мақсат-ниеті мен мақсатының тікелей адресатқа ықпал етуге бағытталған тілдік қатынас коммуникациясын қолданудың заңдылықтарын реттеуді көрсетеді. Саяси дискурс деп бұқара халықтың саяси көзқарасын, пікірін қалыптастыру үшін психологиялық, идеологиялық, саяси тұрғыдан эмоционалды түрде əсер ете отырып, халықты саяси іс-əрекетке, қоғамдағы түрлі пікірлер жағдайында қоғамдық-саяси шешімдер негіздеуге жəне қабылдауға итермелеу, белгілі бір ағымдар идеологиясын немесе саяси ақпаратты таратуды насихаттау, үгіт-насихат жүргізу деп білеміз. Саяси дискурстың орталық түсінігі болып белгілі бір тілдік тұлға болып табылады, бұл жерде тілдік тұлға деп белгілі бір саяси қайраткерді айта аламыз. Тілдік тұлғаны лингвистикалық жəне тілдік сана тұрғысынан, яғни лингвистикалық концептология мен дискурс теориясы тұрғысысан сипаттаса болады. Осы тілдік тұлға мəселесі жөнінде Ю.Н. Карауловтың «Русский язык и языковая личность» атты еңбегі құнды ақпаратқа толы. Тілдік тұлғаның саяси дискурста ерекше көрініс табуы оның бұқаралық ақпарат құралдарында кең ауқымда таралуымен жəне бұқара халықтың санасына ерекше əсер етуімен түсіндіріледі.


Саяси дискурстың прагматикалық потенциалы оның мақсатқа бағытталуымен анықталады. Дискурстың прагматикасы тыңдаушыға тікелей өзіне қарату, яки сөзді айтылған сəтте қолма-қол қабылдау. Бұл үгіт-насихаттың мүмкіндігін молайта түседі. Саяи дискурс негізінен үгіт-насихат, идеологиялық күресті жүргізу мақсатында адамдарға манипуляция арқылы ықпал етумен сипатталады. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігінде манипуляция деп адамның көзқарасын өзгеретіні жəне іс-қимылын бақылайтын идеологиялық жəне əлеуметтік, психологиялық ықпал ету жүйесін атайды. Сондықтан да, саяси дискурс деп ерекше таңбалық жүйені атайды, сəйкесінше тілдік таңба басқа таңбалардағы семантикасы мен синтактикасы арқылы ғана көрінбейді, сонымен қатар, прагматикасымен сипатталады. Тілдік таңбалар, яғни тілдік бірліктер адамға белгілі бір деңгейде əсер етуі мүмкін: жағымды, жағымсыз немесе нейтралды. Адам санасында белгілі бір əсер қалыптастырады. Кез келген мəтін не сөз оқырманға не тыңдарманға белгілі бір дəрежеде прагматикалық тұрғыда əсер етеді. Алдын ала прагматикалық тұрғыдан жоспарланған жəне арнайы мақсатталған саяси дискурсты айтушы ойын жеткізу кезінде белгілі бір тілдік құралдарды қаншалықты ұтымды пайдаланса, айтушының айтайын деген ниеті тыңдырман не оқырман арқылы соншалықты əсерлі қабылданады. Бұл кезде коммуникативтік сапа пен саяси дискурстың прагматикасы нəтижелі болды деп пайымдауға болады.


Әдебиеттер


Степанов Ю.С. В трехмерном пространстве языка. Семиотические проблемы лингвистики, философии и искусства. – М.: Наука, 1985. – 335 c.

Комиссаров В.Н. Теория перевода. – М.: Высшая школа, 2004. – 253 с

Кубрякова Е.С. О понятиях дискурса и дискурсивного анализа в современной лингвистике // Дискурс, речь, речевая деятельность: функциональные и структурные аспекты. – М., 2000. – С. 7-25.

Әділова А. Қазіргі қазақ көркем шығармаларындағы интертекстуалдылықтың репрезентациясы, семантикасы, құрылымы. филол. ғыл. докт. дисс. – Алматы, 2009. – 235 б.

Есенова Қ.Ө. Қазіргі қазақ медиа-мəтіннің прагматикасы (қазақ баспасөз материалдары негізінде): 10.02.02 – қазақ тілі мамандығы бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты…– Aлматы, 2007.

Филология. Реферат. Топонимжасамдық тәсілдер мәселесі
Филология. Реферат. Портрет телімдері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу