Бесік жыры: Әлди-ай

Oinet.kz 07-09-2020 819

 Неге өсті екен қыз сорлы сылауменен,

Тал шыбықтай

Тал бойын қынауменен-ай, әлди-ай.

Анасынан онан да тумасашы,

Өткізгенше өмірді

Жылауменен-ай, әлди-ай.

Қайырмасы:

     Жылама, көңілім, жылама,

     Жас жүрегім-ай, әлди-ай.

Кім тыңдайды қыз сорлы жылағанмен,

     Көздің жасын көл қылып

     бұлағанмен-ай, әлди-ай.

Шыңырауға түскен соң шығу қиын,

Жалбарынып төңірден сүрағанмен-ай,

әлди-ай.

Бесік жыры: Әлди бөпем
8 наурызға арналған мерекелік іс-шара сценарийі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу