Реферат. Қазақ хандығының жылнамасы

Oinet.kz 05-09-2020 802

1456 — Қазақ хандығы құрылды. Ел бастаған Керей хан мен Әз-Жәнібек хан Шу, Талас алқабына ірге тепті.

1456—1470 шамасы — Керей хан билік құрды. Орда орнықты.
1460 — Керей хан мен Әз-Жәнібек хан Моғолстанның Есен-Бұға ханымен одақтаса отырып, қалмақ (ойрат) шабуылының бетін қайырды.
1465 — Керей ханның туы астындағы жұрттың саны екі жүз мыңға жетті.
1470 — Керей хан мен Әз-Жәнібек хан [[Сырдария|Сыр бойына қайтып оралды. Түркстан өңірінің біраз аймағы Қазақ Ордасының құрамына қосылды.
1471—1480 шамасы — Әз-Жәнібек хан билік құрды. Орда іргеленді. Сыр бойындағы кенттер үшін күрес басталды.
1480—1510 — Бұрындық хан билік құрды. Орда нығайды. Сырдария алқабы, Түркстан өңірі үшін қантөгіс майдан ашылды.
1486 — Қазақтар Шәйбани ханды ауыр жеңіліске ұшыратып, Хорезмге тықсырды.
1491 — Қазақтар екі үлкен ұрыста моғолдарды жеңді.
1510 — Қасым сұлтан қысқы соғыста Шәйбани ханды біржола талқандап, ұлыс шегінен асыра қуды. Түркстан уәлаятына қарасты қалалардың көпшілігі Қазақ Ордасының құрамына енді.
1511—1520 — Қасым хан билік құрды. Ежелгі Көк Орда жерінің басым бөлігі және Жетісу Қазақ Ордасының иелігіне айналды, халықтың саны бір миллионнан асып, әскер саны үш жүз мыңға жетті.
1511 шамасы — Қасым хан Қазақ Ордасының «Қасқа Жол» аталатын ең алғашқы заң жүйесін қабылдады.
1512 — Қасым хан Сайрам қамалын алды, Ташкентке жорық жасады.
1521—1522 — Момыш хан билік құрды.
1523—1533 — Тайыр хан билік құрды.
1525 шамасы — Екі жүз жылдық ойрат-қазақ соғысы басталды.
1533—1537 — Тоғым хан билік құрды.
1537 шілде 27 — Сан-Таштағы төрт халықтың соғысында қазақ-қырғыз әскері түгелімен қырылды, Тоғым хан тоғыз ұлы және әскербасы отыз жеті сұлтанмен бірге шәйіт болды.
1537—1559 — Бұйдаш хан билік құрды. Орда оңалды. Ойратпен арадағы соғыс созылмалы, қатаң сыпат алды.
1556 — Бұйдаш хан Ноғай Ордасының шығыс бөлегін Қазақ Ордасына қосып алды.
1558 — Қазақ Ордасы Бұқар хандығын тықсыра бастады.
1559 — Бұйдаш хан шәйіт болды.
1560—1580 — Хақ-Назар хан билік құрды. Қазақ Ордасы ежелгі қуатын қалпына келтірді.
1569 — Хақ-Назар хан Ноғай Ордасын қиратып жеңді.
1570 — Қазақ Ордасы Ойраттардың бір бөлігін бодандыққа түсірді.
1579 — Хақ-Назар хан Түркстан мен Сауранды, Оңтүстік өңірдегі тағы біраз қонысты қайтарып алды.
1580 сәуір 23 — Хақ-Назар хан шәйіт болды.
1580—1582 — Шығай хан билік құрды.
1582 маусым — Тәуекел сұлтан Түркстан түбінде Ташкент уәлаятының әміршісі Баба сұлтанды талқандады.
1583—1598 — Тәуекел хан билік құрды. Қазақ Ордасы өзінің әскери, саяси қуатының шарықтау шегіне жетті.
1586 — Тауекел ханның Мәуреннахрға қарсы алғашқы шапқыны.
1594—1595 — Тәуекел хан Русияға елші аттандырды; жауап елшілік.
1598 ақпан. Тәуекел хан Ташкент түбінде Абдолла ханның негізгі күштерін талқандады.
1598 жаз — Тәуекел ханның Орта Азияға] жеңісті жорығы.
1598 күз — Тәуекел хан шәйіт болды.
1598—1643 — Еңсегей бойлы Ер Есім хан билік құрды. Қазақ тарихының қаһармандық кезеңі.
1598 күз — Бұқар-Қазақ бітімі нәтижесінде бүкіл Оңтүстік Қазақстан және Ташкент уәлаяты Қазақ Ордасының құрамына қайта қосылды.
1599 шамасы — Есім хан «Ескі жол» аталатын жаңа заң жүйесін орнықтырды. Қазақ Ордасының астанасын Түркістанға көшірді.
1603 — Екінші қазақ-бұқар соғысы басталды. Айғыр-жар ұрысында қазақтар жеңіске жетті.
1604 — Есім хан ойраттарды күйретіп жеңді.
1613 — Есім хан Самарқан түбінде бұқар-ауған әскерін талқандады.
1619—1624 — Есім хан Шығыс Түркістан үшін күрес жүргізді.
1620 — Есім хан ойраттарды кезекті жеңіліске ұшыратты.
1624 — Есім хан Ферғанадағы майданда жеңіске жетіп, Екінші қазақ-бұқар соғысын аяқтады.
1627 — Есім хан бүкіл алаш жұрты түп көтерілген ұлы жорықта Ойрат Одағын қиратып, босқынға ұшыратты.
1627 — Ташкент уәлаятының әміршісі опасыз Тұрсын хан Қазақ Ордасындағы азамат соғысына жол ашты, Түркістанды шапты.
1627 — Сайрам түбінде Тұрсын хан бастаған екі сан қатаған қазақтар мен Есім хан бастаған үш сан алаш қазақтар арасында қантөгіс ұрыс болды, Есім хан басым түсті, Тұрсын хан әскерінен айрылып, Ташкентке келіп тығылды.
1627 — Есім хан Ташкентті алды, Тұрсын ханның басын шапты, қатаған руы жазаға тартылып, қырылганнан қалғаны басқа рулар ішіне таратылды. Есім хан жазылмас дертке ұшырады.
1635, жаз — Жәңгір сұлтан торғауыт Хо-өрлік тайшының ұлысын шапты, Жемнен өткеріп, батысқа қарай тықсырды.
1643 — Есім хан дүние салды.
1643—1652 — Салқам Жәңгір хан билік құрды.
1643 желтоқсан — Қоңтажы Батұр ойраттар, халхалар, торғауыттар — бүкіл моңғол жұртынан құралған қалың әскермен Қазақ Ордасы құрамындағы қырғыз жеріне басып кірді.
1644 қаңтар—мамыр — Кең көлемді қазақ-моңғол соғысы.
1644 маусым, шілде — Салқам Жәңгір хан екі үлкен ұрыста біріккен ойрат-халха әскерін қиратып жеңді, соңғы шайқаста қазақ әскеріндегі жаңа шерік-мылтықпен қаруланған алты жүз мерген айрықша көзге түсті.
1644 күз — Салқам Жәңгір хан Ұлы Моғол империясы мен Бұқар хандығы араласындыға соғысқа араласты, Ауғанстандағы майданға жүз мың әскер жіберді; қазақ аламандары Балық қаласының түбіндегі елу күн бойғы қырғын шайқастан соң соғысты өзбек-бұқар хандығының пайдасына шешіп берді.
1652 қантар—ақпан — Хошауыттар қырғыз жеріне тұтқиыл шабуыл жасады. Салқам Жәңгір хан шәйт болды.
1676—1680 — Қазақтар Бұқар хандығындағы тақ таласына араласты.
1680—1715 — әз-Тәуке хан билік құрды.
1681—1684 — Сайрам соғысы; Дұрбін-Ойрат Қазақ Ордасын ауыр жеңіліске ұшыратты.
1690 шамасы — әз-Тәуке хан Қасым ханның «Қасқа жол», Есім ханның «Ескі жол» заң үлгілерін жаңғыртып, «Жеті жарғы» аталатын жаңа заң жүйесін еңгізді. Төрелерді іркіп, ел басқару ісін билерге жүктеді.
1698 — Дүрбін-Ойрат Шу, Талас бойына басып кіріп, Қазақ Ордасын шайқалтып кетті.
1710—1711 — Ойраттардың жаңа жорығы.
1712 — Қазақтардың ойрат шапқыншылығын тоқтату әрекеті.
1713 — Абылай хан туды.
1714 — Қазақ Ордасының Дүрбін-Ойраттан кезекті ауыр жеңілісі.
1715 — әз-Тәуке хан дүние салды.
1715—1718 — Қайып хан билік құрды.
1717 жаз — Қайып хан мен Әбілқайыр сұлтан бастаған Қазақ әскері Аягөз ұрысында ойраттардан қирап жеңілді.
1718 — Ойраттар қазақ жасақтарын Арыс, Бөген, Шаян озендерінің бойында бет қаратпай жеңіп, бүкіл Оңтүстікті шапқындап кетті.
1718—1729 — Болат хан билік құрды.
1723—1725 — Ойраттардан түбегейлі жеңіліс, Түркістан, Сауран, Ташкенттен, бүкіл оңтүстіктен айрылу, Ақтабан шұбырынды.
1728 — Буланты ұрысы, ойраттар Сары-Арқадан кері қайрылды.
1730 — Аңырақай ұрысы, ойрат шабуылы тойтарылды, қазақтар ес жинай бастады.
1730 — Қазақ Ордасы дербес ұлыстарға бөлінді; ру, жүз ішінде билердің өкімі күшейді.
1731 — Кіші жүздің бір бөлігі мен Орта жүздің біраз руларын билеп отырған Әбілқайыр хан Ресей өкіметімен бодандық негізіндегі әскери және саяси қамқорлық туралы келіссөзге жол ашты.
1733 — Әбілмәмбет хан бастаған қазақ әскері ойраттарды ауыр жеңіліске ұшыратты; жиырма жасар Абылай сұлтан атаққа шықты.
1740 қыркүйек—желтоқсан — Ойраттардың Сары-Арқаға жорығы.
1741 қаңтар—наурыз — Ойраттардың кезекті жорығы қысқа соғысқа ұласып, одан ары жазға жетті.
1741 көктем, жаз — Абылай хан ойрат шабуылын тойтарды, өрісін ұзартып, Жоңғардің ішкі аймақтарына жортуылдар ұйымдастырды.
1752 қазан — Екі жүз жылдық ойрат-қазақ соғысындағы бетбұрыс кезең: Абылай хан Аягөз-Нарын ұрысында ойраттардың негізгі күшін талқандады.
1753 — Қабанбай, Жанатай, Мүйізді өтеген, Ер-Жәнібек, Бөгенбай батырлар бастаған қазақ қосындарының Жоңғарға қарсы түйдек-түйдек, жеңісті жорықтары.
1754 күз — Абылай хан Дұрбін-Ойратты біржола талқандап, Екі жүз жылдық соғыста түпкілікті жеңіске жетті.
1755 көктем — Абылай ханның Жоңғарды жуасыту жорығы.
1756—1757 — Шүршіт-қазақ соғысы —
1756 — Абылай хан Қалмақ-Толағай, Аягөз ұрыстарында шүршіт-цин әскерлеріне ауыр соққылар беріп, жазғы майданда, тактикалық және стратегиялық үлкен жеңіске жетті.
1757 — Цин патшалығының Қазақ Ордасына қарсы жаңа жорығы; ауыр шығынға ұшыраған Абылай хан әскердің негізгі күштерін сақтай отырып, кері шегінді.
1757 мамыр 15 — Абылай ханның сенімді өкілі Әбілпейіз сұлтан мен мәнжү-цин қолбасшысы Фу Дэ арасындағы ауқытша бітім туралы Айдын-Су мәмлесі.
1757 маусым 7 — Цин патшалығы өкілдері мен Абылай хан арасындағы Аягөз бітімі.
1757 қыркүйек—қазан — Абылай хан Бейжінге елшілік аттандырды. Тәуелсіз сыйластық туралы келісім.
1760 соң — Қазақтар бейбіт жолмен ата жүрт Шығыс Түркістанға қайтадан қоныстана бастады.
1765 қазан—қараша. Абылай ханның қырғызға қарсы жеңісті жорығы.
1766—1768 — Абылай хан Қоқан хандығына қарсы соғыс ашты, Ташкентті бағындырды.
1770 — Абылай хан Қырғыз ұлысын талқандап, қазақ-қырғыз шекарасын айқындады.
1771 — Абылай хан «Шаңды жорық» соғысында торғауыт қалмақтарды біржола тоздырды.
1771 — Абылай хан Түркістанда бүкіл Қазақ Ордасының ханы ретінде ақ киізге көтерілді.
1781 мамырдың басы — Абылай хан дүниеден көшті.
1781 соң — Батыс және Орталық Қазақстанда Ресей ықпалы күшейе түсті, біртұтас Қазақ Ордасы жеке ұлыстарға бөлшектенді. Ресей патшалығы Орталық және Батыс Қазақстанды біржола отарлау ісін жүзеге асыра бастады.
1801 — Бөкей хан Ресей патшалығымен бейбіт келіссөздер жүргізу арқылы Еділ мен Жайық арасындағы ата жұртты қайтарып алды, бұл өңірде Бөкей Ордасы құрылды.
1801—1822 — Оңтүстік Қазақстан Қоқан хандығының теліміне түсті.
1822 — Ресей патшасының жарлығымен Орта жүзде хандық билік жойылды деп жарияланды.
1835 — Абылай ханның шөбересі, болашақ ұлы ғалым Шоқан тұды.(1865 ж. өлді)
1838—1847 — Абылай ханның немересі Кенесары ханның Қазақ Ордасын сақтап қалу жолындағы күресі.
1841 — Кенесары үш алаштың ханы ретінде ақ киізге көтерілді.
1845 — Қазақ халқының ұлы ақыны Абай туды. (1904 ж. дүниеден озды)
1847 — Кенесары хан шәйіт болды. Қазақ Ордасы құлады. Қазақ тарихындағы жүз қырық төрт жылға созылған отарлық заман басталды.

Реферат. Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
Реферат. Шығыс Қазақстанның қола дәуірі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу