Бесік жыры: Ақбесік

Oinet.kz 07-09-2020 568

 Әшекейлі ақ бесік -

Әлдиіме баң бесік.

Шүмегіңді табайын,

Түбегіңді салайын.


Сылдырмағың салайын,

Жібек көрпе жабайын.

Бауың - барқыт, пүліштен,

Балдақтарың күмістен.


Жабдығыңмен сайлысың,

Жатса бөпем, жайлысың,

Бөпем сенде өседі,

Құтты болсын төсегі.

8 наурызға арналған мерекелік іс-шара сценарийі
Ауған соғысы ардагерлеріне арналған іс-шара сценарийі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу