Ашық сабақ. Физика. Механика бөлімі бойынша күрделі есептерді шешу жолдары

Oinet.kz 05-10-2018 1692

Механика бөлімі бойынша күрделі есептерді шешу жолдары

0 COMMENTS АШЫҚ САБАҚТАР

Ашық сабақтар
Механика бөлімі бойынша күрделі есептерді шешу жолдары

Мақала авторы: Жамбыл Ажибаев Куандыкович
Жұмыс орны: "БІЛІМ - ИННОВАЦИЯ" мектеп-интернаты
Лауазымы: мұғалім
Порталға жариялану мерзімі: 25.02.2018


Пән: Физика

Мұғалім: Ажибаев Жамбыл

Мектеп, сынып: Дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-интернаты, 11-сынып

Сабақтың  тақырыбы: Механика бөлімі бойынша күрделі есептерді шешу жолдары.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушының механика бөліміне қатысты білімін, формулаларды дұрыс қолдану ережелерін  және шеберлігін, дағдыларын бақылау, тексеру. Механика бөлімі бойынша оқушылардың ойлауын дамытуға, пәнді оқып үйренуге қажетті білім, білік және іскерлік дағдыларын меңгеруді бекітуге бағытталған;

Дамытушылық: Оқушылардың  логикалық ойлауын, физикалық  дүниетанымын кеңейту;

Тәрбиелік: Оқушылардың бір-біріне көмектесу адамгершілігін, өзіндік дүниетанымын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, үлестірме қағаздар, пликкерс т.б

Пәнаралық байланыс: Математика.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. (2 мин)

  2. Қайталау (Пликкерс). (6 мин)

  3. Кинематика бойынша күрделі есеп шығару. (6 мин)

  4. ҰБТ есептерін “Білімділер бәйгесі” сайысы арқылы шығару . (24 мин)

  5. Бағалау. (1 мин)

  6. Сабақты қорытындылау. Кері байланыс (1 мин)

  7. Оқушылар білімін бағалау.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:      Оқушылармен сәлемдесу. Түгендеу. Назарларын сабаққа аудару.

  1. IIҚайталау сұрақтары:

Пликкерс арқылы сұрақтарға жауап беру.

  1. Күш әсер еткендегі дененің қозғалысы (үдемелі.)

  2. Шеңбер бойымен қозғала отыра ұзындығы 109 км жолды автомобиль екі рет жүріп өтті. Автомобильдің жүрген жолының ұзындығы, орын ауыстырудың модулі (218 км; 0…)

  3. Массасы 1 кг денені Жер бетінен 3 м/с2 үдеумен жоғары көтеру үшін жұмсалатын күш (g= 10 м/с2 ) (13 H)

  4. Екі дене арасындағы арақашықтық 3 еселенсе, тартылыс күші (9 есе кем…)

  5. Қуаттың өлшем бірлігі (Вт)

  6. Массасы 6,6т, 10 м/с жылдамдықпен қозғалған «Союз» сериялы ғарышкеменің кинетикалық энергиясы (330 кДж)

  7. Массасы 3 кг еркін түсіп келе жатқан дененің Жер бетінен 3 м қашықтықтағы потенциалдық энергиясы (g =10 м/с2) (90 Дж)

  8. 8 км/c жылдамдықпен айналатын массасы 3 т жер серігінің импульсі (2,4∙107 кг∙м/с)

  9. Массасы 10 кг дене 20Н күштің әсерінен жылдамдығын 2 м/с-ге арттырса, күш әсері созылатын уақыт ()

  10. Жұмыс атқарылмайтын жағдай (кірпіш жерде жатыр.)

 

ІІІ. Мысал қарастыру.

  • Еркін құлаған дене белгісіз бір уақыттың ішінде h1=1100 м биіктікте, ал t=10 c өткеннен кейін дене жер бетінен h2=120 м қашықтықта орналасады. Қандай биіктіктен дене еркін құлады?

 

  1. Білімділер бәйгесі.

5 балл:     1. Массасы 2 кг дененің 10 м биіктікте 20 м/с жылдамдықпен қозғалғандағы толық механикалық энергиясы (600 Дж)

  1. Алғашқы жылдамдығы 44м/с тік жоғары лақтырылған дененің көтерілу биіктігі (10 м/c2) (100 м)

  2.    Еркін құлаған дененің 1 с жүрген жолы  (g = 10 м/с)? (5 м)

10 балл:              1.  2 м/с тұрақты жылдамдықпен 5 с, сонан соң 0,4 м/с2 тұрақты үдеумен 5 с қозғалған катердің жүрген жолы (25 м)

  1. 80 м қашықтықта спортшының жылдамдығы 7 м/с-тан 9 м/с-қа дейін өзгерсе, спортшының қозғалыс уақыты. (10 с)

  2. Массасы 10 т вагон 2 м/с жылдамдықпен қозғалады. Оны 3 м/с жылдамдықпен келе жатқан массасы 15 т вагон қуып жетеді. Егер соқтығысу серпімсіз болса, соқтығысқаннан кейінгі вагондардың жылдамдығы (2,6 м/с)

15 балл:              1.  Массасы 174 кг жәшікті еденмен жіп арқылы көкжиекке 30бұрыш жасай бірқалыпты төмен қарай тартады. Жүктің еденмен үйкеліс коэффициенті 0,25. Жүкті тарту күші (g = 10м/с2;  sin30= 0,5;  cos30= 0,87) (492 Н)

  1. Дене 100 м биіктен еркін құлайды. Бірінші және соңғы секундтарында дене қанша жол жүреді? (l1=5m l2=40m)

  2. Массасы 40 кг бала шаңғымен (тыныштық күйден)  h=2 м ойға сырғанап түсіп,  биіктігі h= 1 м қарама қарсы жағына көтеріледі (сурет).  hбиіктікке көтерілген кездегі баланың кинетикалық энергиясы.    ( Қозғалысқа кедергіні ескермеңдер. g = 10 м/с2 ). (400 Дж)

20 балл:    1. Дене 100 м биіктен еркін құлайды. Дене алғашқы және соңғы метрлерін қанша уақыттың ішінде жүріп өтеді? (t1=0,45с   t2=0.023с)

  1. Үйкеліс коэффициенті 0,2 дене, көлбеулік бұрышы 30көлбеулік жазықтық бойымен 2 с сырғанай түседі. Дененің көлбеу жазықтық табанындағы жылдамдығы  (g = 10м/с2; sin30= 0,5;  cos30= 0,87) (6,52 м/с)

V Бағалау.

  1. Сабақты қорытындылау. Кері байланыс.

  • Мен … үйрендім.

  • Маған … қызық болды.

  • Мен … білгім келеді.

Сұрақтарына жауап беру арқылы жүзеге асады.

VII. Оқушылар білімін бағалау.

Жеке оқушыларды бағалау.

Ашық сабақ. Қазақ тілі. 1 сынып. Е дыбысы мен әрпі
Ашық сабақ. Математика. Жаңа айнымалыны енгізу әдісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу