Ұлы Отан соғысы мерекесіне арналған іс-шара сценарийі

Oinet.kz 07-10-2017 2794

Желбіре, Жеңіс жалауы

Сабақтың мақсаты: 1941 - 1945 жылғы Ұлы Отан соғысында неміс басқыншыларын талқандауда Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ел жандылыққа тәрбиелеу.
Қолданылған көрнекіліктер: мультимедиялық аппарат, презентация, «Жеңіс», «Отан» туралы жазылған нақыл сөздер, т. б.
Барысы:
- Фанфары ойналады
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізілсін!
1 - жүргізуші: Кеш жарық, ардақты азаматтар, аяулы ұстаздар, білімге құмар шәкірттер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесі, 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі келіп жетті. Осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны абзал азаматтарымызға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар өмірдің мәні, көңілдің жыры, әр отбасының алтын қазығы. Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.
2 - жүргізуші: Жүрекке адалдықтың ескен гүлін,
Ғажайып келешектің төккен үнін.
Ардақты ағаларға шын көңілден
Жолдаймыз алғыс пенен сәлем бүгін - құрметті азаматтар, біздің мектептің ұстаздары, жігіттер! Сіздерді 7 мамыр Отан қорғаушылар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар! Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын! Қайратты, мақсатты болыңыздар! Еңбекте табыс тілейміз,- дей келе құттықтау сөз кезегін Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері, мектеп директоры ------------------------------------.

Әдеби монтаж: 4 «Б» сыныбы
1. Ел қорғайтын, ер ағалар
Ардағымыз, арымыз
Ерлер тойын, елдің тойын
Қарсы аламыз бәріміз!

2. Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның жерін, елін қорғайтын,
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.

3. Беріспей батыр бабам армандаған,
Арман күн, ел - жұртына жалғанда аман,
Қаншама құрбандықпен жеткен күнді,
Әлдиле, байтақ елім, орман - далам.

4. Жүреміз даңқты жолдармен
Қырандар бірге самғаған.
Әзірге кіші болғанмен
Ертеңгі ел қорғаны мен болам!

5. Міне, осындай, егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан – байтақ жеріміз,
Туған елін, туған жерін сүйетін,
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз!
Хор: 4 «Б» сыныбы «Ел қорғауға әзірміз!»
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!

1 - жүргізуші: «Жеңіс» деген – жақсылықтың сыңары,
Жігер менен құштарлықтың құралы,
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұлағы.

2 - жүргізуші: Жаңғыртып әнмен аспан кеңістігін,
Халқымыз қуанышты тегіс бүгін
Жауды жаншып, Отанды азат еткен,
Құрметтеп қарсы алады Жеңіс күнін.

1 – жүргізуші: Жеңіс... Ия, оны сан миллиондаған адамдар минуттап, сағаттап, сарыла күтті емес пе? Ақыры, олардың үміті мен сенімі ақталды. Тілектері орындалды. Бірақ, сол жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана, жарын жоғалтып жесір, бала әкесінен, анасынан айырылып жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагеріне қаншама ана мен бала айуандықпен азаптап өлтірілді.

2 жүргізуші: Ал, тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы – қасіретін арқалай жүріп бірде аш, бірде тоқ, тынбай жұмыс істеді. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Олардың ерлік істерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс.

1 жүргізуші: Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болса дағы қай ғасырдың қай жылы.
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
(1 минут үнсіздік; үнтаспадан жай ғана Ұлы Отан соғысы туралы ән естіледі)

2 - жүргізуші: Жеңіс күні бар әлемге әйгілі,
Көктем шуақ 9 - май күні.
Айтшы, кәне, біздің жеңіс шеруі,
Кездейсоқ па көктемге сай келуі.

1 - жүргізуші: Біздің Ұлы Жеңісіміз көктем боп,
Көңілдерге шұғыласын төккен көп.
Сонау жылы 9 май күні,
Алмастырған қуанышқа қайғыны.

2 жүргізуші: Бүгінгі күн – көптен күткен салтанатты күн, зымыраған уақыттың қанатында Жеңістің міне 69 - көктемі де келіп жетті.
69 жыл - бейбіт көктем таң атқалы,
69 жыл - шуақты күн таратты әнін.
69 рет - көктемде сонан бері,
Ашылды Жеңіс күннің парақтары.

Көрініс: «21 июнь 1941 жыл»
21 маусым күні Оқушылардың мектеп бітіру кешінен қайтып келе жатқан сәті.
Кенет радиодан: «Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1941 жылы 22 маусым фашистік Германия тұтқиылдан соғыс жариялап, елімізге басып кірді»
1 қыз: «Соғыс, соғыс дейді, естідіңдер ме? Сұмдық - ай енді қайттық? Күніміз не болар екен?»
2 қыз: «Қойыңдар жамандық шақырмай. Ел шетіне жау тисе, арқа сүйер азаматтар бар емес пе?»

1 азамат:
Ат басына күн туса,
Ауыздықпен су ішер
Ер басына күн туса,
Етігімен су кешер – деген бар емес пе, жыламаңдар, жастарыңды тиыңдар?
Бәрі: Отан үшін аттанайық!

Әдеби монтаж 7 ә сыныбы

Көрініс: «Соғыста». Екі жауынгер солдаттың келе жатқан танкіні жарып, өздері жараланып, ерлік көрсеткендері бейнеленеді.

Ән: «Отаным»

Әдеби монтаж 7 ә сыныбы

Көрініс: /оқдауысы/
Қызы:- Ана, қарным ашты. Соғыс қашан бітеді? Менің әкем қашан келеді?
Анасы: Құлыным - ау, бітеді ғой, шыдай тұр. Әкең жеңіспен оралады. Дүниедегі бар тәттіні саған әкеледі. Балмұздақ па, кәмпит пе, тәтті нан бәрін саған әкеледі.
Қыз: Қашан, ана? /жыламсырап/
Анасы: Жақында. Ұйықтай ғой, қызым.

Өлең: ----------------
М. Мақатаев «40 - шы жылдары»
Би «Катюша
Ән: «Война»

Көрініс: «Тылда» Тылдағы қазақ қыздары мен әйелдерінің Жеңісті жақындату үшін жасалған еңбектері мен ерліктері туралы бейнеленеді.
1 - әйел: Мынаны қарашы, ұлымнан қара қағаз келді. Көзімнің қарашығындай жалғыз ұлымнан айрылдым. Енді қалай өмір сүремін? //Жылайды//
2 - әйел Сен ол қағазға сенбе. Бәлкім ұрыста адасып кеткен шығар. Көр де тұр. Ұлың аман - есен келеді әлі. Жылама.
1 - әйел: Соғыс, сұрапыл соғыс. Қанша уйдің әкесін алды қаншама үйдің ұл - қаздарын жалмады. Қаншама аналар зар илеп балаларынан айрылып, жесір қалды. Бұл соғыс қашан бітеді. /Музыка/

Көрініс: «Жеңіс» Музыка
Сүйінші, халқым, сүйінші! Неміс фашистері тізе бүгіп, жеңіліпті. Шынымен қарғыс атқан соғыстың біткені ме? //Бір - бірімен құшақтасып жатады// Халық қуанысып, бір - бірінен сүйінші сұрасып жатады.

Радио: Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! 1945 жылы 8 мамырда Германияның жоғарғы командованиесі жеңілгендігін мойындап актіге қол қойды. 9 мамыр жеңіс күні!

«Алға Қазақстан»

Жауынгерлерді күтіп алу сәтінен көрініс
//Жауынгерлер бастарын орап, таяқ ұстап келе жатады//

1 Жүргізуші: Күткен Жеңіс жарқ етті сәуле шашып,
Жеңіс келді, қуандық көңіл тойып,
Жауды жойып батырлар елге оралды,
Ата - анамен қауышты құшақ жайып.

2 Жүргізуші: Мамыр келді ағаштар бүрін жарып,
Бейбіт өмір оралды күні жарық.
«Шүкір» деп әжелер жүр ақ жаулықтың
Ұшымен көздің жасын сығып алып.

1 Жүргізуші: Аспанда күн жарқырап күліп тұрды,
Бейбіт өмір шаттығы тұнып тұрды.
Соғыстан соңғы сәби күлкісімен
Қара күндер қайғысын ұмыттырды.
Хор: «День победы»
Оқушылардың барлығы ортағы шығып хормен әнді орындайды.

2 жүргізуші: Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген ардагер ағаларымыз бен апаларымыз, аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрқашан мақтан тұтамыз.

1 жүргізуші: Жасасын жеңіс!
Бақытты елім күле бер!
Тәуелсіз болып болашағыңа жүре бер!
1 - 2 жүргізуші: Болмасын соғыс!
Болмасын соғыс!
Болмасын!
Осы тілекпен барша халық түрегел!
1 - Жүргізуші: Осымен сіздерге арнаған «Желбіре, Жеңіс жалауы» атты кешіміз өз мәресіне жетті. Жеңістен жеңіске жетіп жүре беріңіздер!

2 жүргізуші: Қатысқан барлық ұстаздарға, оқушыларға алғысымызды білдіреміз! Жеңіс туымыз көк аспанымызда желбірей берсін!

Алматы облысы,Талғар қаласы,
№7 мектеп-лицейінің педагог-психологы,
өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Нурсалиева Айнагуль Еркінбекқызы

Жез қоңырау сыңғыры
Аналар мерекесіне арналған іс-шара сценарий
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу