Ашық сабақ. Қазақ тілі. Лепті сөйлем

Oinet.kz 06-10-2019 961

Ашық сабақ “Лепті сөйлем”

  oquzaman  0 Comments 

ШҚО, Үржар ауданы, Қарақол ауылы, «Қаракөл орта мектеп-бақшасы» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі: Мукатаева Ақмарал Мауыткановна

Мақсаты: 1.Білімділік.

Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін пысықтай отырып, лепті сөйлем туралы білімдерін толықтыру.

2.Дамытушылық.

Оқушылардың ой-өрісін, тілін, сөздік қорын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік.

Оқушыларды сауаттылыққа, ұқыпты, таза, көркем жазуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер, дидактикалық материалдар, дайын плакат, шығармашылық тапсырма, карочкалар, слайд.

Әдіс-тәсілдер: СТО

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ

Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру

-Сынып 3 топқа бөлінген.

-Психологиялық дайындық.

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Әрқашанда сіздерге,

Бас иеміз біз!

ІІ Үй тапсырмасын сұрау.

1)188-жаттығу. Ережені сұрау.

2)Сурет бойынша әңгіме құрау.

3)Миға шабуыл. Топтарға үш сұрақ қойылады.

ІІІ Жаңа сабақ.

-Қызығушылықты ояту.

1.Бір жолаушы жылауықтар еліне тап болыпты. Жылауықтарды әрі жұбатады, бері жұбатады олар жылауын бәрібір қоймайды. Қалай ойлайсыңдар, олардың бет-пішінінде қандай өзгерістер болады?

2.Сиқыршы бос қорапқа мысықты салып, қақпағын жапты. Біраздан кейін ашып еді, ішінен күшік шықты. Сендердің бет пішіндерің қалай өзгереді?

3.Марттың досы қысқы демалыста қалаға кетті. Ол досын қатты сағынды. Сабақ басталарда көшеде досымен кездесіп қалды. Екеуінің түрлерінде қандай өзгерістер болады?

Ендеше, бүгін біз осы лепті сөйлемді қайталау мақсатында жаттығулар орындаймыз.

-Оқулықпен жұмыс. Ой толғау. 190-жаттығу. Мәтінді түсініп оқып, лепті сөйлемдерді көшіріп жаз. Әңгімені әрі қарай жалғастырып көр.

-Көркем жазу.

191-жаттығу. Сөйлемдерді тиісті тыныс белгілерін қойып, көшіріп жаз. Әр сөйлем қандай мазмұнды білдіретінін айт.

-Сергіту сәтін жасату.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Демімізді алайық.

192-жаттығу. Берілген сызбалар бойынша сөйлемдер құра.

-Үлгерімі төмен оқушыларға карточкалар тарату.

Шығармашылық тапсырма: Суреттермен жұмыс.

Суреттер бойынша хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер құрастыр.

IY Қорытынды.

-Бүгін не өттік?

-Лепті дегеніміз не?

-Мысалдар келтір.

-Кері байланыс. Егер сабақ ұнаса желкенді жасыл түске бояңдар.

Y Үйге тапсырма беру.

1)Ережелерді қайталау 193-жаттығу, 72-бет.

2)Сурет бойынша әңгіме құрастыру.

-Оқушылардың өздеріне бағалату.

-Оқушыларды бағалау.

 

 


Ашық сабақ. Қазақ тілі. Сұраулы сөйлем
Ашық сабақ. «Үш тұғырлы тіл – жарқын болашақтың кепілі»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу