«Қызғалдағым» өлеңі

Oinet.kz 08-10-2019 995

Қызғалдағым
Жүрегіме қалдырып өткен белгі,
Міне менің жаныма көктем келді.
Қуаныштың шын дәмін таттым бүгін,
Орындалып арманым көптен бергі.
Балғын шақтың елесі есімдегі,
Еркелікті тұрмысың кешіргелі.
Енді менің зіл батпан мұң – қайғымды,
Көтересің бір жүріп көш ілгері.
Бақ деп ұқтым, орнаған басымдағы,
Сая тапқан жанымның жасыл бағы.
Өзің барда, мен үшін түкте емес,
Жасқай алмас тағдырдың жасындары.
Аялайтын әркезде ізгі ардағын,
Елемейтін өзгенің сызданғанын.
Асыл жарың өмірлік серік етті,
Түсін енді Өлеңге құштар жанын.
Түсін мені жарығым Қызғалдағым.
Тың дүние туылар жырлар әлі
Өзгелерге қымбатты тым бағалы
Қарып кетіп жүрмесе болар еді
Кернеп алып қызғаныш ызғар әні

Ашық сабақ. «Қазақ тілі» пәнінің деңгейлік оқулықтары
Филология. Реферат. Редакциялау негіздері және тәжірибелері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу