Ашық сабақ. 3 сынып. Тапқырлар сайысы

Oinet.kz 06-10-2019 1020

«Тапқырлар» сайыс – ойыны (3 – сынып)

  oquzaman  0 Comments

Есенгарина Арайлым Түсіпқызы

Астана қаласы

  «Почемучка» балаларды дамыту  мектебі

  Қазақ тілі пәнінің  мұғалімі


Ойынның мақсаты: а) Білімділік.

                                      Қазақ тілінен алған білімдерін тиянақтау, еліміз туралы

қосымша ақпарат беру.

 

 ә) Дамытушылық.

Ойлау қабілеттерін арттыру,шапшандылықтарын,сөздік

қорларын молайту.

 

   б) Тәрбиелік.

Отанын,жерін сүюге тәрбиелеу.Балалардың ұлтжандылық

сезімдерін ояту.

 

Ойынның көрнекіліктері: интерактивті тақта,слайд, сандар, конверттер

 

Ойынның барысы:

  1. Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Бүгінгі ойнымызға қош келдіңіздер! (Әділқазылармен таныстыру). Енді ойынға қатысушыларымызды ортаға шақырайық (музыка ойнайды, бір-бірлеп ойыншылар кіреді, ойыншылар саны 8). Балалар, ойын 5 турдан тұрады. Барлық ойыншыларымызға сәттілік тілеп, ойнымызды бастайық!

 

I ТУР «САНДАРДЫ СӨЙЛЕТ»

Шарты: Берілген сандардың ішінен 1 санды таңдап алып, артындағы сұрақтарға

Новый рисунок (4)

II  ТУР «ПИРАМИДА»

 Шарты: Қорапшадан 1 тақырыптан жазылған пирамидаларды алу.1 минут

ішінде ойыншылар сол тақырып бойынша сөздерді жазу.Кім көп сөз

жазса,сол ойыншыға 10 ұпай беріледі.

Новый рисунок (5)

III  ТУР «КЕМПІРҚОСАҚ»

Шарты:Түстер жазылған плакаттар беріледі, сол бойынша алдарында жатқан

түрлі-түсті қағаздарды жабыстыру. Кім бірінші болып аяқтаса, сол

ойыншыға 10 ұпай беріледі.

(Бұл турдың да соңында ұпайы аз 2 ойыншы шығады, қалған 4 ойыншы келесі турға өтеді)

 

IV  ТУР «АДАСҚАН СӨЗДЕР»

Шарты: 4 конверт беріледі, әр конвертте бір тақырыптан жазылады. Сол

тақырыпқа сәйкес берілген сөздерді жинап,конвертке салу. (1 минутта

кім қанша сөз жинайды)

Новый рисунок (6)

Берілген сөздер:

Елтаңба, жаңбыр, оқушы, жыл, ту, ағаш, кітапхана, ай, әнұран, гүл, сынып, тәулік. рәміздер,қар,мұғалім,жыл мезгілі.

(Бұл турдың да соңында ұпайы аз 2 ойыншы шығады, қалған 2 ойыншы келесі турға өтеді)

 

V  ТУР «БІЛІМ ШЫҢЫ»

Шарты: Ең соңғы турға шыққан 2 ойыншыға ауызша 10 сұрақтан

қойылады.Барлық он сұраққа жауап берген ойыншыға 10 балл беріледі.

1.Қазақ тілінде неше әріп бар?

2.Сен қай қалада тұрасың?

3.Біздің Отанымыз қалай аталады?

4.Қарлығаш-бұл не?

5.Қар қай жыл мезгілінде жауады?

6.Жаңа жыл мерекесі қашан?

7.Сен нешінші сыныпта оқисың?

8.Қазақстанның астанасы қай қала?

9.«Бесінші,жетінші» сөздері қандай сұраққа жауап береді?

10.«Кім?» сұрағына мысалдар келтір.

 

1.Қазақ тіліне тәне неше әріп бар?

2.Қазақстанның рәміздеріне нелер жатады?

3.«Қазақстан» бұл ненің атауы?

4.«Бұлбұл» бұл не?

5.Жаңбыр қай жыл мезгілдерінде жауады?

6.Наурыз мерекесі қашан?

7.Сен қай мектепте оқисың?

8.Қазақстанның президенті кім?

9.«Тоғыз,төрт» сөздері қандай сұраққа жауап береді?

10.«Не» сұрағына мысалдар келтір.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ: Әділқазылар баллдарды есептегенше, барлық оқушылар

                           «Қара жорға» биін билейді.Әділқазылар ұпайлар санын

айтып,жеңімпазды айтады.


Ашық сабақ. Қазақ тілі. 4 сыныпқа арналған сабақ жоспары
Ашық сабақ. Орыс тілді мектептерге қазақ тілін үйрету
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу