Биология. Шатыргүлдер тұқымдасы

Oinet.kz 05-09-2020 760

Шатыргүлдер тұқымдасы. Тұқымдасқа 3 мыңнан аса түр (300 туыс) жатады. Бүрынғы одақтас республикалардың флорасында 800-дей түрі, ал Қазақстанда флорасында 230 түрі кездеседі.


Олар жер шарының барлық жерінде, негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай жөне құрғақ климатты зоналарында, сонымен бірге тропикалық елдердің тауларыңда кеңінен таралған. Көптеген алқаптарда, өсімдіктер қауымдастығының негізгі компоненттері болып табылады, әсіресе климаты күрғақ аудандарда. Өмірлік формалары: негізінен көпжьілдьіқтггөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар немесе жартылай бүталар. Сабағының іші қуыс, биіктігі 4 м, ал диаметрі 6 см дейін барады. Жапырақтары көп жағдайда кезектесіп орналасады, жапырақ қынапшасы және тілімделген тақтасы болады. Гүлшоғыры күрделі шатыр, сиректеу қара-пайым шатыр, немесе шоқпарбас түрінде болады. Гүлдері актиноморфты немесе бір гүлшоғының деңгейінде аздап зигоморфгы, 5 мүшелі. Тостағанша жапырақшалары редукцияға ұшыраған және 5 тіс немесе көмкерме түрінде болады. Күлтесі үстіңгі жағыңда аздаған ойығы бар 5 жеке жапырақшалардан тұрады. Аталығының саны 5, олардың жіпшелері аталықтың ішкі шеңберінен түзілетін нектарниктің дискісіне бекініп түрады. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшасынан тұрады, гүлтүйіні төменгі 2 үялы. Гүлінің формуласы мынадай.

Осы үлкен және кең таралған тұқымдастың туыстарының барлығы бір-біріне өте жақын. Ол бұлардың сыртқы ұқсастығынан, әсіресе вегетативтік органдарьшың құрылысьшан айқын байқалады. Тұқымдастың классификациясын жасағанда жөне анықтағанда, жемісінің құрылысы ең маңызды роль атқарады. Жемісі пісіп жетілген кезде, екі ашылмайтын (қақырамайтын), бір дәнді жартылай жеміске бөлінеді. Мүндай жемісті тұқымша деп атайды, ол екіге бөлінген карпофораньщ басында ілініп түрады (210-сурет). Тұқымшаның сыртыңда 5 тікесінен орналасқан қабырғалары болады. Жеміс қапта оларға, бес өткізгіш шоғы сәйкес келеді. Бұл алғашқы қабырғалар. Олар барлақ түрлерде айқын байқалмайды. Қабырғаларының арасында бороздкалары орналасады, олардың арасында май жолдары болады. Кейде бороздкалардың орньша, екінші реттік қабырғалары пайда болады. Олар алғашқы қабырғалардан, жеміс қаптарында өткізгіш шоқтарының болмаумен оңай ажыратылады. Май жолдары тұқымша жағыңда да болады. Бірақ ол әдетте, жемістің қақырайтын жағынан басталады. Жемістің қақырайтын жағындағы бөлігіндегі, дәннің эңдоспермінің үсті жалпақ немесе дөңес, орақ тәрізді немесе ойыс болуы мүмкін. Бұл жемістің көлденен кесіңдісінен жақсы байқалады.

Көптеген түрлері ертеден овощтық, жем шөптік және қош иісті өсімдіктер ретінде өсіріледі. Олардың кейбіреуле-ріңде, организмге қатты әсер ететін, улы алколоидтар болады. Олар мал шаруашылығына үнемі қауып туғызады.

Сәбіз туысы (морковь — Оаисш). Сәбіздің 60-тай түрі бар. Көпжыддық, 2-жыддық және 1-жылдық шөптесін өсімдік.

Европада, алдынғы Азияда (Жерорта теңізі облысы), Африкада, Австралияда, Жаңа Зелаңдияда, солтүстік жөне оңтүстік Америкада кеңінен таралған. БОР-дың флорасыңда жабайы сөбіз (дикая морковь О.сагоШ) деген бір ғана түр кездеседі. БОР территориясында ол Запорожьеге дейін барады. Тамаққа пайдаланатын сорттарының ұзын, сиректеу қысқа, ашьгқ сары немесе қызғыш-сары түсті тамыржемістері болады. Малға беретін сорттарының тамыр жемістерінің түсі ақ немесе ақшыл-сары болып келеді және салмағы 2 кг-ға дейін барады.

Одан басқа сөбіз, витамин өндірісінде, аса қажетті шикізат болып табылады. Тамыржемісінде каротин (провитамин А) және С, В,, В2 витаминдері жиналады.

Петрушка туысы (Реггозегігшт). Оның 6-түрі бар. БОР-ның флорасында, оның ішінде Қазақстанда да көдімгі петрушка (петрушка обыкновенная немесе П. Кудрявая — Р. сгізршп) деген жалғыз түр бар. Табиғи жагдайда дүниежүзінің барлық қүрылықтарында кездеседі; БОР-дың территориясының арктикалық және субарктикалық аудандарынан басқа жерлердің барлығында өседі. Тамырлары мен жапырақтары үшін отырғызады.

Боршевик туысы. Дүниежүзі бойынша 70-тей түрі бар, БОР-дың флорасыңда 36 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Табиғи жағдайда қоңыржай климатты облыстарда және Европаның, Азияның, Африканың, солтүстік Американың тауларында өседі. Мал азығы ретіңце перспективті өсімдік, көп мөлшерде көк балауса береді. БОР-дың көптеген жерлерінде себіледі, кейбір түрлері улы өсімдіктердің қатарына жатады.

Сібір борщевигі (борщевик сибирский) — биіктігі 1 м-ден асатын өсімдік, жапырақтары үлкен қауырсынды тілімделген болып келеді. Кәдімгі борщевик (борщевик обыкновенный) — биіктігі 1 м-ге дейін баратын көпжыддық шөптесін өсімдік. Жапырағы үш-құлақ больш келеді және улы өсімдіктердің қатарьша жатады.

Утамыр туысы (вех — Сісиіа). Бұл туыстың 20-дай түрі бар, олар негізінен солтүстік Америкадан кеңінен таралған өсімдіктер. БОР-дың флорасында кәдімгі утамыр (вех ядовитый — Сісша ұігока) деген жалғыз түрі бар, ол саба-ғының биіктігі 50—80 (150) см жететін, жоғарғы жағы бүтақтанып келетін өсімдік. Жапырақтары 2 рет қауырсыңцы тілімделген, үзын сағақты болады, тамырсабағы жекелеген камераларға бөлінген, улы алколоидтар жинайды (цику-тотоксин, цикутин). Осы өсімдіктен ауылшаруашылық жануарларының улануы жиі кездесіп отырады.

Биология. Хромосомалардың морфологиясы және көлемі
Биология. Қайыңдар тұқымдасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу