Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Есенгарина Арайлым Түсіпқызы
Астана қаласы
«Почемучка» балаларды дамыту мектебі
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі
«Ойын – қалыпты жағдайда өзін – өзі тәрбиелеуі,баланы болашаққа жаттықтыру»
Л.С.Выготский
Қазіргі Қазақстан мектептерінде жаңа өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін пайдалана отырып, баланың жеке тұлға ретінде дамуын қамтамасыз ететін жаңа технологияларды іздестіру және оларды қолданылуға бағытталған. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, білу қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі – әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді қоддана отырып, жаңа технологияларды енгізу. Қазір технологиялардың түрлері өте көп. Дегенмен, бастауыш сыныптарда тілді үйрету мәселесінде ойын әдісін қолданудың өте тиімді екенін тәжірибе көрсетіп отыр. Әрбір ұстаздың басты міндеті оқушыларға өз пәнінен жоғары деңгейде білім бере отырып, олардың сабаққа деген ынтасын арттыра білу. Ал, қазақ тілі сабақтарында мұғалімдердің міндеті – ойын эелементтерін кіріктіре отырып, шығармашыл тұлғаны қалыптастыру Сондықтан орыс мектептерінде бастауыш сынып оқушыларына қазақ тілін көбінесе ойын арқылы үйретуді жөн көремін.
Жалпы, ойынның оқу үрдісіндегі маңызы зор. Ойын ойнау арқылы баланың бойындағы ерекшеліктерін, бейімділігі мен қабілеттерін байқауға болады. Бұл мінездемелерді ескере отырып, соған сәйкес жұмыстар жүргізіліп отырылуы тиіс. Сабақ бойы оқушылардың өзіммен бірге жұмыс істеуіне аса зор мән беремін. Иә, шынында да, бастауыш сынып оқушыларының негізгі әрекеті ойын болғандықтан, осы аталған әдіс арқылы тілді үйрету үрдісінде көп жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Қазақ тілі сабақтарындағы түрлі ойындар мазмұны жағынан өмірдегі алуан құбылыстармен сәйкес келеді де, ал ұйымдастырылуы жағынан баланың ықыласы мен ынтасын арттыратындай тартымдылыққа ие болады. Соның нәтижесінде бала өмірлік дағдыларды жеңіл әрі қызыға отырып игереді.
Орыс сыныптарында оқытылатын қазақ тілі пәнінің көздейтін негізгі мақсаты – оқушыларды белгілі дәрежеде қазақша сөйлеуге, өз ойын жеткізе алатын, біреудің сөйлеген сөзін, жазғанын түсіне алатын дәрежеге жеткізу. Жалпы білім беретін орыс меткептерінде қазақ тілін оқыту әдістемесінде көрсетілгендей, ойындарды үш топқа бөліп қарастыруға болады:
Шағын ойындар.
Нақты тапсырманы ұғынып, оны орындау барысында бейім қалыптастыру үшін бір желістегі рөлдік ойындар.
Ұзақ мерзімді дамытушы ойындар.
Ұйымдастырущылық мерзімі бірнеше күн немесе бір аптаға дейін созылатын, арнайы тәрбиелік мақсатпен оқушының тілін дамытуға арналған ойындар.
Грамматикалық ойындар.
Грамматикалық анықтамаларды меңгертуге арналған ойындар.
Аталған топтамадағы ойындарды тақырып мазмұнына байланысты тапсырмалармен сабақтастырып, оқушының белсенділігі мен ынтасын арттыру мүмкіндігі жоғары. Ойын арқылы сабақтың қызықтыру мүмкіндіктеріне сүйеніп, үйрету процесіне эмоционалдық өзгерістер енгізу арқылы оқушылардың ынталылығын арттыруға болады. Енді әр мақсатқа бағытталған бірнеше ойын түрлерін айта кетейін:
«Таныдың ба?» ойыны
Ойынның мақсаты: Үй жануарлары мен құстары, жабайы аңдар мен құстарың қай жерде, немен қоректенетінін айту, әр түрлі дыбыстарымен таныстыру.
Ойынның шарты: ненің дауысы? Не қалай дыбыстайды? үй жануарлары не істейді? деген сұрақтарға жауап беруге жаттықтыру.
«Не жоқ?» ойыны
Ойынның мақсаты: Белгілі бір тақырып бойынша сөздерді есте сақтау және жоқ сөздерді қазақ тілінде айту.
Ойынның шарты: Тақырып бойынша суреттер беріледі. Көздерін жұмған кезде, мұғалім бір суретті алып үлгеру керек, оқушылар көздерін ашып, не жоқ екенін айту.
«Өз жұбыңды тап» ойыны
Ойынның мақсаты: Сөз тіркестерін меңгерту.
Ойынның шарты: Оқушылар саны жұп болуы керек. Мұғалім әр оқушыға бір-бірден сөз үлестіреді. Барлық оқушылар өздеріне берілген сөздерді дауыстап оқиды. Осыдан кейін оқушылар сөз тіркестерін жасау үшін өз жұптарын іздейді.
«Ойлан, тап!» ойыны
Ойынның мақсаты: Дыбыстарды қайталау, дұрыс айтып, қолдана білу.
Ойынның шарты: Балалардың қолдарына суреттер беріледі. Суреттердің астында сөздер берілген, олардың әріптері немесе буындары түсіп қалған. Соларды тауып, қою керек.
Әрине, ойынның түрлері өте көп. Бірақ, ең бастысы сабақтың мазмұны мен мақсатына сәйкес іріктеліп, таңдалып алынатын болса, әр ойынның нәтижесін көретініміз сөзсіз. Ойын элементтерін әр сабақта тиімді пайдалану оқушылардың танымдық қабілеттерін және физиологиялық қажетіліктерін қанағаттандырып, тілді үйренуге мол мүмкіндіктер жасайды. Әр сабақтарды саналы етіп, өнімді білім беруге зор ықпалын тигізеді. Сонымен ойынның қызықты және тартымды болуы үшін мұғалімнен білімділікті, еңбекқорлықты, үлкен шығармашылық пен жаңашылдықты, мол дайындықты қажет етеді. Сонда ғана ойын әрекеті өзінің түпкі мақсатына жетеді.