Қазақстан тарихы: Ойраттар

Oinet.kz 05-09-2020 1140

Ойраттар– орта ғасырларда Батыс Моңғолияны мекендеген тайпалардың ортақ атауы. Ойраттардың құрамына ‘’дөрбіт (дэрбэт), баят (баит), тор-ғауыт, хошшоут, захчин’’, т.б. тайпалар кірген.

Ойраттардың Орта Азияда орналасуы.

Тарихи деректемелерде ойраттар 11 – 12 ғасылардан белгілі. Шыңғыс хан империясы құрылғаннан кейінгі кезеңде ойрат қауымы Жошы ұлысы билігінде болған. Ойраттардың басшылары Тоган (1418 – 40) және Эсэн (1440 – 50) шығыс пен батысқа бөлінген тайпаларының басын қосқанымен, ішкі және сыртқы жағдайларға байланысты мемлекет ұзақ өмір сүрген жоқ. 1635 ж. Батыр қонтайшы біртұтас ойрат мемлекетін құрады. Мемлекет аты тарихи әдебиеттерде, көбінесе, Жоңғар хандығы деп аталады. Құрылған күннен бастап-ақ ол қазақ сахарасын жаулап алу үшін бірнеше жорықтар ұйымдастырды. Түркі тіліндегі әдебиеттерде және қазақтар арасында ойраттар қалмақтар деп аталған. Жоңғарлар мен қалмақтардың шыққан тегі бір болғанымен 16 – 18 ғасыларда атқарған рөлі тұрғысынан тарихы екі түрлі. 18 ғасырға қарай хандықтағы адам саны 1 млн-ға жетті, басқа ұлттарды қосқанда мемлекеттегі халық саны 1,5 млн-ға жуық еді. Халқы негізінен мал шаруашылығымен айналысты. Егін шаруашылығы мен ұсақ кәсіпшіліктер, сауда қатынастары дамыған. 1755 – 57 ж. Цинь империясы Жоңғар хандығына бірнеше дүркін шабуыл жасап, халықты аяусыз қырып жойды. Батыс Моңғолияда қалған дөрбіт, баят, олет тайпалары қазіргі Моңғолия Республикасы құрамында. Жалпы саны 100 мыңдай адам (2002). Олар Убсунур, Қобдос аймақтарын мекен етеді. Аздаған топтары Қытай Халық Республикасында да кездеседі. Дәстүрлі кәсіптері – көшпелі мал шаруашылығы (жылқы, сиыр, қой, ешкі, қодас, түйе өсіру).

Реферат: Палеолит, мезолит, неолит дәуірлеріндегі Қазақстан
Урок. Русский язык и литература. 8 класс. Олимпийцы Казахстана
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу