8 наурызға арналған мерекелік іс-шара сценарийі

Oinet.kz 07-10-2018 1149

Мақсаты:
Адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында білімге деген қызығушылығын артыру. Оқушылардың мәнерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән - би арқылы ой - өрісін дамыту, үлкенді құрметтеуге, ата - ананы сыйлауға, өнерді дәріптеуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдары: ана туралы нақыл сөздер мен өлеңдер жазылған плакаттар, аналардың суреттері, т. б
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сапқа тұрғызу.
Сыныптың дайындығын тексеру.
Мұғалім: Армысыздар, құрметті аналар!
Қазақ халқы әйел затын ерекше қадірлеген. Ұл баланы өмірдің ащы - тұщысын көріп өссін деп ысыла білсін, тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер деген оймен ұлын жел өтіне ұстаса, қызын аз күндік қонағым, алтынның сынығы, шұғаның қиығы деп бөркінің төбесіне үкі қадап, үлпілдетіп өсірген. Міне жыл артына жыл салып көктемнің алғашқы күндерімен келетін аяулы қыздарымыздың, ардақты аналарымыздың 8 - наурыз мерекесі құтты болсын!
Енді сыныбымыздың дайындаған ашық тәрбие сағатын тамашалауға шақырамын.

1 - жүргізуші.
Ана жарық дүниедегі әрбір адамның ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы, ақ сүтін емізіп аялаған, жанын да аямаған ардақтысы.
Ана – жүрек, жүректі құдіретте,
Ана – тірек, тіректі құрметте.
Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет
Ана – күнің, күніңе табынып өт.

2 - жүргізуші: Расында да адамның әдептілігі мен жан дүниесінің сұлулығы ең алдымен анаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні, жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді.
Ат биеден туады, алып анадан туады дейді дана халқым. Дүниеде анасыз адам жоқ. Қаламы жүйрік жазушы да, данышпан ғалым да, ел басқарған көсем де, күміс көмей әнші мен мың бұралған биші де анадан туады. Ана - тіршілік гүлі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі.
Дүниедегі ең ардақты асыл жан
Анам мені мәпелеген жасымнан
Мен қуансам қуанады ол бірге
Мен қиналсам табылады қасымнан
Маған қымбат жан жоқ сірә анадан
Бар жақсылық аналардан таралған
Жер бетіне өмір нәрін себуші
Ана алдында борышты ғой бар адам.

Ән: Анашым.
Анаға арнау: Жанар.
Біржан.
1 - жүргізуші:
Өмірде ана – бұлақ, ана – пана,
Өмірде өркендетер ана ғана
Өсірген талай көсем, талай шешен,
Талай ер, талай ақын, талай дана

2 - жүргізуші:
Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің,
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Ән: Асыл әжем.
Көрініс: Үш сом.
Анаға арнау: Бергенжан Ануар.

1 - жүргізуші:
Күлкі естілмесе, барлығы жалт қаралар,
Қалжыңменен жараспаққа таласар.
Әрқашан да әзіліміз жарасар.

Ән: «Ән домбыра»
Көрініс: Қожанасыр мен Алдар Көсе.
Анаға арнау: Елдизар.
Жанбота.
2 - жүргізуші:
Ана – деген асыл жандар болаттай,
Ана – деген мөлдір жандар бұлақтай
О, адамдар, қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл – ойды тоқтатпай.

1 - жүргізуші:
Биші қыздар өнеріне сеніңіздер
Меніменен қанекей еріңіздер
Әлемді қыдырғандай сезінесіз
Өнерді жүрекпенен көріңіздер

Би: қыздар тобы
Анаға арнау: Рауан.
Айнұр.

2 - жүргізуші:
Ән әуені көгімізде самғайды
Көңілдерді қуанышқа жалғайды
Әнмен бірге мен ұшсам аспанда
Қос қанатым мәңгі – бақи талмайды

Бесік жыры: Әлди-ай
Бесік жыры: Ақбесік
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу