Ашық сабақ. Қазақ тілі. Сұраулы сөйлем
Сабақ “Сұраулы сөйлем”
Турдыбаева Кенжеш Джумагалиевна
Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Жаңа тілек ауылы
«Әуезов атындағы орта мектеп» КММ-нің қазақ тілі мұғалімі
Қазақ тілі 2- сынып | ||
Сабақтың атауы | Сұраулы сөйлем | |
Мақсаты Күтілетін нәтиже | Оқушыларға сұраулы сөйлемнің мағынасын түсіндіру.Сұраулық мағыны білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру . Сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемнен жасай алады .Хабарлы сөйлемнен сұраулы сөйлемді ажырата алады. | |
Психологиялық ахуал | Қайырлы таң ,достым , 1-топ Қайырлы күн болсын . 2- топ Сенбі күннің әр кезі 3- топ Сәттілікке толсын. 4- топ Біздің алар бағамыз бәрі Кілең бестік болсын бәрі Үлкенге де сіз , Кішіге де сіз. Құрметпенен бас иіп Сәлем бердік біз. | Оқушылар шеңбер жасап , мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. |
Миға шабуыл | Қазір қай жыл мезгілі? Далада ауа-райы қандай ? Қыс айларын ата. Желтоқсанда қандай мерекелер бар ? Біздің бүгінгі сабаққа қатысуымыз тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына тартуымыз болсын.Сабаққа жақсылап қатысайық. Топтарға бөлу. 1-топ Сөз тобы 2-топ Сөз тіркесі тобы 3-топ Сөйлем тобы 4- топ Хабарлы сөйлем тобы | Жаңа сабаққа деген қызығушылық тары оянып,ерекше ынтамен кіріседі. |
« Сен –маған ,мен-саған » әдісі | Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды. Үй тапсырмасына берілген 174-жаттығуды әр топтан 1 оқушы оқиды. | |
« Әткеншек » әдісі | Тақтаға жыл мезгілдерінің суреттері ілінеді.Сурет бойынша 1-топ 5 сөз жазады 2-топ 3 сөз тіркесін жазады 3-топ 2 сөйлем жазады 4- топ осы сурет бойынша қалған 3 топтан не сұрағысы келетінін жазады. | |
Жаңа тақырып | -Балалар , мен сендерден жыл мезгілдері ,ауа-райы туралы білгім келгенде не істедім ? -Сұрадыңыз. -Өткен тақырыпты қайталап,еске түсіру үшін сендер не істедіңдер ? -Бір-бірімізге сұрақ қойдық. -Осы сұрақтарға бәріміз не істедік ? -Жауап бердік,жауап іздедік. -Яғни ,бір-бірлеріңе сұрақ қою арқылы оған жауап іздеп бүгінгі тақырыпты өздерің таптыңдар. Бүгін қандай сөйлемнің түрімен танысамыз? -Сұраулы сөйлем. Енді ережені өзіміз қорытып көрейікші.(өздері ереже қорытып айтады) -Соңына қандай белгі қоямыз? | |
Оқулықпен жұмыс « Галереяны аралау » | 1-топ 175- жаттығу Өлеңдерді мәнерлеп оқып, салыстырып , қайсысы сұраулы сөйлем соны көшіріп жазады. 2-топ 176 – жаттығу Мәтінді оқып сұраулы сөйлемдерді көшіріп жазады. 3-топ 177- жаттығу Берілген жайттардың екеуіне жауап жазу. 4-топ 178 – жаттығу Өздері оқып екі сөйлемнің айырмашылығын айтады.Алғашқы 4жолын көшіріп жазады. | |
Сергіту сәті | « Дирижер » ойыны .Үш тілде 1-10-ға дейін сандарды тура және кері санау. | |
Бекіту | 1-топқа сұраулы және хабарлы сөйлемнен венн диаграммасын құру. 2-3-топтарға топтастыру , 4-топқа Т кестесін толтыру. | |
Үйге тапсырма | Дәптермен жұмыс.179-жаттығу . Сурет бойынша әңгіме құрау. | Күнделіктеріне жазып алады. |
Бағалау. «Табыс баспалдағы » | Өздерің бүгінгі сабақта қандай табысқа жеттік, өздеріңді мына баспалдақтың қай жерінде тұрмын деп ойласаңдар сол жерге стикерлеріңді жабыстырыңдар. | Қолдарындағы стикерлерін жабыстырады. |