Биология. Тарандар тұқымдасы

Oinet.kz 05-09-2020 809

Тарандар тұқымдасы. Түрлерінің жалпы саны 900-дей (40 туыс). Түрлерінің шыққан жері Орталық жөне Оңтүстік Америка (ағаш), солтүстік ендіктің қоңыржай климатты облыстары (бүталар, шөптер).


Климаты құрғақ елдерде, мысалы Орта Азияда, бүталар мен біржылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді; солтүстікке таман өсетін түрлері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары кезектесіп немесе қарама-қарсы, сиректеу топтасып орналасады. Буын аралықтарьшың түп жағын түтік төрізді жапырақ қынапшасы- раструб жауып түрады. Ол қосалқы жапырақшалардың бірііуінің нәтижесінде пайда болған. Сабағының буыңдары көп жағдайда жуаңдап ісіетен болып келеді, буьш аралықтары түп жағынан біраз уақыт бойы қыстырма меристеманың есебінен ұзындыққа өседі. Гүлдері үсақ, гемициклді немесе циклді, өдетте қосжынысты. Гүлсерігі қарапайым 3—6, сиректеу 5 мүшелі, әдетте бос орналасады, әртүрлі — жасыл, ақ, қызыл түстерге боялған болып келеді. Аталықтарының саны 6—9 (3—8). Гинецейі ценокарпты 3 (2—4) жеміс жапьірақшалардан түрады. Гүлтүйіні төменгі. Жемістері 1-дәнді — 3-2 қырлы жаңғақшалар, кейде қанатты болып келеді.

Таран туысы (горец). 280-дей түрлері бар, БОР-дың флорасыңда 160 түрі, ал Қазақстанда 52 түрі кездеседі. Негізгі өмірлік формалары: бұталар және ағаштанған лианалар, жартылай бұталар, бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Гүлді өсімдіктердің таралған жерлерінің солтүстік шекарасьшан бастап Австралияға, оңтүстік Африкаға (Кап жері) жөне Чилиге (космополид туысы) дейін таралған.

Крізыл таспа, қүс таспасы (горец птичий), — биіктігі 10-нан 40 см. дейін жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, сабақтары жерге төселіп өседі немесе жатаған болып келеді. Гүлдері жапырақтың қолтығыңда 2—5-тен болады. Жемісі 3-қырлы, түп жағы сопақтау болып келеді. БОР-ның барлық жерлерінде, тіптен Арктикада да өседі. Көптеген жерді алып жатқан таза құс таспасын жиі кездестіруге болады. Өзен жағалауының құмдарында, су қайтқан жерлерде, егістікте және малдың өрістейтін жерлерінде, жолдың жағасында өсетін өсімдік. Дәрілік жөне жем-шөптік өсімдік болып табылады. Шырмауық таран (горец вьюнковый — Р.сопуоіуиіиз) — біржылдық өрмелеп өсетін өсімдік, биіктігі 1м. дейін барады, гүлдері жапырақтың қолтығында 3—6-дан топтасып отырады. БОР-дың территориясының барлық жерлерінде өседі, көп жағдайда егістік дақылдарының арамшөбі болып табылады, дәрілік жөне бал беретін өсімдік. Вейрих тараны (горец Вейриха) — биіктігі 2—5 м. болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, гүлдері жапырақтың қолтығынан немесе сабақтың жоғарғы жағынан шығатын сыпырғы тәрізді гүлшоғырында орналасады; БОР-дың Қиыр Шығысында (Сахалин, Куриль аралдары), Жапонияда және Қытайда өседі. Сәндік және перспективті жемшөптік (силосқа) өсімдік ретінде себеді.

Рауғаш туысы (ревень — Кһеит). Барлығы 35-тей түр, БОР-дың флорасыңда 22 түрі, ал Қазақстанда 10 түрі кездеседі. Табиғи жағдайда Азияның таулы, негізінен орталық және шығыс аудандарында өседі. Көпжылдық шөптесін өсімдік. Осыған дейінгі туыстан гүлсерігінің ішкі шеңберінің ұлғайып өсуімен ажыратылады, ол келешекте жемісінің ұшуын жеңілдетеді. Жемісінің қанатшасы болады, ал андроцейі 9 аталықтан тұрады. Дәрілік рауғаш (ревень дланевидный, или ревень лекарственный), Қытайда және Тибетте кең таралған. БОР-да оны көкөністік, сәндік және дәрілік өсімдік ретіңде өсіреді. Бұйра рауғаш (ревень волнистый ) Шығыс Сібірде, Солтүстік Монголияда кездеседі, оны көкөністік өсімдік ретінде себеді; сорттары шығарылған.

Бұл тұқымдастың экономиялық жағынан ең маңызы үлкен өкілі егістік щрамық (гречиха посевная, 229-сурет) — жарма беретін дақыл, гүлдерінен аралар бал жинайды. Гүлінің формуласы: * Р5 А 8 0(3).

Биология. Алабұталар тұқымдасы
Ертегі. Бір үзім нан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу