Филология. Реферат. Топонимжасамдық тәсілдер мәселесі

Oinet.kz 09-09-2020 838

Топонимжасамдық тәсілдер мәселесі

Мақалада тілімізде қалыптасқан жаңа сөз жасаушы сөзжасамдық тәсілдер туралы, олардың терминдерінің сәйкестіктері туралы соңғы пікірлерге талдау жасалған. Тілімізде сонау көне заман­ дардан бастап қалыптасқан сөзжасамдық заңдылықтар бар екендігін, олардың териминдерінің әлі де қалыптаспағаны туралы айтылады. Тіліміздегі жер­су атауларының жасалуы қалыптасқан сөзжасамдық тәсілдер арқылы жасалған туынды сөздер тобына жатады. Олардың бәрі де сөзжасам үрдісінің нәтижесінде пайда болған. Сондықтан аталған мақала топонимжасам тәсілдерін анықтауға арналғандықтан топонимжасамның зерттеу нысаны болып табылады да, сөзжасам жүйесінде өзіндік орын алады деп санаймыз.


Топонимдердің жасалуындағы тəсілдер туралы айтпас бұрын ең алдымен тілімізде қалыптасқан жаңа сөз жасаушы сөзжасамдық тəсілдер туралы айта кетейік. Себебі топонимдер туынды сөздер болғандықтан тілімізде қалыптасқан сөзжасамдық тəсілдер арқылы жасалды. Ал оның ғылыми негізі жасалынғаны, зерттелінгені белгілі.


Тіліміздегі жаңа сөздердің барлығы белгілі бір тəсіл арқылы жасалады. Тілде сонау көне замандардан бастап қалыптасқан сөзжасамдық заңдылықтар бар. Сол заңдылықтар жер-су атауларын жасауда да қолданылады. Себебі топонимдердің барлығы дерлік туынды сөздер. Тіл білімінде туынды сөздердің белгілі сөзжасамдық тəсілдер арқылы жасалатыны ерте танылғандығы, бірақ сөзжасамдық тəсілдер түрліше аталып, оның терминдері қалыптаспағандығы туралы белгілі ғалымдар, филология ғылымдарының докторлары, профессор Н. Оралбай, К. Құрманəлиев жəне Ж. Балтабаевалар сөзжасамдық тəсілдер мəселесінің əлі толық шешілмегенін айтады [1, 57].


Сөзжасамдық тəсілдердің А. Ысқақов үш түрі – тəсілі туралы айтады: морфологиялық, синтаксистік,морфологиялық-синтаксистік(синтаксистік-морфологиялық) тəсіл [2, 90]. Ал зат есім сөзжасамында: «Зат есімдер лексикалық, морфологиялық, синтаксистік тəсілдер арқылы жасалады» [2, 155] дейді.


Кейінгі шыққан ғылыми басылымдарда


«Қазақ грамматикасында» (2002), «Қазақ тілінің сөзжасамы» оқулығында (2002) сөзжасамдық тəсілдердіңүштүрікөрсетілген:«1.Синтетикалық тəсіл, 2. Аналитикалық тəсіл, 3. Лексика-семантикалық тəсіл» [3, 34]. 1989 жылғы «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» монографиясында: 1) сөзжасамның синтетикалық тəсілі, 2) сөзжасамның аналитикалық тəсілі, 3) сөзжасамның лексика-семантикалық тəсілі деп берілген [4, 64].


2014 жылы шыққан сөзжасамның жаңа оқулығында осы уақытқа дейін сөзжасамдық тəсілдердің бəрін қазақ тілінің байырғы сөздерімен беруге болатынына қарамай, орыс тілінің ықпалына сүйеніп, орысша терминдерді қолданудың зиянды əсеріне берілу дұрыс емес екені ескеріліп, оқулықта сөзжасамдық терминдер тіліміздегі байырғы сөздермен беріліп, қазақ тілінің сөзжасамдық тəсілдерінің терминдері жаңаша аталған: «Қазақ тілінде 3 түрлі сөзжасамдық тəсіл бар. Ол сөзжасам тəсілдер: 1) сөзжасамдық жұрнақ тəсілі; 2) сөзжасамдық күрделендіру тəсілі; 3) сөзжасамдық мағына тəсілі» [5, 202-203].


Бірінші, топонимжасамдық жұрнақ тәсілі. Қазақ тілі жалғамалы тілдерге жататын болғандықтан жаңа жер-су атаулары жұрнақтар арқылы жасалынады.


Топонимдердің жұрнақ тəсілі арқылы жасалуында екі тілдік бірлік қызмет атқарады:


лексикалық мағыналы уəждеме сөз, 2) топонимжасамдық жұрнақ.

Жер-су атауларын жасауға қатысатын бұл тілдік бірліктердің əрқайсысының атқаратын өзіндік қызметі бар. Сол қызметтеріне орай оларға қойылатын талаптар да бар. Ол көне замандардан бері сақталып келе жатқан заңдылық уəждеме болу үшін ол толық лексикалық мағыналы сөз болу керек. Н. Оралбай, К. Құрманəлиев, Ж. Балтабаевалар: «Туынды сөз жасауға қатысатын лексикалық бірлік, яғни уəждеме сөздің толық лексикалық мағыналы сөз болуының талап етілуінің өз себебі бар. Өйткені уəджеме сөздің лексикалық мағынасы туынды сөздің лексикалық мағынасын жасауға арқау, негіз болады. Туынды сөздің лексикалық жаңа мағынасы уəждеме сөздің лексикалық мағынасын өзгерту, түрлендіру арқылы жасалады. Мысалы, көк-көгер, жақсы-жақсар, ақыл-ақылды, жұмыс-жұмыскер, орман-орманшы сияқты уəждемелер мен ол уəждемелерден жұрнақарқылыжасалғантуындытүбірсөздердің мағыналары байланысты екені көрініп тұр» деген пікір айтады. Сол сияқты топонимдердің жасалуында жұрнақ уəждемелердің мағынасын өзгерту арқылы, уəждемеге негізделген туынды сөз – туынды түбір – топоним жасай ды. Уəждеменің мағынасы мүлдем жойылып кетпейді, топонимдік мағынаға негіз болады. Мысалы, Бақты, Шилі, Қоянды, Мойынты, Түндік, Егінді, Күйгентас, Батпақ, Бұзықтам, Бұрма, Бүгіл, Еспе, жəне т.б.


Бұдан шығатын қорытынды: топонимдер жалқы есімдер болғандықтан зат есім сөз табына жатады. Ал зат есімнің өз сөзжасамдық жұрнақтары бар. Алайда топонимдердің жасалуында сын есім жұрнақтары болып танылып жүрген


-лы/-лі, – ды/-ді, – ты/-ті жұрнағын жатқызамыз. Аталған жұрнақ сөзжасамды сын есім тудырушы қосымша саналады. Мысалы, «Сулы жер. Таулы мекен. Балықты көл. Ақылды қыз. Көргенді бала» деген тіркестерде сулы, таулы, балықты, ақылды, көргенді сөздері «қандай?» деген сұраққа жауап беріп, заттың бойындағы қасиетін білдіріп тұр. Ал жер-су аттары зат есімдер – жалқы есімдер болғандықтан -лы/ лі, – ды/-ді, – ты/-ті жұрнағы атауыштық қызметте тұр. Бұл аталған жұрнақтың бойында субстантивтік қасиет барын білдіреді жəне оны мекен мəнді жұрнақтарға жатқызуға болады.


Түндік, Егінді, Күйгентас, Батпақ, Бұзықтам, Бұрма, Бүгіл, Еспе атауларында –тік,


-ін, -ді, -ген, -пақ, – ық, – ма, -іл, -пе сөзжасамдық жұрнақтары қолданылған. Олар əр сөз таптарына телеулі болса да, жер-су атауларын жасауда


туынды сөздік құрамында тұрып, атау болып тұр. Мұнда сөзжасам заңдылығына сəйкес түн, ек, күй, бат, бұз, бұр, бүк, ес уəждемелері жұрнақ мағынасын жүзеге асыруға қызмет етіп тұр. Уəждеме сөз де, сөзжасамдық жұрнақ та сөзжасамдық жұрнақ тəсілінің бірліктері болып саналып, туынды түбір жасалынып, ол жер-су аттарын атауда қолданылып тұр.


Күрделі топонимдер – топонимжасамдық күрделендіру тәсілі арқылы жасалады. Сөзжасамда күрделендіру тəсілі де – көне замандардан келе жатқан, тілімізді көптеген күрде лі сөздермен толықтырған өнімді тəсіл. Ол көпшілік тілдердің сөзжасамынан орын алады.


«Қазақтілісөзжасамы» оқулығында:«Сөзжасамдық күрделендіру тəсілі деп екі я одан да көп сөзден бір лексикалық мағыналы сөздің жасалуы аталады. Мысалы, Екібастұз, ойтолғау, Нұрдəулет, Қызылорда, баспасөз, он сегіз, келіп кет т.б.» сөздерді жатқызған [1, 62].


Күрделі топонимдердің құрамы екі, не одан да көп сөзден тұрады жəне біртұтас атауыштық мағына береді, мысалы, Талдықорған, Жезқазған Биебайлаған, Шотқалған, Қостіккен, Арқанкерген, Есекартқан, Нұрбай, Бекетата, Ерментау, Жаңақорған, Үштөбе, Ақтөбе, Үшарал, Алакөл, Алатау, Ақсу, Көксу жəне т.б.


Бұдан күрделендіру тəсілінің тіліміздің топонимжасамында үлкен қызмет атқаратындығын, өте өнімді тəсіл екендігін көреміз. Күрделендіру тəсілі – қазақ тілінде көне замандардан бері қолданылып келе жатқан, тілдің топонимжасам жүйесіне кең тараған, əбден орныққан топонимжасамдық тəсіл деп айтуға болады.


Қазақ тілі сөзжасамында күрделендіру тəсілінің ішкі құрамына қарай: 1) біріктіру, 2) қосарлау, 3) тіркестіру, 4) қысқарту тəсілдері бар. Олардың əрқайсысы тілдің сөзжасамында өнімді қызмет атқарады, олар арқылы жасалған туынды күрделі сөздер тілімізде өте көп.


Топонимдерді жасауға қатысатын тəсілдің бірі – топонимжасамдық мағына тәсілі. Тілімізге туынды сөздерді қосатын негізгі тəсілдердің бірі саналатын – сөзжасамдық мағына тəсілі жер-су аттарын жасауда белсенді қызмет атқарады. Аталған тəсіл туралы «Қазақ тілі сөзжасамының» жаңа оқулығында: «Бұл сөзжасамдық тəсіл де ғылымда танылған, тек ол – түрлі тілдерде түрліше аталып жүрген сөзжасамдық тəсілдердің бірі. Сөзжасамдық мағына тəсілі деп тілде қолданыста бар сөздердің ешбір сөзжасамдық бірліктің көмегінсіз-ақ басқа мағынаға ие болып, екі я үш сөздің қызметін атқаруы


аталады. Мысалы, өткір сөз (өткір пышақ), қызыл тіл (қызыл көйлек), орақ тіл (орақ – зат), қосу əдісі (қосу –етістік), буын – термин (буын – сустав), алу – термин (алу – етістік), суық хабар (суық күн), ыстық дем (ыстық күн), туысқан адам (туысқан – етістік), жыртыс – зат есім (жыртыс – етістік), ақ іс (ақ түс), асу – зат есім (асу – етістік) т.б.» деген пікір бар [1, 64].


Жоғарыдағы мысалдардан байқағанымыздай бір сөз тілде екі мағынада қолданылған. Мысалдардасөздіңкейінқосыпалғанмағыналары бірінші орында, бұрынғы мағынасы екінші орында беріледі. Тілде олар осы екі мағынада да қолданылады. Сол сияқты топонимдерде де еш бір қосымшасыз, мағына арқылы жасалған жер-су аттары көптеп кездеседі. Мысалы, Орал, Нарын, Найза, Ынтымақ, Арал, Жем, Діңгек, Жамбыл, Қылыш, Балта, Босаға, Тентек жəне т.б. берілген атаулардың сөзжасам бойынша екінші мағыналары, топонимжасам бойынша үшінші мағыналары ешбір сөзжасамдық бірліктерсіз жасалғаны анық көрінді. Ғылымда олар бір сөз табынан екінші сөз табына көшу, транспозиция, безаффиксный состав, конверсия, нөлдік суффикс арқылы туынды сөздің жасалуы деп түрліше аталып келеді.


1-кесте – Мағына тəсілі арқылы жасалған топонимдердің жасалу кестесі.

Screenshot_2.jpg

Қазақ тіл білімінде сөзжасамдық мағына тəсілінің термині түрліше аталып келді: С. Исаев лексикалық, конверсиялық тəсіл, А. Ысқақов морфологиялық-синтаксистік, яғни синтаксистік-морфологиялық тəсіл, Қ. Есенов лексикосемантикалық тəсіл, А. Омарова нөлдік жұрнақ тəсілі деп атаған [6, 37]. Бүгінде ол термин сөзжасамдық мағына тəсілі деп аталады. Біз де осы атауды қолдаймыз. Себебі аталған тəсілде тек уəждеме арқылы ғана, ешбір тілдік бірліксіз жаңа мағына жасалады. Сондықтан, бұл сөзжасамдық тəсіл мағына тəсілі аталды. Демек, бұл тəсілде сөз мағынасы көбейеді, дамиды.


Сөзжасамда сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөз бір сөз табынан екінші сөз табына ауысатын жағдайлары бар. Ол ғылымда конверсия деп аталады. Бұл тəсіл – өте көп тараған жəне оның ішкі ерекшеліктері де бар. Сонымен бірге өзіндік ішкі ерекшеліктері де бар: сөздің жаңа мағынаға ауысуына байланысты басқа сөз табына көшуі жəне сөз жаңа мағына ауысса да, сөз табын өзгертпей, өз сөз табының құрамында қалады. Топонимдердің мағына тəсілі арқылы жасалуында да аталған ерекшеліктер сақталады. Тіліміздегі жер-су атауларында етістік негізді, сын есім негізді, сан есім негізді топонимдер көптеп кездеседі. Мысалы, Тентек, Жем, Діңгек, Шұрық, Жалаңаш, Тесік, Қорған, және т.б.


Бұлар сөздің бұрынғы мағыналарының үстіне кейін қосылған мағыналар. Топонимдік атаулардың көпшілігі мағына тəсілі арқылы жасалғанда бірінші туынды мағынадан жасалған екінші туынды мағыналы сөздер болып табылады. Мысалы, сөздің жаңа мағына алуына байланысты ол басқа сөз табына тілдік бірліктің көмегімен немесе тілдік бірліктің көмегінсіз дыбыстық құрамын сақтай отырып, мағынасы өзгеріп, басқа сөз табына көшеді. Сол басқа сөз табына көшкен туынды сөздер енді атау мағынасына ие болады.


Тіліміздегі сөзжасамдық тəсілдер арқылы жасалған туынды сөздер сияқты топонимдердің бəрі де сөзжасам үрдісінің нəтижесіне жатады. Сондықтан топонимдер туынды сөздер қатарына жатады жəне олар сөзжасамның заңдылықтарыбойыншазерттеледі.Соныңішіндетопонимжасамның зерттеу нысаны болып табылады да, сөзжасам жүйесінде өзіндік орын алады.


Әдебиеттер


Оралбай Н., Құрманəлиев Е.К., Балтабаева Ж. Қазақ тілінің сөзжасамы. Студенттерге арналған оқулық. – Алматы, 2014. – 290 б.

Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы, 1974. – 384 б.

Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. — Алматы, 2002. – 218 б.

Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. – Алматы: Ғылым, 1989. – 368 б.

Қазақ грамматикасы. – Астана: Елорда, 2002. – 784 б.

Омарова А. Қазақ тіліндегі нөлдік жұрнақтың функционалдық жəне семантикалық аспектісі: докт. дисс... автореф. – Алматы, 2006

Филология. Реферат. «Aлпaмыс бaтыр» жыры: зерттелуі мен нұсқaлaры
Филология. Реферат. Саяси дискурстың прагматикалық аспектісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу