Жұқпалы эмоция

Oinet.kz 12-12-2015 1202

Жұқпалы эмоция — бір адамның эмоциялық жағдайы екінші бір адамға таралатын психологиялық дерт. Бұл үрдіске жеке адам немесе топ әсер етеді. Адамның жағдайы жұғу үшін өзара байланыс болуы қажет. Психологтар жиі келтіретін мысал мынадай: Емтихан алдында жиналған топтың ішіндегі бір адам қаншалықты уайымдап отырғанын көрсете бастаса, айналасындағылардың барлығы да қобалжиды.  

image.png

Америкалық психолог Элейн Хатфилд бұл дерт қалай жұғады деген сұраққа жауап іздеп, бірнеше жыл зерттеуден соң мынадай қорытындыға келді:  • Бет әлпеттегі эмоция; • Дауыстың ырғағы; • Өзге адамдармен жасалатын әрекет;  • Мидың автоматты түрде еліктеу үрдісі; • Кейіп (поза). Элейн Хатфилд жұқпалы эмоция үрдісі екі бөлімнен тұрады дейді:  • 1-қадам: Біз адамдарға еліктейміз. Егер біреу күлімдесе, біз де еріксіз күлімдейміз. Бұл еркімізден тыс жүзеге асады.  • 2-қадам. Адамның эмоциясы үнсіз тілдесу (ымдау) белгілеріне сәйкес өзгеріп отырады. Мысалы, күлкі қуаныш сыйлайды, қабағы түйілген адам қорқыныш тудырады.  Ми қабатында қандай өзгерістер болады? 

Нейробиологияда жұқпалы эмоцияның пайда болуын «айна» нейрондарының белсенді жұмыс істеуімен түсіндіреді. Парм университетінің зерттеушісі Витторио Галлезе маймылдарға зерттеу жүргізу барысында олар өзге маймылдардың қимылын бақылаған кезде миында өзгеріс болатынын аңғарған.  Ал, адамдар арасында бұл өзгерістің туындауына  қимыл ғана емес, олардың бет-әлпетіндегі көңіл күй белгілері де әсер ететінін байқаған. Неге біреу жылап отырса, екінші адам күле алмайды немесе оның көңіл-күйіне әсер етеді.  Амигдала – мидың жұқпалы эмоцияға жауапты нейрондарының негізінде құрылған ми бөлігі. Бұл аймақ физиологиялық жағдайдан биологиялық байланыс түзуге қатысады. Психолог Говард Фридманның ойынша, осының арқасында адамдар бірін-бірі шабыттандыра алады.
Дереккөз: massaget.kz

Калцийдің қасиеті...
Үйдегі ауаны қалай тазартамыз?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу