Реферат. Шығыс Қазақстанның қола дәуірі

Oinet.kz 05-09-2020 936

Шығыс Қазақстанның кола дәуірі ескерткіштері төрт кезеңге белінеді.

Олар:

Усть-Бөкен кезеңі (біздің заманымызға дейін XVIII—XVI ғасырлада)

Қанай кезеңі (біздің заманымызға дейін XV—XIII ғасырлада)

Кіші-Красноярка кезеңі (біздің заманымызға дейін XIII—IX ғасырлада)

Трушниково кезеңі (біздің заманымызға дейін IX—VIII ғасырлада)

Қоныстары

Қола ыдыс

Қола дәуіріндегі құрал-саймандар

Усть-Нарым селосы жанындағы қоныс Ертіс өзенінің жағасында. Екі үйдің орны қазылып, зерттелді. Үй жердің бетіне салынған. Көлбеу екі қатар сырғауылдардан шатырша етіп үйдің ағаш қабырғасын тұрғызған. Содан соң оның үстіне қамыс, аң терілерін жапқан. Үйдің ортасында тас ошақ болған. Ал осы қоныста зерттелген тағы бір үйдің көлемі үлкен, ұзындығы 11 метр де, ені — 8 метр. Алдыңғы үйдегідей көлбеу бағаналардың ізі жоқ, үй жер бетіне ағаштан қималанып салынған. Тамақ істейтін, үйді жылытатын ошақ үйдің солтүстік бөлігінде орналасқан. Үйдің сыртында аулада тағы бір ошақ болған. Ол ашық жерде орналасқан, оныңи үстінде жай жаппа сияқты қалқа болған болуы керек. Адамдар бұл ошақты жазда пайдаланған.

Бұл екі үйдің орнынан, күлтөкпелерінен мынадай заттар табылған: сүйек немесе мүйіз заттар — пышақ, біз, тері жұмсартқыш қалақша, жылқының тобығынан жасалған адамға ұқсас бейне, асықтар, т. б. Пышақ малдың жілігінің жарықшағынан жасалса, біз кәріжіліктің қасындағы сүйектен, тері жұмсартқыш ұсқы өгіздің жақ сүйегінен жасалған. Жылқының тобығынан жасалған бейне адамның пошымына келеді. Тастан жасалған заттар: тас келсап, кетпен, дәнүккіш қалып, кең үгітетін балға, жұмыртқа пішімді зат, қайрақ, ұршықтың басы, атқыш тас, тас құты, т. б. заттар. Балшықтан жасалған заттар, әр түрлі ыдыстардың сынақтары. Металл заттардан тек бір қола орақтың сынығы табылды.

Шығыс Қазақстанда зерттелген, сондай-ақ Кіші Красноярка, Трушниково қоныстарындағы, жерлеу орындарынан табылған, қоладан жасалған, тарихи-мәдени құнды заттар: қанжар, білезік, шот, қайла, жебелер, шоқпардың бес емшекті басы (тас), найза ұшы, орақ, балта-шоттар, пышақтар.

Қола дәуірінің соңына қарай тайпалар арасында алыс-беріс күшті дамиды. Шығыс Қазақстандықтар бұл кезде, әсіресе бір жағынан Жетісуды, екінші жағынан Солтүстік Қазақстанды мекендеген тайпалармен тығыз араласқан. Бұл олардың арасында қола, алтын, геометриялық өрнекпен өрнектелген қыш ыдыстар, мал түліктерімен ауыс-түйісінен, айырбасынан көрінеді.

Қола дәуірінде Шығыс Қазақстан жерінде таукен өнеркәсібі және металлургия жақсы дамыды.


Пайдаланылған әдебиет

↑ Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006. — 232 бет, суретті. ISBN 9965-33-633-4

Реферат. Қазақ хандығының жылнамасы
​Баяндама. Түркі қағанаты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу